«Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу жөніндегі функциялар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңадан құрылатын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттігіне беріледі», – хабарламада айтылған.
Агенттікке тапсырылатын мемлекеттік қызметтердің тізімі:
1. Банктің немесе банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімін беру
2. Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімін беру
3. Инвестициялық портфельін басқарушысының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімін беру
4. Банктің ашылуына рұқсат беру
5. Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе иемденуіне және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына елеулі қатысуына рұқсат беру.
6. Банктерге Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру
7. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банк операцияларына лицензия беру
8. Ислам банктері жүзеге асыратын банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия беру
9. Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру
10. Банкті ерікті түрде жоюға рұқсат беру
11. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік бюроның кредиттік тарихтың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мен үй-жайларды қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы акті беру
12. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру
13. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті түрде жоюға рұқсат беру
14. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беру немесе исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру
15. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін немесе исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру
16. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлеріне лицензия беру немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлері бойынша исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы
17. Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке лицензия беру немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығы
18. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру
19. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе иемденуіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру
20. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде жоюға рұқсат беру
21. Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру
22. Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру
23. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу
24. Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу
25. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру»
26. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру»
27. Кредиттік тарихтың деректер базасын басқару жүйесін кредиттік бюроның өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісін беру
28. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу
29. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу
30. Инвестициялық пай қорларының пайларын шығаруды мемлекеттік тіркеу
31. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту
32. Қазақстан Республикасы резиденті ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат беру
33. Қазақстан Республикасы резиденті ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру
34. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру.
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды