bs-preloader__icon
ru kz

Қытайдағы қарт адамдарды сақтандырудың цифрлық шешімі

HiNounou Intelligent Robot (Shanghai) Company Ltd Қытайдың қарт адамдарына арналған және AXA Partners China және PingAn Insurance бірге әзірленген қызмет ретінде сақтандыру платформасын жасады. Онлайн-платформа жасанды интеллект технологиясын (AI), блокчейн (blockchain) және Интернет заттарын (IoT) қолданады.
Қытайдағы қарт адамдарды сақтандырудың цифрлық шешімі

HiNounou мәліметтері бойынша Қытайда шамамен 200 миллион қарт адам бар, олардың көбісінде сақтандыру полисі жоқ.  Сондай-ақ УкрСтрахование Интернет ресурсы Қытайда өмірдің ұзақтығы орташа есеппен алғанда 75 жылды құрайтындығын анықтады, бұл ретте денсаулық жасы 68 жаспен шектеледі. Осылайша, қытайлықтар орташа есеппен алғанда, 7 жыл бойы өз ауруларын емдейді екен.

HiNounou платформасы PingAn-пен бірге қарт адамдарға жазатайым оқиғадан және өлімнен сақтандыруды ұсынады. AXA Partners China арқылы AXA тәулік бойы жедел кеңес беру желісін қамтамасыз етеді. Болашақта компаниялар Сингапур және Гонконг нарығына өз қызметтерін кеңейтуді жоспарлайды.

HiNounou ортақ құрылтайшысы Чарльз Барк: «HiNounou қарт адамдарға және олардың отбасыларына жан тыныштығын қамтамасыз ететін денсаулық сақтаудың кешенді шешімін ұсынады. Сақтандыру бойынша екі әлемдік көшбасшысы AXA Partners China және PingAn бірлескен серіктестікте біз қарт адамдарға арналған медициналық қызметтерге және сақтандыруға қол жеткізуді қамтамасыз ете аламыз», – деп түсіндіріп берді.

Дереккөзі: https://www.ukrstrahovanie.com.ua/news/hinounou-tsifrovoe-reshenie-strahovaniya-pozhilyih-lyudey-v-kitae

Фотосурет tuiris.com,anntw.com сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ДДСҰ: жыл сайын шылым шегудің зиянды әсерінен 6 млн адам қайтыс болады
ДДСҰ: жыл сайын шылым шегудің зиянды әсерінен 6 млн адам қайтыс болады

1 наурыз күні Бүкіләлемдік иммунитет күні атал...

Неліктен ата-аналар өмірді сақтандыру полистерін сатып алуы керек
Неліктен ата-аналар өмірді сақтандыру полистерін сатып алуы керек

Өмірді сақтандыру полистері барлық отбасы мүш...

Қазақстанда 8 наурыз қарсаңында бағалар бір жыл ішінде қалай өзгерді
Қазақстанда 8 наурыз қарсаңында бағалар бір жыл ішінде қалай өзгерді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әйелдерг...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру