bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстандықтар болашақ зейнетақысын қалай көбейте алады

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне кезең-кезеңімен көшуі жағдайында болашақ зейнетақының мөлшері тікелей зейнетақы жинақтарының көлеміне байланысты болады. Сондықтан азаматтардың өз жинақтарын қалыптастыруға белсенді қатысуы маңызды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшыларға болашақ зейнетақысының мөлшеріне ықпал етуге мүмкіндік беретін бірнеше негізгі құралды еске салады.
Қазақстандықтар болашақ зейнетақысын қалай көбейте алады

Ең алдымен, мамандар міндетті зейнетақы жарналарының толық әрі уақытылы аударылуын тұрақты түрде бақылауды ұсынады. Мұны тәуліктің кез келген уақытында БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы жеке кабинет немесе қордың мобильді қосымшасы арқылы жасауға болады. Бұл сервистер тәулік бойы, аптасына жеті күн (24/7) жұмыс істейді.

Екінші маңызды қадам – инвестициялық басқарудың тиімділігін арттыру. Салымшылар міндетті зейнетақы жинақтарының 50%-ына дейінгі бөлігін және ерікті зейнетақы жинақтарының 100%-ын өз таңдауы бойынша инвестициялық портфельді басқарушы компанияның (ИПБ) басқаруына бере алады. Сондай-ақ БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы тәуекел деңгейін, күтілетін кірістілікті және инвестициялау мерзімін ескере отырып, өзіне қолайлы инвестициялық стратегияны таңдауға мүмкіндік бар.

Қорда ерікті зейнетақы жарналарына (ЕЗЖ) ерекше көңіл бөлінеді. Оларды тек өз шотыңызға ғана емес, жақын туыстарыңыздың, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларыңыздың пайдасына да аударуға болады. Алғашқы жарна түскен кезде БЖЗҚ ЕЗЖ үшін шотты автоматты түрде ашады. Сонымен қатар жұмыс берушілер де бұл мүмкіндікті әлеуметтік пакет құрамына енгізіп, өз қызметкерлерінің пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын аудара алады.

Ерікті жарналар үшін заңнамада салықтық жеңілдіктер көзделген. Жұмыс беруші қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ қызметкердің табысы болып саналмайды, сондықтан олардан жеке табыс салығы ұсталмайды. Ал жұмыс берушінің осы мақсаттағы шығындары салықтық шегерімдерге жатқызылады. Бұдан бөлек, салымшылар ЕЗЖ есебінен қалыптасқан жинақтарынан төлемдерді жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткенге дейін, яғни 50 жастан бастап ала алады.

Сондай-ақ БЖЗҚ болашақ зейнетақыны болжау және жоспарлау қызметтерін ұсынады. Қордың ресми сайтында және мобильді қосымшасында қолжетімді зейнетақы калькуляторы мен жеке зейнетақы жоспары болашақ төлемдердің болжамды мөлшерін есептеуге және қажет болған жағдайда жинақтау стратегиясын түзетуге мүмкіндік береді.

БЖЗҚ атап өткендей, зейнетақы – ұзақ мерзімді қаржылық құрал. Оның тиімділігі ең алдымен салымшының өз белсенділігіне байланысты. Жинақтауды және инвестициялауды неғұрлым ертерек бастасаңыз, болашақтағы жинақтаушы зейнетақының көлемі соғұрлым жоғары болады. Сондықтан қазақстандықтарға зейнетақы шоттарының жай-күйіне қазірден бастап назар аударып, болашақ төлемдерін арттыруға мүмкіндік беретін барлық құралдарды пайдалануға кеңес беріледі.

Фото ашық дереккөздерден.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда некеге тұру сирек болды
Қазақстанда некеге тұру сирек болды

2023 жылы АХАТ органдары Қазақстан Республикасы...

Өмірді сақтандыру түрлері
Өмірді сақтандыру түрлері

Өмірді сақтандыру әдетте табиғи себептер мен ...

Өмірді сақтандырудың халықаралық нарығында не болып жатыр
Өмірді сақтандырудың халықаралық нарығында не болып жатыр

Демографиялық өзгерістер өмірді сақтандыру с...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру