Қазақстанда сақтандыру инновациялық сала ретінде ешқашан қарастырылмаған. Банктік секторға қарағанда, жаңа технологиялар мен шешімдер бұл салаға бірінші болып енгізіледі. Сырт көзге қазақстандық банктер тұтас экожүйелерді құрып, инновациялық шешімдерді енгізіп отырғанша, сақтандыру нарығы дамымай қалғандай көрінуі мүмкін.
Соңғы 10 жылдың ішінде сақтандыру нарығында ешқандай маңызды өзгерістер (электрондық полистен басқа) болмағанына қарамастан, бұл сақтандырушылар дамымаған екенін білдірмейді.
Кез келген технологиялық даму үшін нарық дайын болу керек. Ал онымен бірге пайдаланушылар да дайын болу керек. Менің ойымша, қазір сақтандырушылар осы кезеңнен өтуде. 90-шы жылдары нарық енді ғана пайда бола бастағанда бүкіл құжат айналымы қағаз түрінде жүргізілген, ал сақтандырушының басты «қаруы» компания тізімімен анықтамалық және стационарлық телефон болған еді. Он жылдан кейін сақтандыру компаниялары инфрақұрлымының дамуына қомақты қаражатты салып, сервисін дамыта бастады. Тағы он жылдан кейін барлық сақтандыру компанияларында сату сайттары, сақтандыру калькуляторлары, CRM және диджитал-стратегиясы пайда болды. Excel баяғыда көлемді деректерді талдауға өз орнын берді, ал андеррайтинг көбінесе скоринг-жүйелерге сүйенеді.
Менің ойымша, сақтандыру нарығы инновациялар үшін дайын болды. Бұл орайда міндетті сақтандыру бойынша онлайн-сақтандыруды енгізу, заңнамада және шектес салалардағы өзгерістер – өзгеретін кез келгенін білдіреді. Бұл ұзақ үрдіс және онлайн-сақтандыру елеулі нәтижелерді көрсете қоймас, бірақ даму векторы өте дұрыс.
Өмірді сақтандыру компанияларына келетін болсақ, жақын 10 жылда олардың жұмыстарындағы көптеген жақтар өзгеретініне сенімдімін. Қазір Қазақстанда қай технологиялар дамып, ал қайсысы дамымай қалады деп болжау қиынға соғады. Бірақ бірнеше бағытты ажыратып бөлуге болады, сол бағыттар бойынша технологиялар дамитын болады.
Онлайн-сақтандыру. Міндетті түрлер бойынша электрондық полисті енгізу тек қана алғашқы қадамдардың бірі болып табылады. Таяу болашақта біз ӨСК үшін онлайн-сақтандыруды, сонымен қатар онлайн-реттеуді іске асыруымыз керек. Сонда ғана нарықта онлайн-қызметтері бар деп айта аламыз.
Көлемді деректерді талдау. Сақтандыру компанияларында клиенттер туралы көлемді деректер бар. Сондықтан бұл деректерді талдау және олардың негізінде шешім қабылдау – қисынды қадам болып табылады. Жақын болашақта қазақстандық ӨСК бұдан да көбірек клиенттік деректерді талдау алатынына сенімдімін. Мысалы, клиенттер денсаулығының жағдайы, сырқаттарының тарихы және олардың өмір сүру салты. Осындай мәліметтерге қол жеткізуге рұқсат алғаннан кейін, компаниялар андеррайтингтің сапасын жақсартып, нағыз өзекті және талап етілген өнімдерді жасай алады.
Машинамен оқыту. Сақтандыру компаниялары тәуекелдермен жұмыс жасайтынын және оларды болжай алу керектігін ескере отырып, машинамен оқытудың үлкен әлеуеті бар. Мұндай жүйелер андеррайтингтің сапасын жақсартып қана қоймай, әрбір жеке клиент үшін жеке өнімдерді жасауға да мүмкіндік береді.
Маркетплейстер. Қазақстандықтар бірнеше сақтандыру компанияларынан ұсыныстарды талдауға болатын сайттарға үйреніп қалды. Мұндай сервистер МАҚЖ міндетті автосақтандыруға қамалып қалды. Жақын келешекте – өмірді сақтандырудың дамуымен – мұндай сервистер клиенттерге лайықты бағдарламаларды, мысалы өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша бағдарламаларды табуға көмектесетін болады.
Телемедицина. Денсаулықтың көрсеткіштерін қадағалап отыратын гаджеттердің танымалдылығы жылдан жылға артып келеді. Болашақта мұндай гаджеттер өмірді сақтандыру шартын жасасу үшін міндетті шарт бола алады. Осылайша сақтандыру компаниялары онлайн режимінде өз клиенттері денсаулығының жағдайын қадағалап отырып, қажет болған жағдайда клиенттерге хабарласып, оларға белгілі бір ұсыныстарды бере алады. Теория жүзінде бұл сақтандыру оқиғалардың саны төмендетіп, сақтандыру өнімдерін арзандатады. Мұндай технологиялар Қазақстанда пайда болады ма – бұл қиын сұрақ, өйткені батыс елдерде де бұл технология әлі де кеңінен таралмаған.
Қазір Қазақстанда қай технология дамып, қайсысы тежеп қалатынын болжау өте қиын екенін қайталап айтамын, өйткені көптеген факторларды ескеру қажет. Алайда бір мәселе анық: қазір көп нәрсе сақтандырушылардың өздеріне байланысты болады. Біз қаншалықты белсенді түрде жаңа инфрақұрылымды құрып, жаңа технологияларды енгізе бастайтынымызға бүкіл нарықтың тағдыры байланысты болады.
Фотосурет компанияның баспасөз-қызметімен ұсынылды.