bs-preloader__icon
ru kz

Шаш, дауыс және өзге ғаламшарлықтардың ұрлауы – ресейліктер нені және неден сақтандырғылары келеді

Сарапшылар 2021 жылға «Яндекс» сұратуларын талдап шықты және ресейліктерді қандай өзгеше сақтандырулар қызықтырғанын анықтады, деп жазады АСН.
Шаш, дауыс және өзге ғаламшарлықтардың ұрлауы – ресейліктер нені және неден сақтандырғылары келеді

Сонымен, өткен жылы кейбір қолданушыларды шашты сақтандыру қызықтырған. Бұған қоса, бұл қызметке қызығушылық дәл көктемде өскен. Мұндай сұратулардың көлемі наурызда ақпанмен салыстырғанда 58%-ға ұлғайған.  

Адамдардың көбісіне жеке дене мүшелерін сақтандыру құны қызықты болды. 2021 жылы «мұрынды сақтандыруға» - 600-ден аса, «саусақты сақтандыруға» - 1000-нан аса, «аяқты сақтандыруға» - 6000-нан аса сұрату болған. Өткен жылдың басында қолданушылар жиі «Яндекстен» кеудені сақтандыру туралы сұраған, сонымен қатар, кейбір жұлдыздардың бөксесін сақтандыру құны қызықтырған. Дауысты сақтандыру туралы ақпаратты шамамен 700 рет іздеген.

Бұдан бөлек, ресейліктер өздерін кейбір өзгеше оқиғалардан қауіпсіздендіруді қалаған. Мысалы, шамамен 350 рет адамдар өзге ғаламшарлықтардан сақтандыру туралы сұраған, ал 200-ге жуық сұрату дәл осы жерден тыс өркениеттердің ұрлауынан қорғаумен байланысты болған. Ырымшыл қолданушылар екі есе көп болып шықты. 700 реттен аса олар көз тиюден сақтандыруға қызығушылық танытқан.

Дереккөзі: https://www.asn-news.ru/news/79252

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда банктік депозиттердің баламасы пайда болды
Қазақстанда банктік депозиттердің баламасы пайда болды

Инвестициялаудың жаңа мүмкіндіктері туралы Н...

Қалай ұзағырақ өмір сүруге болады
Қалай ұзағырақ өмір сүруге болады

Бүгінгі күні дамыған елдерде адамдардың көбін...

Индияда өмірді сақтандыру
Индияда өмірді сақтандыру

Индияда сақтандыру терең тарихи тамыр жайған. ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру