bs-preloader__icon
ru kz en

Динара Ахметова: «Қызметкерлерді міндетті сақтандыру қызметкерлердің де, жұмыс берушілердің де мүліктік мүдделерін қорғайды»

«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) аясында сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру барысында жұмыстың бүге-шегесіне дейін www.lifeinsurance.kz сайтына «Nomad Life» ӨСК» АҚ Шығындарды реттеу департаментінің директоры Динара Ахметова баяндап берді. Тәжірибе көрсеткендей, көптеген жәбірленуші қызметкерлер сақтандыру жағдайы басталған кезде өз құқықтары мен міндеттерін білмейді.
Динара Ахметова: «Қызметкерлерді міндетті сақтандыру қызметкерлердің де, жұмыс берушілердің де мүліктік мүдделерін қорғайды»

- Динара, қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты (бұдан әрі – ЖОМС шарты) қызметкерге және жұмыс берушіге нені береді?

- Міндетті сақтандыру шартын жасасу еңбек міндеттерін атқару кезінде денсаулығы мен өміріне зиян келтірілген қызметкердің мүліктік мүдделерін қамтамасыз етеді.    

Міндетті сақтандыру шартымен жұмыс беруші қызметкерлерге зиянды өтеу бойынша міндеттемелерді сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы сақтандыру ұйымына аударады. Өйткені нәтижесінде қызметкер кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылып, немесе қайтыс болатын орын алған жазатайым оқиғалар бойынша сақтандыру төлемдері ұзақ мерзімді болып табылады. Жұмыс беруші жойылғанда, ал сақтандыру ұйымы міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы шегінде төлемдерді жүргізуді жалғастыратын жағдайлар да кездеседі, егер қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттігінен айырылу дәрежесін ұзартып, ал ол қайтыс болғанда, өтетуге құқығы бар тұлғаларға төлемдер жүргізіледі. Сәйкесінше, егер жұмыс беруші өз қызметкерлерін сақтандырмаса, зиянды өтеу бойынша жауапкершілік жұмыс берушіге жүктеледі.

Заң жұмыс берушіні өз қызметкерлерін жыл сайын сақтандыруға міндеттейді. Егер жұмыс беруші ЖОМС шартын жасасудан жалтарса, онда бұл жағдайда әкімшілік жауапкершілік – айыппұл қарастырылған. Жеке тұлғаларға 10, лауазымдық тұлғаларға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілетірі немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 160, орта кәсіпкерлік субъекттеріне – 400, ірі кәсіпкерлік субъекттеріне – 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде есептелінеді. 

- Қандай жағдайда ЖОМС шарты бойынша сақтандыру төлемдері жүргізіледі? Мысал келтіре аласыз ба?

- Сақтандыру ұйымы, егер жазатайым оқиға тергеудің қорытындылары бойынша еңбек қызметімен (алған жарақаттың, пайда болған кәсіптік аурудың немесе өлімнің нәтижесінде) байланысты болса, сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады. Бұл жағдайда қызметкере кәсіптік еңбек қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 30%-дан бастап 100% қоса алғанға дейін белгіленеді.

Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі – бұл қызметкердің медициналық-әлеуметтік сараптама анықтайтын еңбек (қызметтік) сараптама анықтайтын еңбек (қызметтік) міндеттерді атқару қабілеттілігін төмендету деңгейі. Ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек комитетінің аумақтық бөлімшелермен жүргізіледі.

Қызметкер жарақат алғанда, ол алдымен еңбекке жарамсыздық парағы негізінде жұмыстан босатылады, егер де жарақат ағза қызметтерінің тұрақты бұзылуына келтірсе, онда дәрігерлік-кеңес беру комиссиясы (ДКК) зақымданған қызметкерге куәландырудан өту үшін жолдама береді.  Кейбіреулер еңбекке жарамсыздық парағы төлем үшін негіздеме болып табылады деп ойлайды. Бірақ бұл олай емес. Төлемдердің негіздемесі болып кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылуды белгілеу табылады. 

Егер қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiн 5%-дан   29%-ды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде, онда зиянды өтеу бойынша міндеттемелер жұмыс берушіге жүктеледі, осыдан жұмыс беруші үшін қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтау және жасау ынталандырмасы айқындалады. Жазатайым оқиғалар бойынша материалдарды зерттеу кезінде көбінесе біз өндірісте жұмыс берушімен де, қызметкермен де еңбек қауіпсіздігінің қажетті талаптары сақталмайтынын байқаймыз.  

- Компания қай кезеңнен бастап сақтандыру төлемдерін жүргізуді бастайды, және олар қандай кезең ішінде жүзеге асырылады?

- Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу  – сақтандыру жағдайы басталған кезде, сақтандырушы екі сақтандыру төлемін жүзеге асырады:

- бірінші –  қызметкердің зейнеткерлік жасына толу мерзімінен аспайтын кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылуды белгiлеу мерзiмі ішінде жүзеге асырылатын қызметкердің жоғалтып алған табысты (мерзімдік төлем) өтеу есебінен, бұл жағдайда жұмыс беруші сақтандырушымен аннуитеттік сақтандыру шартын жасасуға міндетті,

- екінші төлем денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу есебінен, яғни қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемінің жиынтық мөлшері шегінде қызметкердің емделуімен және басқа көмек көрсету қажеттілігімен (дәрі-дәрмектерді сатып алу, протездеу, бөгде адамдардың күтімі, шипажайлық-курорттық емдеу және т.б.) байланысты болғаның барлығы. Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дың белгіленген пайызына байланысты, заңмен төлемдердің лимиттері қарастырылған: 500 АЕК (30%-59%), 750 АЕК (60%-89%), 1000 АЕК (90%-100%).   

Еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкер қайтыс болған жағдайда, сақтандырушы екі сақтандыру төлемін жүзеге асырады:

- бірінші – жазатайым оқиға басталғанда қызметкердің қайтыс болуымен байланысты зиянды өтеу бойынша еліміздің заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар асырауындағы адамдар пайдасына мерзімдік төлемдер түрінде. Бірінші кезекте, бұл кәмелетке толмаған балалар, оларға төлемдер 18 жасқа толғанша, ал егер ол күндізгі бөлімде оқитын болса, онда оқуын аяқтағанша, бірақ 23 жасқа дейін жүргізіледі, зейнеткерлік жастағы ата-аналарға – төлемдер өмір бойы жүргізіледі, мүгедектерге – мүгедектік мерзіміне, еңбекке қабілеттілігіне қарамастан ата-ананың біріне, жұбайына немесе жұмыс істемейтін және қайтыс болғанның қарауында болған он төрт жасқа толмаған (жас) немесе аталған жасқа толған балаларына, немерелеріне, ағалары мен әпкелеріне күтім жасап жүрген отбасы мүшесіне төлемдер олардың он төртке толғанға дейін немесе денсаулық жағдайының өзгергенге дейін жүргізіледі.

Екінші төлем  сақтандырушы жерлеуге жұмсалған шығыстарды 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi. Көбінесе жұмыс берушінің өзі жерлеуге шығыстарды өзі төлейді, бұл ретте қаражатты қайтыс болған қызметкердің туыстарының пайдасына өтеуді сұрайды.

- Статистика бойынша ЖОМС шарты бойынша қандай жағдайлар жиі кездесіп тұрады?

- Көптеген жағдайларда бұл өндірістік жарақаттар. Алайда, әрине, кәсіптік аурулар басым болатын өңірлер де бар, мысалы созылмалы обструкциялық бронхит, тыныс жеткіліксіздігі, созылмалы бел-сегізкөз радикулопатиясы, діріл-тербелістік ауру, нейросенсорлық кереңдігі.

- ЖОМС шарттары бойынша компанияның ең жоғары төлемдер қандай болды?

- Бір топтық жағдай болды,  онда өрт нәтижесінде 10 адам зақымданып, оның ішінде 7 адам қайтыс болды. Бұл жағдайда жалпы зиян шамамен 180 миллион теңгені құрады, өйткені асырауында 3 және 4 баладан қалды. Төлемдер балалар 18 жасқа толғанша жүргізілетін болады.

- Қандай жағдайларда Сіз төлем жасаудан бас тартасыз?

- Егер орын алған жазатайым оқиға еңбек қызметімен байланысты емес. Өндірістегі жазатайым оқиғалардың тергеуін ұйымдастыру үшін жұмыс беруші атқарады. Сондықтан егер тергеу комиссиясы жазатайым оқиға еңбек қызметімен байланысты емес деген қорытынды шығарса, онда сақтандыру ұйымының осы жағдайды сақтандыру жағдайы деп тануға негіздемесі жоқ. Біздің статистикамыз боынша көбіне мұндай жағдайлар өндірістік/зиянды факторлардың әсерімен байланысты емес зақымданған тұлғаның денсаулығының күрт нашарлану салдарынан жұмыс күні кезінде туындайды, бұл ретте жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі жоғары пайызды иеленіп отыр.

Сонымен қатар егер өндірістік жарақат/кәсіптік ауру кәсіптік еңбек қабілеттілігінен айырылуға әкеліп соқпаса, қызметкердің еңбекке жарамсыздық парағын жаубады да, ол жұмысқа қайта кіріседі.

- Төлем қаншалықты тез жүзеге асырылады? Ол немен байланысты? Ол үшін Сізге қандай құжаттарды алып, ресімдеу қажет?

- Заң құжаттардың толықтай тізімін белгілейді, осыған байланысты бізге құжаттардың толық тізімін ұсынбағанша, біз шешім қабылдай алмаймыз.  Сондықтан бірінші кезекте жұмыс беруші немесе қызметкердің өзі қаншалықты тез құжаттардың пакетін жинақтап, оны сақтандырушыға ұсынатынына байланысты болады. Ал қызметкерге қосымша шығыстарды емге нақты жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттарды алған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде өтеу қажет екені заңда қарастырылған. Сақтандырушы және жұмыс беруші арасында аннуитеттік сақтандыру шартын жасасу процедурасы аяқталғаннан кейін (қажетті құжаттарды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде) зақымданған қызметкердің пайдасына немесе ол қайтыс болған жағдайда, өтетуге құқығы бар тұлғаның пайдасына  төлемдер жүргізіле бастайды.

- Сіз тікелей кәсіпорындармен жұмыс істейсіз. Тағы қандй ерекшеліктер бар?

- Сақтандырушыға құжаттарды тапсыруды созып отырған өз қызметкерлеріне селқос қарайтын жұмыс берушілерге де тап боламыз, сондықтан зақымданған қызметкерлердің назарына олар өздері бүкіл құжаттарды жинап алып, сақтандыру компаниясына жүгіне алатындарын жеткізгіміз келеді.

Әзірше сақтандыру саласы көптеген адамдар үшін түсініксіздеу болуда, тиісті заңдар бойынша білім жетіспейді. Бұны біз қызметкерлердің өздері бізге хабарласып, қоңырау шалғанда, байқап отырамыз, олар мұндай жағдайда не істейтінін білмей, абыржып отырады. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы сақтандру компаниясына жүгінудің алдында заңдарды, оның ішінде ҚР «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Зиянды келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер» тарауы, ҚР Еңбек кодексі білуі маңызды, деп ойлаймыз. 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандыру нарығының ең қымбат брендтері аталды
Сақтандыру нарығының ең қымбат брендтері аталды

Brand finance Insurance 100 нұсқасы бойынша ең қымбат сақт...

«Nomad Life» ӨСК өз өніміне елдегі ең жоғары долларлық мөлшерлеме ұсынады
«Nomad Life» ӨСК өз өніміне елдегі ең жоғары долларлық мөлшерлеме ұсынады

«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы 4,1%-ға де...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру