bs-preloader__icon
ru kz en

Big Data технологиялары өмірді сақтандыру саласында

Big Data технологиясы бизнесте немесе адамдардың, компаниялардың немесе мемлекеттің басқа өмір салаларында практика тұрғысынан қандай мүмкіндіктерді беретіндігі туралы Life Insurance сайтына берген сұхбатында Finance Engineering, Ltd. компаниясынан осы саланың сарапшысы Вилиюс ВИНСКУС (Vilius Vinskus) айтып берді. Сондай-ақ ол әлеуетті клиенттер туралы мәліметтерді жинауда және оларды жұмыста пайдалануда этикалық жік қайда жатқаны туралы өз пікірін білдірді.
Big Data технологиялары өмірді сақтандыру саласында
Big Data технологиялары өмірді сақтандыру саласында
Big Data технологиялары өмірді сақтандыру саласында

- Вилиюс, сақтандыру компаниялары Big Data технологиясын қалайша пайдалана алады?

Компанияларда о баста жоспарлау және есеп беру жүйесі болуы тиіс. Ол мәліметтердің қорын, аналитикалық құралдарды және есептілік құралдарын қамтиды. Қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынатын бірнеше компания бар. Жеткізушілерді шолып шығудың жақсы тәсілдердің бірі Gartner Magic Quadrant for Analytics and Business Intelligence пайдалану болып табылады (суретті қараңыз).

Осы бейнеден көріп отырғанымыздай, ең үздік өнімді Microsoft ұсынып отыр.

Big Data клиенттерді, олардың тәртібін және артықшылығын дұрыс түсіну үшін пайдаланылады. Компаниялар өз клиенттерінің толық көрінісін алу үшін өз клиенттік базаларын әлеуметтік желілер, браузер журналдары, сонымен қатар мәтіндік аналитика мен тетіктер мәліметтері арқылы кеңейтуге ұмтылады. Бұның басты мақсаты көптеген жағдайларда болжамалы үлгілерді құру болып табылады.

Жалпы, Big data технологиясын практикалық тұрғыда пайдаланудың бірнеше мысалы бар:

Денсаулықты сақтандыру 1. Сақтандырушылар егер адам салауатты өмір салтын ұстанса, денсаулықты сақтандырудың кейбір өнімдеріне жеңілдіктерді (немесе үстамақы) жасайды. «Салауатты өмір салты» деп спортпен шұғылдануды, дене салмағының үйлесімді индексіне ұмтылысын, темекі шегуде шектеу қою, ұйқы, демалыс және жұмыс арасындағы дұрыс теңгерімнің болуын айтады. Бұл ақпарат тұтынушылар өзімен бірге ұстап жүруге тиіс тетіктер арқылы жиналады. Мұндай өнімдер, мысалы, Скандинавияда бар, сонымен қатар Эстонияда да пайдалана бастады.

Денсаулықты сақтандыру 2. Медбикелер қызметкерлеріне көмек көрсету. Тетік арқылы пациенттің стандартты белсенділігін бағалауға және нормалардан ауытқуларды бақылауға болады. Сондай-ақ пациент осындай құрылғыларды пайдалана отырып, өзі көмекке медбикені шақыра алады. Егер пациент аталған аумақтан тыс шығатын болса, бұл құрылғы ол туралы хабарлай алады. (https://www.vivago.com/solutions/assisted-living/).

Шетелде сырқаттан / жазатайым оқиғалардан сақтандыру Адам шетелге кететін кезде, оған шетелдегі сақтандыру туралы оферта жіберіледі. Литвада осындай сату арнасы іске қосылған.

КАСКО (ЖБКАС) немесе ОГПО ВТС (КҚИ АҚЖМС) сақтандыру. Әрбір көлікте қозғалтқыш, оны айдау (жылдамдығы, бұрылуы, тежелуі, жұмыс-демалыс режимі),  отынды пайдалану туралы және т.б. деректерді тіркейтін тетікті қоюға болады. Жаңа көліктерде барлық тетіктер біріктірілген. Мәліметтер көлік өндірушілері немесе телематика қызметтерін ұсынатын серверлерінде жинақталады. Бұл деректер әрбір 5-15 секунд сайын деректер базасына жіберіледі.

Ақпаратты стандарттауға және жүргізушінің профилін сипаттау үшін пайдалануға болады. Профиль сақтандыру оқиғаның тәуекелін көрсетеді. Менеджмент жүргізудің тәуекелін төмендету және сақтандыру оқиғаларын төмендету үшін (бұл сақтандыру сомасына әсер етеді) қажетті шараларды қабылдай алады.

КАСКО (ЖБКАС) сақтандыру. Құрылғы меншік иесіне ұрлық/бұзып кіру сәтінде хабарлай алады.

Microsoft (SQL Server + SharePoint) өнімдері деректер мен есептілікті визуалдау үшін шығару, қайта өзгерту және аналитикалық құралдарға жүктеу үшін пайдаланылады. Әрбір компанияда бизнесті талдау және есептілікт үшін деректер базасы болуы тиіс.  Үлкен деректер – бұл ағымдағы datawarehouse-тан тыс орналасқанның бәрі.

Big Data технологиясының басқа мүмкіндіктері:

- деректерді дайындау: ақпаратты деректер базасында сақтау процедуралары, деректерді пайдалану үшін құрылымдау.

- деректерді үлгілеу (сегментация, профильдерді құру, үлгілеу және болжам жасау).

-іс жүзінде пайдалану: сату, маркетинг немесе жеңілдіктер процедуралары үшін триггерлерді құру.

- Түрлі адамдар, әлеуетті клиенттер туралы деректерді түрлі дереккөздерінен жинаудағы этикалық жік қайда орналасқан? Мамандар, оның ішінде бұл технологияны кеңінен қолданып жүрген Ресей мамандары да жалпы үлкен деректерді реттеу жүйесінің жоқтығы, сонымен қатар Big Data қорғау бойынша әдіснамалар мен стандарттардың жоқтығы туралы айтады. Түрлі ұйымдар өз ұсынымдары мен әдіснамаларын жариялайды, алайда  ISO деңгейіне әлі де ешқайсысы жетпеген.   

Сонда кез келген сауатты IT маманы адамдардың әлеуметтік желідегі профильдеріндегі олардың мәліметтерін бүлдіріп қою мүмкін бе? Мұнда ұстап тұрушы факторлары бар ма?

- Жалпы, Сіз дұрыс айтасыз. Кез келген сауатты IT маманы адамдардың әлеуметтік желілердегі профильдеріндегі мәліметтерін бүлдіре алады. Бұны қалай істеу керектігін білсең, бұл қиынға соқпайды.

Мұндағы білім жалпы ақпараттан алынатынын атап кету маңызды. Қорытынды жасау үшін деректер көлемі қажет. Әлеуметтік желілерде көптеген клиенттер бар, бірақ жеке деректердің жайылып кетуі бойынша соңғы жанжалдардан кейін оларға қалай қол жеткізуге болады?

Өмірді сақтандырушылары үшін әлеуметтік желілерден алынған деректерден гөрі, клиенттің денсаулығы туралы ақпаратты алу маңызды болмақ. Едәуір жеке деректер қажет.

Еуропада басқа компанияларға жеке деректерді жөнелтуге шектеулерді қою жоспарлануда. Клиенттің келісімі үлкен рөл атқарады. Бірақ егер қызметтерді тегін (немесе жеңілдікпен) пайдалануға болатын болса, жалпы, клиенттер деректерді өздері-ақ беретін болады.

- Қазіргі таңда Батыста Facebook-тегі американдықтардың 50 миллион профилінің деректерімен туындаған жанжал белсенді түрде талқылануда, бұл мәліметтерді Cambridge Analitica компаниясы АҚШ-та 2016 жылғы сайлаудың нәтижелеріне ықпал ету үшін жинаған. Facebook пайдаланушылардың деректерін осы жанжалға қатысты қорғаудың қолданылатын шаралар туралы жариялады. Сіз  Big Data этикалық пайдалану тұрғысынан бұл жағдайды қалай түсіндірер едіңіз?

- Егер бұл шындық болса, онда бұл Big Data технологиясын қалайша пайдалану керектігі бойынша өте жақсы мысал. Идея қарапайым – клиенттің профилін дәлме-дәл жасап, қызметтер туралы нақты ақпаратты ұсыну. Бұл клиенттермен байланыс орнатудың ең тиімді тәсілдердің бірі болып табылады. Көбіне жарнама қажет етпейтін адамдарға арнап жасалады, нүктеленген жарнама клиенттерді тарту үшін ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Этикалық қағидалар бұзылады, өйткені «пайдалы» ақпарат табандылықпен ұсынылады. Бұл индивидтің таңдау құқығына, жеке өміріне қол сұқпаушылыққа және дербес деректерін қорғауға құқығына әсер етеді.

- Осы жылдың 25 мамырдан бастап ЕО Еуропалық Одақ елдерінде Деректерді қорғаудың жалпы қағидалары (GDPR) қолданысқа енгені туралы хабарлады. Мысалы, енді әрбір пайдалнушы осы қағидаларға сәйкес оның барлық деректерін жоюға құқығы бар, яғни «ұмытылып қалған құқығына» ие бола алады. Сонымен қатар егер оның талаптары 72 сағат ішінде орындалмаған болса, онда орындаушыларға олардың жыл сайынғы әлемдік табысынан 2% немесе 10 млн евро мөлшерінде, қайсысы көбірек болғанына қарай, айыппұл салынады. Адамның деректерін басқа елге заңсыз жіберген немесе пайдаланушы туралы деректерді қорғау қағидаларын бұзған кезде деректерді қорғау бойынша орган 20 млн евро мөлшерінде айыппұл салады. Сіз бұл жағдайды қалай түсіндіресіз?

- Бұл Регламентте 21-ғасырдың деректерді қорғаудың тәсілдемесі қолданылады. Ол жеке тұлғалардың жеке ақпараты қалай жинақталып, өңделетінін бақылауға құқықтарын кеңейтеді, сонымен қатар ұйымдар бойынша бір қатар міндеттемені белгілейді.

Бұл деректерді қорғау мәселесіне баса назар аударту керектігін білдіреді. Деректер базасына әрбір қосылуын түсіндіру қажет, онда барлық іс-әрекеттер жазылады. Бұл процедуралар белгілі бір бюрократияны енгізеді, бірақ келешекте әр түрлі болып жұмыс істеуге болмайды.

Егер қысқаша айтатын болсақ, Еуропада жақын арада күшіне енетін қағидалар және директивалар (The EU General Data Protection Regulation (GDPR):

  • Жеке деректері бар серверлер елде болу керек (немесе дәл сол экономикалық кеңістікте)
  • Жеке деректер клиенттің келісімісіз басқа тараптарға берілмеуі тиіс
  • Тиісті қауіпсіздікті, тұтастықты және құпиялылықты қамтамасыз ету
  • Деректерді өңдеу операцияларының барлығын толық жазбаларын жүргізу. Яғни деректерге не болатынын тіркеу қажет
  • Дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды енгізу
  • Қажет болған жағдайда деректерді қорғау бойынша қызметкерді тағайындаңыз
  • Аудит, деректер қалай қолданылады.

Жалпы, жағдай қиын емес: әлеуметтік желілерден және басқа деректер базасынан жеке деректерге ие болғандар саяси, сондай-ақ экономикалық пайдаға қол жеткізе алады. Мүмкін, сондықтан болар Facebook, Google, LinkedIn Қытайда жұмыс істемейді (олар өздері-ақ өз клиенттері үшін ұқсас желіні жасап жүр). Сондай-ақ кейбір бағдарламалар Ресейде жұмыс істемейтін болды.

Фотосурет golos.io сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандықтар өз денсаулығын «жейді ме»?
Қазақстандықтар өз денсаулығын «жейді ме»?

Қазақстан аурулар мен өлімге әкеліп соғатын е...

Ұлттық Банк Қазақстан экономикасының даму болжамын жариялады.
Ұлттық Банк Қазақстан экономикасының даму болжамын жариялады.

«2021 жылғы ақпан-наурыз» болжамдық раундтың қо...

ҚНРДА-да қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын саралады
ҚНРДА-да қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын саралады

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру