bs-preloader__icon
ru kz
✕

Жапондық сақтандырушылар клиенттердің өмір ұзақтылығының ұзаруына байланысты сыйақыны төмендетуде.

Жапондық сақтандырушылар клиенттердің өмір ұзақтылығының ұзаруына байланысты  сыйақыны төмендетуде.

Nippon Life Insurance компаниясы, басқа да жапондық сақтандырушылардың компанияларының қатары сияқты, өмірді сақтандыру бойынша сақтанушы өмірінің анағұрлым ұзақтығының себебінен компания төлемдерінің төмендегендігінен, сыйақы мөлшерінің төмендетілуін хабарлады. 

УкрСақтандыру анықтағандай осы жылдың сәуір айынан бастап келісімшарттар үшін сыйақылар 20% дейін төмендеуі мүмкін. Бұл өзгертілген нарықтық бақылау көрсеткіштері мен ғұмырдың болжалды ұзақтылығымен байланысты.   

Мысалы, 40 жастағы ер адамдардың арасындағы өлімінің коэффициенті 1,48-ден 1,18 дейін төмендеді, осы уақытта осы жастағы әйелдер арасындағы өлім коэффициенті 0,98-ден 0,88 дейін төмендеді. Nippon Life компаниясынан басқа сақтандыру сыйақыларын Sony Life Insurance Co да төмендетеді. 30 жастағы ер адамдар үшін жинақтар 14,6%, осы жастағы әйелдер үшін 3,7% азаятыны күтілуде. Meiji Yasuda Life Insurance компаниясы ұжымдық сақтандыру шарттары бойынша сыйақыны 24% қысқартады.

Сонымен қатар, Гонконгтағы сақтандырушылар сақтанушылар өмірінің жоғары ғұмыр ұзақтылығынан, өздерінің мөлшерлемелерін қайта қарастырады. Аналитиктер өмірді сақтандырудағы сыйақылардың төмендеуі, бір уақытта медициналық сақтандыру бойынша сыйақыларды жоғарылайтындығын атап өтті. 

Дереккөз: https://www.ukrstrahovanie.com.ua/news/yaponskie-strahovshhiki-snizhayut-premii-iz-za-uvelicheniya-prodolzhitelnosti-zhizni-klientov

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
«СберСтрахование жизни» ғарышкерлерді сақтандырды
«СберСтрахование жизни» ғарышкерлерді сақтандырды

"СберСтрахование жизни" 2024 жылғы 23 наурызда өт...

Бөліп сатып алу неге қауіпті
Бөліп сатып алу неге қауіпті

Табысы 400 мың теңгеге дейінгі қазақстандықтар...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру