Есепте сақтандыру секторының жүйелік маңыздылығы артқаны — әсіресе Америка мен Азия өңірлерінде — кең қаржы жүйесімен өзара байланыстардың күшеюімен түсіндірілетіні айтылған. Ликвидтілік тәуекелдері де айқынырақ байқалуда: компаниялар қысқа мерзімді қарыздарға жиі жүгінеді, клиенттердің жаппай бас тарту тәуекелі (policy surrenders) жоғары, деривативтер бойынша маржин талаптары күшейген. Сонымен қатар активтерді басқару мен олардың құнын бағалау да күрделене түсті, себебі нарықтағы ашықтық деңгейі төмен.
Бұл сын-тегеуріндерге жауап беру үшін есеп авторлары келесі шараларды ұсынады: қадағалау шеңберлерін және ақпаратты ашу талаптарын күшейту; концентрация және ликвидтілік тәуекелдерін азайтуға бағытталған пруденциялық нормаларды енгізу; халықаралық стандарттарды үйлестіру; сондай-ақ жүйелер арасындағы тәуекелдер мен қаржылық байланыстарды бақылау үшін макропруденциялық тәсілді белсендірек қолдану.
Авторлар сала жаңа жағдайларға бейімделіп келе жатқанына қарамастан, оның күрделенуі және қаржы жүйесімен байланысының тереңдеуі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында реттеушілердің тұрақты назарын талап ететінін атап өтеді.
Дереккөз: https://www.bis.org/publ/bppdf/bispap161.htm
Фотосурет ашық дереккөздерден алынған.


