bs-preloader__icon
ru kz en

Ақжарқын Кныкова: «Актуарий есебінің маңыздылығына асыра баға беру қиын»

Актуарийдің есебіне сақтандырушы компанияның тағдыры да, көптеген клиенттердің жағдайлары да тәуелді. Бүгін LifeInsurance.kz-пен Қазақстандағы ең беделді және белсенді актуарийлердің бірі Ақжарқын Кныкова - «Халық - Life» ӨСК АҚ актураий департаментінің директоры, Қазақстан актуарийлері Қоғамының бұрынғы Басқарма Төрағасы, физика-математика ғылымдарының кандидаты әңгімелесті.
Ақжарқын Кныкова: «Актуарий есебінің маңыздылығына асыра баға беру қиын»
Ақжарқын Кныкова: «Актуарий есебінің маңыздылығына асыра баға беру қиын»

- Ақжарқын Утеуовна, Сіз ұзақ уақыт бойы актуарийлер Қоғамының басшысы болдыңыз, сондай-ақ актуарлық математика курсының оқытушысы болдыңыз. Қазақстанның барлық актуарийлері - Сіздің оқушыларыңыз деуге бола ма?

- Иә, мен 11 жыл бойы Қазақстан актуарийлері Қоғамның басқарма төрағасы және актуарлық есептеулер курсының оқытушысы болдым. Сондықтан, иә, кезінде актуарийлердің басым көпшілігі менен және Қоғамның қалған 15 оқытушысынан тәлім алды. Барлығы бізде актуарийлерді оқытудың міндетті минималды бағдарламасының талаптарына сай келетін 6 курс болды, бұл Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының  №151 қаулысымен бекітілген.

- Қазір сіздің оқушыларыңыз қайда? Сіз олардың қазіргі кездегі жағдайларын, қызметтерін бақылайсыз ба?

- Әрине, біз барлық түлектеріміздің - актуарийлердің, сақтандыру нарығындағы магистранттардың Қазақстанның банктік саласында немесе зейнетақы қоры қызметтері бойынша  жұмысқа орналасуына көмектесуге тырысамыз. Оның үстіне актуарий бізде қазір тапшы және оларға әрдайым сұраныс бар.

- Сіз актуарий қазір тапшы болып тұр дедіңіз. Онда жастар неге осы мамандық бойынша білім алуға бармайды? Болмаса мәселе басқада ма?

- Мәселе оқыту бағдарламасыеың 6 курстан, ал біліктілік беру сынақтарының санының 10 болуында. Ал оларды тапсыру үшін біраз уақыт керек. Сондықтан біздің курстар мен семинарлардың қатысушыларының барлығы оны тапсыруға дайын бола бермейді, 2000 жылдан бастап-ақ  1500 жуық адам білім алды. Емтиханнығ белгілі бөлігін тапсырып, қаржыгер, тәуекелді бағалау бойынша маман, андеррайтер болып жұмысқа тұра беруге болады. Ал актуарий болу үшін барлық 6 курсты аяқтау керек. Сала бойынша тәжірибе жинап, актуарлық қорытындыларға сенімді түрде қол қойып, есеп айырысулар жүргізуге кем дегенде бір жыл жұмыс жасау керек. Курсты жүргізу барысының қарқындылығы мен Қазақстан актурарийлер Қоғамы қоятын талаптың күштілігі актуарийге жүктелетін жауапкершіліктің күштілігіне байланысты.

Ал жаттыққан, әккі андеррайтер немесе тәуекелді дақылау жөніндегі маман болу үшін менің ойымша, актуарлық есеп айырысу бойынга негізгі білімі бар жастарға кемінде 2-3 жыл керек (алғашқы 2 курс).

Айта кету керек, Қоғам  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, шетелдік демеушілердің қаржылық қолдауымен актуарлық мектеп қйымдастырылған, онда оқуға Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Грузия, Молдавия, Украина, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Монғолия сияқты елдердің қаржы саласында қфызмет ететін тұлғалар келді, сондай-ақ Қазақстанның қаржы секторының өкілдері қатысты. Біз оларды сақтандыру ісі, корпоративтік қаржы, инвестиция, бухгалтерлік есеп бойынша оқытамыз. Біздің оқушыларымызды осындай білім қорымен түрлі қаржылық құрылымдар жұмысқа қуана-қуана қабылдайды. Кезінде біз актуарлық іс бойынша Әзірбайжан мен Қырғызстанда оқыту жұмыстарын жүргізген едік, нәтижесінде олардың  актуарийлер Қоғамы Халықаралық актуарийлер қауымдастығының Бірлескен мүшесі бола алды

Қосарым, актуарий мамандығы бойынша ҚР Ұлттық Банкінің магистратурасында (Нархоз магистратурасы) және әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ механика-математика факультетінде білім алуға болады.

- Актуарий ісінің негізінен күрделі екендігін айта кету керек, жоғары математика бойынша білім қорының күшті болуын талап етеді, өйткені, мұнда жүргізілетін есептеулер оңай емес, көптеген маңызды  факторларды ескеру керек, тіпті кішігірім фактордың өзінің есепсіз қалуына болмайды, алдағы жылдың болжамдарын қарау керек. Сізге актуарий болып жұмыс жасау қаншалықты қиын болды?

- Мен физика-математика ғылымдарының кандидатымын, математика бойынша оқытушысын, сондықтан мен үшін бұл саладағы жұмыс жайлы, себебі мен мұнда іс жүзінде өзімнің математикалық біліміміді пайдалана аламын, мысалы, ықтималдықты, математикалық болжамды, дисперсияны, интегралдарды... (күледі). Жоғары математикасыз, математикалық талдау бойынша білімсіз, ықтималдықтар теориясынсыз, статистика және басқа да  жоғары математика бойынша негізгі білімсіз актуарлық курс бойынша емтихан тапсыру мүмкін емес. Бұл - қор. Кеңес заманынан бері математикалық білімнің біраз нашарлауына қарамастан бізде осы пәндерді жақсы меңгерген, түсінетін жастар бар деп айта аламын, олар актуарий курсы бойынша біліктілік емтиханын тапсыра алады.

- Біздің актуарийлердің білім деңгейі мен дайындықтарын олардың шетелдік әріптестерімен салыстыруға бола ма?

- Мен басшылық еткен уақытта біздің Қоғам Халықаралық актуарийлер қауымдастығына толыққанды мүше болып 2017 жылдың «18» тамызында енді, бұл біз үшін үлкен жетістік, өйткені біз өзіміздің оқу бағдарламамыздың халықаралық стандарттарға сай екендігін көрсете алдық. Кезіндегі Кеңес одағына мүше болған елдер қатарынан бізден басқа Ресей ғана бар. Осы бағыт бойынша Қоғамда  менімен бірге Қоғамның біліктілік комиссиясының төрайымы Уржумова Дина жұмыс жасады, ол Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де танымал актуарийлердің бірі.

- Өмірді сақтандыру саласына сенім артуға бола ма?

- Меніңше, біздің өмірді сақтандыру саласына сенуге болады, өйткені сақтандыру компанияларының төлемдік қабылеттілігін Ұлттық Банк реттеп, бақылауда ұстайды. Реттеушінің де осындай компаниялардың қызметтерін бақылауға және түрлі тәуекелдердің алдын алуға нормативтік базасы жеткілікті, қажет болған жағдайда әр түрлі санкциялар, айыппұлдар жүйесі және тағы басқа шаралар қолданылады. Біздің сақтандыру саласындағы реттеуші база менің ойымша посткеңестік кеңістіктегі ең үздіктердің бірі.

- Сіздің ойыңызша, қазақстандық life insurance нарығының даму деңгейі қандай?

- Жалпы халық тарапынан бұл секторға деген сенімсіздік байқалады, сондай-ақ өмірді сақтандыру өнімдерінің түрлерінің аздығы мен сақтандыру агенттерінің, компаниялардың өздерінде қызмет етіп отырған мамандардың дайындық деңгейлерінің жоғары еместігін ескеру керек. Сақтандырудың осы түрінің қажеттілігін халыққа түсіндіру үшін әлі де талай жұмыс жасау керек. Бізде ерікті аннуитеттік сақтандыру, өмірді сақтандырудың ерікті және міндетті түрлері бар, оның ішіндегі жұмыскерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру нарықты бірқалыпты ұстап отыр. Иә, атап айту керек, жұмыскерлердің жұмыста алған залалдар үшін жастары зейнет жасына жеткенге дейін өтемақы алуы өте орынды. Бұндай төлемдерді де актуарий есептейді, ол өз лицензиясындағы есептеулердің орынды екендігіне және негізді екендігіне жауап береді.

Біздің елімізде сақтандырудың ерікті түрлері әзірге белсенді түрде дамыған жоқ, сондықтан да адамдардың көбісі мұның қандай өнім екендігін түсіне бермейді.

Бізді сақтандыру саласы бойынша халықаралық стандарттарға үйретті, соның ішінде Майкл Зи басқарған АҚШ, Канада, Ұлыбритания актуарийлері өмірді сақтандыру бойынша ілім үйретті, АҚШ пен Еуропадағы тәжірибе туралы айтты... Бізде, мысалы, инвестициялық сақтандыру саласындағы Unit-link сияқты өнім жеткіліксіз. Бұл екі өнімнің бір өнімге біріккен түрі, клиент өз өмірін сақтандырумен қоса инвестициялау стратегиясын таңдайды. Сондай-ақ мен Ұлттық банкке тек қана теңгемен емес, АҚШ долларымен сақтандыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болар едім, бұ сақтандыру өнімдері бойынша жасалатын салымнан алынатын табысты бірнеше есе арттырған болар еді. Сондықтан, осындай өнімдерді АҚШ долларымен ұсынатын халықаралық компаниялар қазақстандық клиенттердің белгілі бөлігін өзіне тартып алуда.

- Саөтандыру компаниясының төлемдік қабілеттілігіндегі актуарийдің рөлі қандай?

- Сақтандыру компаниясының төлем қабілеттілігі – бұл сақтандырушының өз міндеттемелері бойынша жауап беру қабілеті: клиенттермен жасалатын келісім-шарттар, салық, сондай-ақ акционерлер алдындағы міндеттемелер бойынша.

Сондай-ақ, ол жасайтын есепке адамның өмірі мен денсаулығын сақтандыру бойынша берілетін төлем көлемі тәуелді, соның ішінде адамның  қайтыс болуына, мүгедектігіне, уақытша жұмысқа жарамсыздануына қатысты жағдайлар да бар. Мысалы, СО орын алған жағдайда адамның қайтыс болуына байланысты залалды өтеу бойынша пайданы алушыларға аннуитеттік төлем ретінде берілетін сақтандыру төлемінің көлемі асырауындағылардың санына байланысты анықталады. Егер осындай жағдайға тап болған адамда екі бала болса берілетін төлем бір басқа да, бес бала болған жағдайда берілетін төлем бір басқа. Бұл жерде ескерілуі тиіс жағдайлар көп. Ал бұл актуарий жұмысының маңыздылығын тағы да бір дәлелдейді.  

Сақтандырушының төлем қабілеттілігі сақтандыру тарифінің жеткіліктілігімен, сондай-ақ сақтандырушының ресурстарының өзіне қабылдайтын міндеттемелерге шамалас болуымен анықталады. Сақтандыру тарифі – бұл өнімнің бағасы.

Қазақстандық заңнамаға сәйкес және халықаралық стандарттар бойынша сақтандыру тарифін актуарий бекітеді. Сондықтан да компания қалыптастыратын қабылданған тәуекелдер мен сақтандыру резервтері үшін ол өзінің баламалы есептерімен жауап береді. Сондықтан, төлемдік қабілеттілігк қай жағынан алып қарасақ та актуарийдің жұмысына байланысты. Сондықтан, оның рөлі өте маңызды. Тәуекелді бағалаушылар да айтарлықтай маңызға ие. Оның үстіне, Еуропа Одағы қабылдаған Solvency II сай тәуекел болжанады -бақылауды реттеуге, сақтандырушылардың төлемдік қабілеттілігін бағалауға бағдарланған тәсіл. Бірақ бізде тәуекелді бағалаушы-сақтандырушыларды оқытатын жер жоқ.   

- ҚБанктің дефолты мен ӨСК қалай салыстыруға болады? 

- Мен банк саласының маманы емеспін, алайда, егер мұндай жағдайлар банктерде орын алатын болса - олардың да өз міндеттемелерін есептеулері үшін актуарийлерді жалдаулары керек. Әзірге Қазақстанда ӨСК дефолтқа ұшыраған жоқ, акционердің міндеттемелер бойынша қаржының тапшылығын жапқан кезін санамайтын болсақ. Бірақ, мұндай жағдай орын алатын болса, салдары өте ауыр болмақ. Бірақ өзінің күрделі өнімдерін ӨСК әдетте сақтандырып отырады, осылайша халықаралық нарық жергілікті нарыққа көмектеседі. Мысалы, екі егіз мұнара- АҚШ Дүниежүзілік Сауда Орталығы 2001 жылдың «11» қыркүйегінде қирады. Сол кезде өзінің барлық міндеттемелерін сақтандырушылар орындады. Сондықтан, сол уақыттан бері қайта сақтандырушылар өз тарифтерін қымбаттатты, себебі, факт анықталды, оқиға орын алды және ірі сақтандыру жағдайлары бойынша тиісті статистика орын алды.

- Дефолтты жағдайлардың орын алмауы үшін Сіз актуарийлер мен ӨСК қандай кеңес бересіз?

- Мен барынша ұқыпты болуға шақырамын және тек ішкі тәуекелдерге ғана емес, сыртқы тәуекелдерге де қарау керек, жергілікті және халықаралық нарықтың тәжірибелерін қатар қарастыру керек. Сондай-ақ менің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тілегім бар еді: жалпы сақтандыру нарығына және өмірді сақтандыру нарығына неғұрлым толық статистиканы берсе екег, бұл нарықтың жұмыс жасап келе жатқандығына 18 жылдан астам уақыт болды ғой. Әрине, әрбір компанияның өз статистикасы бар, бірақ оның тәуекелдерді объективті бағалау үшін жеткіліксіз болуы ықтимал. Сондықтан мамандарға еліміз бойынша осы саладығ тәуекелдерге қатысты толық ақпарат керек. Бұл Қазақстандық актуарийлердің жұмысын біршама жеңілдететін еді.

- Сіз өзіңіз ӨСК қызметтерін пайдаланасыз ба, қандай?

- Әрине, «Халық - Life» ӨСК АҚ қызметтерін пайдаланамын, оған зейнетақы жинағымды БЖЗҚ аударып отырамын. Енді компания маған үнемі зейнетақы төлеп отыр. Бұл өте тиімді. Ер адам 55 жасқа толғанда зейнетақы жинағы жеткілікті болғанда қосымша зейнетақы алуға құқылы, ал нақты зейнетке шығу жасы – 63, яғни, олардың арасындағы айырмашылық 8 жыл. Мұндай жағдай әйелдер үшін де қарастырылған. Осы кезең ішінде адам зейнетақы алады, БЖЗҚ жинақталған өз ақшасын ӨСК аудару және онымен келісім-шарт жасау арқылы пайдаланады. Ал 63 жасында зейнетке шыққанда мемлекеттен БЖЗҚ арқылы және сақтандыру компаниясынан зейнетақы алады. Егер сіз ақшаңызды БЖЗҚ қалдыратын болсаңыз, онда зейнетақы қорының бір жыл бойынша берілетін сомаға шектеу жасайтындығын ескеруіңіз керек, ол минималды зейнетақының мөлшерінен отыз есе аспайтын соманы ғана бере алады, бұл бүгінгі есеп бойынша салық шегерілген соң  911 мың теңге. Яғни, сіз өз қаражатыңызды зейнетке ресми шыққан уақытыңыздан бастап бірнеше жыл бойы пайдаланасыз және БЖЗҚ сіздің қаражат таусылған соң сізге ешқандай төлем берілмейді. Ал ӨСК Сіз зейнетақы алуды 8 бұрын ала бастайсыз және өмір бойы аласыз, сонымен қоса кепілді мерзім де таңдай аласыз. Мысалы, 15 жылдың ішінде сақтандыру компаниясы сізге кепілдендірілген зейнетақыңызды береді және зейнетақылық жинағыңыздың толық сомасын төлейді. Сондай-ақ өз қаражатыңыздың мұрагеріңізге кепілді мерзім аралығында төленуін ресімдеуге болады. Тіпті кепілді кезең аяқталғаннан кейін де сақтандыру компаниясы зейнетақыны өмір бойы беретін болады. Сондықтан сізде қашан да таңдау бар. 

Анықтама

«Халық - Life» ӨСК АҚ актуарий департаментінің басшысы Ақжарқын Кныкованың айтуынша, оның компаниясы 2017 жылы 38 млрд. теңге сақтандыру сыйлықақысын жинаған, «Номад Life» ӨСК АҚ - шамамен 24 млрд. теңге жинаса, бүкіл ӨСК нарығы – 105 млрд теңге жинаған. «Қазақстандағы барлық ӨСК, ал олардың саны 7, сақтандыру резервтері жақсы – 219 млрд. теңге, оның ішінде «Номад Life» ӨСК АҚ - 56 млрд. теңге, «Халық - Life» ӨСК АҚ - 50 млрд. теңге. Сақтандыру резервтерінің мөлшеріне компанияның төлем қабілеттілігі тәуелді.  »Мәселен, зейнетақы аннуитеті өмір бойы 5% индексациямен төленеді - жыл сайын, - деп түсіндірді Ақжарқын Утеуовна. - Ал орта есеппен әйелдер  Қазақстанда 76,5 жасқа дейін өмір сүреді, зейнетақы аннуитеті шартын 50 жасында жасайтын болса, олар өздерін кем дегенде тағы да 26 жылға қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Ерлер Қазақстанда орташа есеппен 67,5 жасқа дейін өмір сүреді. Осыған байланысты ӨСК сақтандыру резервтерін осындай ұзақ мерзімдік төлемді ескергенде жеткілікті деп бағалауға борлады».

Анықтама

Актуарлық кәсіпті дамытуды Қазақстанда 2000 жылы ҚР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Америкалық Орталық Азиядағы Халықаралық даму жөніндегі Агенттігінің (USAID) бірлескен жобасы аясында бастады. Ал актуарий мамандығының өзі елімізде 2001 жылдың «1» қаңтарында күшіне енген «Сақтандыру қызметі туралы» Заң арқылы бекітілді, онда сақтандыру ұйымдарының есептері мен қаржылық есептіліктерінің жаңа стандарттары ғана емес, халықаралық стандарттар бойынша сақтандыру нарығын ұйымдастырудың жаңа принциптері мен қағидаттары бекітілген. Аталған заңнамаға сәйкес, әрбір сақтандырушы (қайта сақтандырушы) ұйымда лицензиясы бар актуарий есептеп, бекіткен сақтандыру резервтерінің болуы тиіс.

Бүгінгі таңда актуарийлер Қоғамында 70 астам мүше бар, олардың 66 Қоғамның белсенді мүшесі (барлық біліктілік талаптарын орындаған). Қоғам мүшелерінің жартысынан астамы сақтандыру және консалтингтік ұйымдарда, сондай-ақ зейнетақы қорларында, банктер мен үкіметтік ұйымдарда жұмыс жасайды. Қоғам сайты www.actuary.kz.

Фото http://maf2017.ru/maf2015 сайтынан.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандырушылар дағдарыс соққысын қабылдауда
Сақтандырушылар дағдарыс соққысын қабылдауда

Әлемнің сақтандыру компаниялары коронавирус ...

Неліктен АҚШ тұрғындары бірнеше өмірді сақтандыру полисін алады
Неліктен АҚШ тұрғындары бірнеше өмірді сақтандыру полисін алады

Өмірді сақтандыру әлемдегі ең танымал сақтанд...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру