bs-preloader__icon
ru kz en

АҚШ «шабуылшының атысынан» қорғану бойынша сақтандыруға сұраныс артуда

Мұндай сақтандыру бойынша әрбір зардап шегушіге алынған жарақатының ауырлығына байланысты $250 мың долларға дейінгі төлем беру қарастырылған. Сонымен қатар полис суық қару мен жарылғыш құрылғыларды пайдалану жағдайларын қамтиды.
АҚШ «шабуылшының атысынан» қорғану бойынша сақтандыруға сұраныс артуда

Американдық мектептер оқушылар үшін  «шабуылшының атысынан» сақтандыруды жиі ала бастады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды деп ақпараттандыруда news.eizvestia.com.

Бұл АҚШ оқу орындарындағы атыс жағдайының жиілеуіне байланысты.

«Соңғы айда маған Флорида штатының жеті округындағы мектептердің өкілдері хабарласты, олар жалпы сомасы $3 млн доллар болатын сақтандыру полисерін алды», — деп хабарлады агенттікке McGowan сақтандыру компаниясының қызметкері  Пол Маршалл.

Сақтандыру компаниясының қызметкерінің пікірі бойынша төленетін өтемақы мөлшерінің көптігі көрсетілетін медициналық қызметтерге жұмсалатын қаражаттың қомақты екендігіне байланысты. Мысал ретінде Маршалл Энтони Борджестің жағдайын келтірді, ол осы жылдың ақпан айында Паркленд штатында болған атыс салдарынан жараланған (Флорида штаты). Өткен айда жасөспірімге сегіз ота жасалды, ал алатын емінің жалпы құнының $1 млн болуы ықтимал.

Зардап шегушінің әкесі GoFundMe сайтында қайырымдылардан көмек сұрап, хбарлама жариялады. Қазіргі таңда ұлының еміне жинақталған қаражат $742 мың.

Агенттік атап өткендей, қарулы қақтығыстан қорғайтын сақтандыру полистінің құны әр оқушы басына жылына $1 мың. астам. Агенттігінің болжамы бойынша, АҚШ мектептерінде атыстың орын алу оқиғасының жиілеуіне байланысты  «шабуылшының атысынан» сақтандыруға сұраныс ұлғаятын болады.

Ақпарат көзі: news.eizvestia.com/news_abroad/full/2103-novosti-mira-v-ssha-vyros-spros-na-straxovku-ot-napadeniya-strelka

Фото upstudy.ru сайтынан алынды.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
UL полистерінің кірістілігін ұлғайту бойынша бірнеше кеңестер
UL полистерінің кірістілігін ұлғайту бойынша бірнеше кеңестер

UL жоспарларының иеленушілері меншікті жоспар...

Сақтандыру нарығын реттеуде не өзгереді
Сақтандыру нарығын реттеуде не өзгереді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру