bs-preloader__icon
ru kz

Өткен жылы АҚШ-тың өмірді сақтандыру компаниялары клиенттерге рекордтық 100 млрд доллар төледі

Америкалық өмірді сақтандырушылар өткен жылы өздерінің клиенттеріне рекордтық 100 млрд доллар төледі, деп хабарлайды CNN Америкалық сақтандырушылар кеңесіне (ACLI) сілтемемен.
Өткен жылы АҚШ-тың өмірді сақтандыру компаниялары клиенттерге рекордтық 100 млрд доллар төледі

Бұл көрсеткіш 2020 жылға қарағанда 11%-ға көбірек. Төлемдердің рекордтық ұлғаюы ішінара Covid-19-бен байланысты болуы мүмкін. «Екінші жыл қатарынан өмірді сақтандыру бойынша төлемдер екі таңбалы өсімді көрсетіп отыр», - деді ACLI-дің вице-президенті Эндрю Мельник.

Алайда, төлемдер ғана емес, сонымен қатар сыйлықақылар да өсуде. Мысалы, өткен жылы 46 млн өмірді сақтандыру полистері сатылған. Бұл шарттар бойынша өтелімнің жалпы сомасы 3,3 трлн долларды құрады. ACLI деректеріне сәйкес, өткен жылы сатып алынған жаңа жеке полистің орташа мөлшері 189 830 долларды құрады.

Дереккөзі:  https://edition.cnn.com/2022/11/28/success/life-insurance-payouts/index.html

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді жинақтаушы сақтандыру полистері қандай табыстылықты әкеледі
Өмірді жинақтаушы сақтандыру полистері қандай табыстылықты әкеледі

Қазақстандықтардың көбісі өмірді сақтандыру ...

Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпияларымен бөлісті
Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпияларымен бөлісті

Адамдардың көбісі ұзақ және бақытты өмір сүрг...

Күніне қанша су ішу керек
Күніне қанша су ішу керек

Су ішудің барлығына бірдей күнделікті нормасы...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру