bs-preloader__icon
ru kz en

Сингапурдың және Central Provident Fund-тың әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі

Еуропада, АҚШ-та және көптеген басқа елдерде әлеуметтік сақтандырумен үкімет айналысады, ал оны салық төлеушілер төлейді. «Сингапурдық кереметтіліктің» авторы Ли Куан Ю «Справедливое общество, а не государство всеобщего благоденствия» атты мақаласында ол өзінің пікірлес әріптестерімен бірге едәуір тиімді схеманы қалай іске асырғандығын баяндап берді.
Сингапурдың және Central Provident Fund-тың әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі

Ли Куан Ю: «Ұлыбританияда және Швецияда әлеуметтік қамтамасыз етудің ұдайы өсіп келе жатқан құның бақылай келе, біз мұндай тәжірибеден бас тарттық. Үкімет отбасының басшысы қызметін орындау үшін жауапкершілікті өзіне жүктеп алғанда, адамдар босаңсып қалатындығын байқадық. Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі адамдарда өмірде өзіне ғана сену керектігін түсінікті бұзады екен. Оларға енді өз отбасының қамы үшін жұмыс істеудің қажеті болмады, мемлекеттен түсетін ақшаға өмір сүруді әдетке айналдырды. Адамдардың еңбекке деген уәждемесі бәсеңдеген сайын, еңбек өнімділігі төмендеген сайын, бұл төмен түсетін бұралым таусылмайтын өмір салтына айналады. Адамдар табысқа жетудің ұмтылысын жоғалтады, өйткені олар өте көп салық төлейді. Екінші жақтан олар өзінің негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мемлекетке тәуелді болады».

Сонымен қатар кез келген елде адамдар бір мезеттік қажеттіліктерді артық көріп, жастайынан кәрілікті ойламайды. Кәрілікке ақша жинауды күштеп мәжбүрлеуге болады. Мұндай күштеу үшін жинақтаушы зейнетақы жүйелері ойлап табылған. Тек олардың тиімділігі елдерде әр түрлі.

Ли Куан Ю әрбір ұрпақ өзі үшін төлеп, әрбір қызметкер тұрақты түрде ақшаны жеке қорға жинап отырған, оның үстіне тек қана өзінің болашақ зейнетақысына ғана емес, сонымен қатар өзінің, өз балаларының да біліміне, медициналық қамсыздандырылуына, отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге ақшаны жинағаны өте әділ және дұрыс деп есептеген. Сингапурда Central Provident Fund (CPF) қорын пайдалана отырып, барлық азаматтарды бұған мәжбүрледі.

Бұл керемет құрылым әл-ауқат, құрылыс және медицина салаларында жоғары деңгейге қол жеткізуде үлкен рөл атқарды. Сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік қамтамасыз етуге жұмсалған шығындарын төменгі деңгейде ұстап тұруға, сонымен қатар жинақтардың және инвестициялардың жоғары деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік берді.

Сингапурдағы жалпы жинақтар 1971-1980 жж. 27,2% ЖІӨ, 1981-1985 жж. — 40,3, 1986-1990 жж. – 39,9, 1991-2000 жж. – 47,7, 2001-2012 жж. – 43,1% ЖІӨ құрады [2]. Бұл ретте жеке жинақтардың үлесі 75%-ға жетті.

Central Provident Fund қорымен жақынырақ танысайық. Әдебиетте қордың түрлі атаулары кездеседі: Әлеуметтік қамтамасыз етудің орталық қоры, Орталық жинақтаушы қоры, Орталық резервтік қор, Орталық жинақ қоры, Орталық сақтандыру қоры. Бұл атаулардың барлығы CPF қатысты.

Сингапурдың барлық жұмыс істейтін азаматтары (тек қана азаматтар) және олардың жұмыс берушілері қызметкердің үш жеке шоттарына бөлінетін CPF-ке міндетті тіркелген ай сайынғы жарналарды жасайды:

  • қарапайым (ordinary account) — үйді сатып алу, ипотеканы төлеу үшін, сақтандыру – отбасыны қорғау, білім беру заемы, инвестициялар;
  • арнайы (special account) — болашақ зейнетақыға жинақтар, инвестициялар;
  • медициналық (medisave account) — медициналық қызметтерге жұмсалатын шығындар, медициналық сақтандыру полисін сатып алу.

Мәжбүрлі жинақтау — CPF-те жеке шоттардың толықтырылуы

Жарналардың мөлшері қызметкердің жасы мен оның жалақысына байланысты болады. Үкімет 55 жасқа дейінгі қызметкердің жалақысынан аударымдарды тіркелген деңгйде (20%) ұстап тұрады, ал 55 жастан бастап 65 жасқа дейін бұл аударымдар төмендетіледі (13%-дан 5%-ға дейін).  Жұмыс берушінің жарналары да қысқартылады, бірақ айтарлықтай деңгейде емес. Жұмыс берушінің аударымдары жұмыспен қамтуды ынталандыру немесе ынталандырмау үшін іскери циклдың сатысына байланысты болып түрленеді. CPF бизнестің шығындары мен артық сатып алушының қабілеттілігін жұтылуы деңгейіне әсер ету арқылы, қызметкерлер мен жұмыс берушінің міндетті жарналарының жиынтық мөлшерлемесі арқылы инфляцияны тұрақтандыру үшін экономиканы контрциклдық реттеу құралына айналды.

CPF-те міндетті жарналардың жиынтық мөлшерлемесі (қызметкер және жұмыс беруші): 1955-1960 жж. – 11%, 1961-1970 – 11%, 1971-1975 – 26%, 1976-1980 – 34%, 1981-1985 – 47%, 1986-1990 – 37%, 1991-2000 – 38%, 2001-2012 годы – 35%.

Шоттар бойынша бөлінуі үкіметпен қатаң қадағаланады, төлеушілер оны өзгерте алмайды. Қызметкердің 55 жасқа дейін қарапайым шоты болады, ал кейін – медициналық шот.

Азамат 55 жасқа толғанда оның атына автоматты түрде зейнетақы шоты (retirement account) ашылады, оған өмір бойғы аннуитетті сатып алу үшін қажетті минималды соманы қалыптастыру үшін қарапайым және арнайы шоттардан жиналған ақшаның бір бөлігі аударылады. Үкімет экономикалық жағдайға сәйкес минималды соманы өзгертеді. Осылайша, 2012 жылы ол 120 мың сонгапурдық долларды құрады (97,5 мың АҚШ доллары), 2014-2015 жж. – 155 мың (126 мың АҚШ доллары) құрады.

Ли Куан Ю: «Жалақы жөніндегі ұлттық кеңес жыл сайын алдыңғы жылдың экономикалық өсуіне негізделе отырып, жалақыны көтерген. Мен жұмысшылар жоғары «таза» жалақыға үйреніп кеткенде ғана, олар емін-еркін жұмсай алатын ақша сомасын қысқартатын CPF-ке жарналардың кез келген өсуіне қарсы болатындығын білгенмін. Сондықтан жыл сайын десек те болады, мен CPF-ке аударымдардың деңгейін көтеріп, бірақ сондай-ақ жұмысшылар үйіне алып баратын ақшаның сомасын да өсіргенмін. Бұл жұмысшылар үшін ауыр тимеді және инфляцияны қадағалауға мүмкіндік берді. Жалақыны осылай көтеру экономика жыл сайын қарқынды дамығандықтан мүмкін болды».

Жеке шоттарда жинақталатын қаржыны пайдалану

CPF мүшесі (қатысушысы) 55 жасқа дейін пассив болып қалуы мүмкін және қарапайым банктен алғандай, кепілдендірілген табысты ала алады. CPF-те пайыздарды есептеу схемасы күрделірек, бастапқы сомаға, әрбір шотта минималды қажетті сомаға, мерзімге және т.б.  байланысты ерекшеліктер бар, бірақ шектеулер мынадай: арнайы және медициналық шоттағы қаржыға үкімет 4%-дан төмен емес табыстылықты, қарапайым шотта –  2,5%-дан кем емес.  55 жасқа толған кезде азамат өзінің жинақтаушы шоттарынан минималды соманы ғана қалдырып, бүкіл ақшасын ала алады және оны өз қалауынша жұмсай алады. Минималды қалдық соманы ол лицензияланған сақтандыру компаниясында өмір бойғы рентаны сатып алу үшін пайдалана алады, немесе оны лицензияланған банкте орналастырып, немесе CPF-тің шотында қалдыра алады.

Сингапурда адамдар орташа есеппен 82-83 жасқа дейін өмір сүреді. Зейнетке 62-65 жаста шығады, өмірдің ақырғы мерзіміне дейін қамсыздандыру мерзімі орташа есеппен алғанда 23 жылды құрайды. 62 жастан бастап (зейнеткерлік жас) зейнеткердің базалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін минималды қалдық сомадан ай сайынғы төлемдер жүзеге асырылады. Егер өмір бойғы рента сатып алынған болса, онда төлемдер өмір бойы жалғасады. Егер минималды қалдық сомасы CPF-те зейнетақы шотында (retirement account) қалса, немесе лицензияланған банкке аударылса, онда зейнеткер ақша таусылмайынша, төлемдерді алатын болады. Зейнеткердің қалауы бойынша ай сайынғы төлемдерді кейінірек бастауға болады, онда ақша көпке жетеді. Мысалы, егер төлемдер 62 жаста емес 63 жастан басталса, онда олар 82 жасқа дейін емес, 84 жасқа дейін жетеді.

Егер CPF қатысушысы елден кететін болса, Сингапурдың азаматтығын тоқтатса, онда оған барлық шоттарда жинақталған ақшаны қайтарады, өйткені ол оның жеке ақшасы.

CPF-ке жарналарға, салымдарға және инвестициялардан пайыздық кірістерге, қордан ақшаны алуға жеке сақтандыру компанияларындағы жарналар мен төлемдерге қарағанда салық салынбайды. Осылайша, мемлекет CPF дамуын ашық ынталандырады. Сондықтан CPF қатысушылары үшін жеке зейнетақы қорлары жоқ.

Адамның өлімінен кейін шоттарда жинақталған қаржы мұрагерлікпен беріледі, өсиетнама бойынша немесе заңға сәйкес туыстар арасында бөлінеді.

Біз CPF-тің пассив қатысушыларын қарастырдық. Ал белсенді азаматтар үшін түрлі қызықты мүмкіндіктер бар.

CPF-тен басқа тағы әлеуметтік сақтандырудың үш баламалы жүйесі бар: «А» және «В» санаттағы мемлекеттік қызметкерлерді міндетті мемлекеттік сақтандыру жүйесі, әскери қызметкерлерді сақтандыру жүйесі (CPF-ке міндетті қатысумен бірге), міндетті әлеуметтік зейнетақы жүйесі (жиналған ақшасы таусылған азаматтарға мұқтаждыққа тексерілгеннен кецін ұсынылады, төлемдер деңгейі кедейліктің деңгейінен төмен белгіленген).  

Сингапурда «А» элиталық санаттағы мемлекеттік қызметкерлер зейнетақы алмайды, өйткені олар күшті ақшалай және әлеуметтік пакетпен қамсыздандырылған: маңызды шешімдерді қабылдау үшін жауапты шенеунік отбасын қалай асыраймын және қартайғанда қалай күн көремін дегенді ойламас үшін жасалған. Жалақысы жоғары мемлекеттік қызметкерлер ең бай сингапурдықтардың 10%-на кіреді. Бірақ, әрине, осындай шенеуніктің қателері үшін, ең басты жемқорлық үшін бағасы да өсетіні анық. Оның ішінде өзі үшін де. Үкімет көнеден қалған мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы төмен болып, олардың қызметі, мәртебесі мен ықпалының өзі жеткілікті деген ойдан арылды.

Ли Куан Ю: «Егер жоғарыда әлсіз адамдар болса, онда бүкіл жүйе құлдырайды. Бұл міндетті түрде болады... Жыл сайын біз бизнесмендер мен түрлі мамандардың төлеген табыс салығының мөлшері туралы мәлімет аламыз. Осы мәліметтерді пацдалана отырып, біз министрлер мен жоғары лауазымды тұлғалардың жалақысын есептейміз. Біз ең жоғары жалақы алатын  адамдардың 10%-ның табысын негізге аламыз, өйткені егер біздің шенеуніктеріміз ең жоғары жалақы алатын адамдардың қатарына кірмесе, онда олар үкіметке не үшін қажет. Жалпы, бізде жалақының 6 санаты бар, біз әрбір санатта орташа көрсеткішті тауып алып, мемлекеттік қызметкерлеріне осы нарықтық мөлшерлеменің 80%-ын төлейміз. Жалақы жыл сайын серпіліспен немесе рецессиямен бірге көтеріледі немесе төмендетіледі».

Дереккөзіhttp://www.ej.ru/?a=note&id=31545

Ли Куан Ю. Сингапурская история: 1965–2000 годы: из третьего мира – в первый. М.: МГИМО-Университет. 2-е изд. 2010. Глава 7. Справедливое общество, а не «государство всеобщего благоденствия». С. 93–106.

Бахтерева К. Сингапур: роль финансовой системы в «экономическом чуде» // Финансы и кредит.№ 13. 2015.С. 2–11.

CPF Investment Scheme – CPF Board. 22.04.2015. – http://www.sofia-trade.com/stati/osnova-finansovoy-sistemy-singapura.html

Фотосурет ITAR-TASS/UIG, ic.pics.livejournal.com сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
АҚШ-тағы ер адам әйелін өлтіріп, төленген сақтандыруды жұмсады
АҚШ-тағы ер адам әйелін өлтіріп, төленген сақтандыруды жұмсады

АҚШ тұрғыны жұбайын өлтіріп, сақтандыру төлем...

Неліктен «көмекшілердің» қызметіне жүгінуге болмайды
Неліктен «көмекшілердің» қызметіне жүгінуге болмайды

Соңғы жылдары сақтандыру нарығында жосықсыз «...

БЖЗҚ болашақ зейнетақыны жоспарлаудың жаңа құралын іске қосады
БЖЗҚ болашақ зейнетақыны жоспарлаудың жаңа құралын іске қосады

БЖЗҚ салымшыға көмектесу үшін болашақ зейнета...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру