bs-preloader__icon
ru kz en

Азамат Ердесов: Қазақстандағы unit-linked: тәжірибесі, клиенттер үшін мүмкіндіктері және болашағы

Біздің www.lifeinsurance.kz порталы өмірді сақтандыру нарығының сарапшыларынан жарияланымдар сериясын жалғастыруда. Бүгін «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Азамат ЕРДЕСОВ Қазақстандағы unit-linked сақтандыру, бұл өнімнің болашағы және клиенттер үшін мүмкіндіктері туралы баяндап береді.
Азамат Ердесов: Қазақстандағы unit-linked: тәжірибесі, клиенттер үшін мүмкіндіктері және болашағы

2018 жылда сақтандыру нарығында үлкен өзгерістер орын алды. Бірінші кезекте бұл сақтандыру туралы заңынан қабылданған түзетулерге қатысты болды. Бірақ бұл жаңа енгізулер жалпы сақтандыруға да, өмірді сақтандыруға да қатысты болғанымен, нарықта көбінесе онлайн-сақтандыру және МАҚЖ міндетті автосақтандыру бойынша электрондық полистер туралы айтылуда.  Бұл, сөзсіз, өте маңызды және уақтылы екен. Әсіресе, міндетті автосақтандыру – Қазақстанда сақтандырудың ең кеңінен таралған түрі екенін ескерсек. Алайда нарықты, меніңше, орынсыз назардан тыс қалған, басқа өте қызықты жаңа енгізу күтуде. Бұл орайда unit-linked сақтандыруды енгізу туралы сөз болмақ.  Осы мақалада бұл нарық үшін неліктен маңызды екені туралы айтқым келді.

Unit-linked – бұл сақтанушының инвестицияларға қатысумен өмірді жинақтаушы сақтандыру. Сақтандырудың бұл түрін көбінесе өмірді жинақтаушы сақтандырудың класикалық шарттарымен шатастырады. Сақтандыру қорғауға қосымша ретінде классикалық өнім бағдарлама бойынша тіркелген табыстылыққа кепілдік беретінімен ерекшелінеді. Полистің мерзімі өткеннен кейін сақтанушы жинақталғанды + мұндай опция өнімде қарастырылған болса, пайдаға қатысудан табысқа қол жеткізеді.

Unit-linked ұқсас схема бойынша әрекет етеді, бірақ клиент өз қаржыны инвестициялаудың стратегиясын өз бетінше таңдай алатынымен ерекшелінеді.  Яғни шарт та сақтандыру арқылы қорғауға кепілдік береді, бірақ үлкен инвестициялық тиімділігі бар, өйткені сақтанушы көбірек жинақтай алады.

Басқа сөзбен айтқанда, өмірді классикалық жинақтаушы сақтандыру – бұл қосымша табысқа қол жеткізудің мүмкіндігі бар сақтандыру. Ал unit-linked – бұл өмірді сақтандыру қосымша функциясы бар инвестициялық бағдарлама.

Сақтандырудың бұл түрі әлі күнге дейін Қазақстанда жоқ еді. Ресейде ол 10 жыл бұрын, ал Еуропада және АҚШ-та – өткен ғасырдың ортасында пайда болды. Бастапқыда бұл өнімнің  идеясы заң тұрғысынан сақтандыру полисі ретінде ресімделген инвестициялық құралды жасау болатын.  Бұл үлкен табысқа қол жеткізуге (өйткені капиталдың өсіміне салық салынбайды), өзін сақтандыру арқылы қорғаумен қамтамасыз етуге және сақтандырылған тұлға қайтыс болған жағдайда капиталға қол жеткізетін ерікті бенефициарларды таңдауға мүмкіндік береді. Өнім ьамырын тартты, сондықтан батыс елдерде ол өмірді сақтандыру нарығының 60% құрап отыр.

Қазақстанда мұндай өнімді енгізу шектес салаларды: салық салу, активтерді басқару, Азаматтық кодекс жыне бағалы қағаздар саласын байланыстыратын күрделі үрдіс болып табылады. сондықтан Ұлттық Банк өте дұрыс жасаған.

Біріншіден, ӨСК сақтанушының инвестицияларға қатысуымен инвестициялық портфельді өз бетінше басқару мүмкіндігіне ие болды. Осының арқасында қаржыны инвестициялау басқарушы компанияларды тартумен шектелмейді. Бұл өз кезегінде өнімнің құнын төмендетуге және клиенттер үшін тиімді етіп көрсетуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, Салық кодексіне түзетулер енгізілген еді. Осының арқасында сақтандыруға екі жақты салық салынбайды.

Клиенттер үшін мүмкіндіктер

Unit-linked сақтандыруды енгізу ӨСК клиенттеріне заңнамадағы шектеулерге байланысты бұрын оларда болмаған көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Олардың негізгілеріне мыналар жатады:

  • Әртараптандырылған инвестициялық портфельді құру. Инвестициялық қорды таңдау мүмкіндігі бола тұра, ӨСК сапалы және әртараптандырылған портфельді жасай алады. Оған активтердің түрлі сыныптары (акциялар, облигациялар, опциондар, фьючерстер, құрылымдық ноталар және т.б.) кіре алады, бұл жеке бір құралмен орын алған табысқа немесе сәтсіздікке тәуелді болмауға мүмкіндік береді.
  • Ұзақ мерзімді инвестициялар. Unit-linked – ұзақ мерзімді инвестициялардың құралы, сондықтан ол ұзақ мерзімге – кемінде 5 жылға, одан артық мерзімге де тиімді. Тек осындай жағдайларда сіз шарттан көп нәрсені ала аласыз.

Перспективалар

Нәтижесінде өмірді сақтандыру нарығы дамуға түрткі беріледі. Өйткені қазір ӨСК-де жаңа және тиімді өнім пайда болады. Қаражаттың қосымша түсімі мен қосымша ойыншыларға қол жеткізетін қор нарығы да ұтады. Және ең бастысы ӨСК клиенттері де ұтады: оларда қосымша қаржы құралы пайда болады, сол арқылы клиенттер өздерін сақтандырып қана қоймай, жинақтарын ұзақ мерзімге инвестициялай алады.

Ал біздің компаниямызға келетін болсақ, біз unit-linked сақтандыруда, жалпы ӨЖС-да үлкен перспективаларды көріп отырмыз.  Соңғы бірнеше жылдар қазақстандық нарық халық арасындағы төмен қаржы сауаттылығына және сақтандыру мәдениетіне қарамастан, үнемі дамып келетіндігін көрсетті. «Фридом Финанс» компаниясының табысты тәжірибесінің арқасында біз күрделі қаржы өнімдерін, оған жататын өмірді сақтандыру өнімдерін сата алатын кез келгенін дәлелдей аламыз.

Фото ашық дереккөздерінен алынды.

Азамат Ердесовтың суреті компанияның баспасөз-қызметімен ұсынылды.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандырушылар COVID кезінде қолдаудың бастамаларын кеңейтуде
Сақтандырушылар COVID кезінде қолдаудың бастамаларын кеңейтуде

Аустралиялық өмірді сақтандырушылар реттеуші...

Гипертонияны алдын алу үшін диета ашылды
Гипертонияны алдын алу үшін диета ашылды

Артериялық гипертензия немесе гипертония – к...

Ипотекалық сақтандыру немесе өмірді сақтандыру: қайсысы жақсырақ
Ипотекалық сақтандыру немесе өмірді сақтандыру: қайсысы жақсырақ

Өзіңіз және ертеңгі күніңіз үшін сенімділікке...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру