bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандырудың көмегімен балаңызды қалай қорғауға болады

Әрбір ата-ана үшін балаларын қамтамасыз ету ең жоғары өмірлік басымдылық болатын шығар. Бұл мақсатқа жету үшін жақсы ойластырылған қаржылық жоспар қажет, - деп жазады Financial Express ePaper.
Өмірді сақтандырудың көмегімен балаңызды қалай қорғауға болады

Өмірді сақтандыру отбасын сақтандыру оқиғасы болған кезде әрдайым қорғайды. Өмірді сақтандыру жоспарына қатысты болған жағдайда, ата-ана бірнеше жолдардың біреуін таңдай алады. Мұндай полистер сақтандырудың жинақтаушы функциясын іске асырады, сондай-ақ ұзақ мерзімді өмірді үлестік сақтандыру (ағылш. unit-linked insurance plan) бір бағдарламада біріктірілген өнімдер жетілдіріледі.

Өмірді сақтандыру адамға әлеуметтік-экономикалық мәселелердің бірқатар кешенін шешуге мүмкіндік береді. Шартты түрде бұл міндеттерді екі топқа біріктіруге болады: әлеуметтік және қаржылық. Біріншісін іске асыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыз ету жүйесінің (мысалы, зейнетке шығуға қарсы, немесе кәмелеттік жасқа келуге немесе сақтандырылған тұлғаның өміріндегі басқа да оқиғаларға қарсы белгілі бір ақшалай соманы жинау) жеткіліксіздігін еңсеруге мүмкіншілік береді. Екіншісін іске асыру сақтанушының немесе сақтандырылушының қайтыс болған кезде қаржылық мүдделерін қорғау болып табылады.

Өмірді сақтандыру орташа деңгейдегі табысы бар жас отбасылар портфелінің ажырамас бөлігі болуы тиіс, себебі ол сіздің өміріңізді белгілі бір уақыт мерзімі ішінде күтпеген жағдайлардан қорғайды.

Әлем елдерінің көпшілінде өмірді сақтандыру бойынша компаниялар сақтандыру ұйымдарының жеке санатына бөлінген, оларға мемлекеттің қадағалауы айтарлықтай қатаң. Өмірді сақтандыру бойынша компаниялар, әдеттегідей, жеке сақтандыру түрлерінің кең спектірімен айналысады – өмірді сақтандыру (қайтыс болу жағдайына, өмірдің ақырғы мерзіміне дейін және т.б.), зейнетақылық сақтандырудың бірнеше түрлері, жазатайым оқиғадан сақтандыру және медициналық сақтандырудың бірнеше түрлері. Оларға мүлікті сақтандыру және жауапкершілікті сақтандыру (шетелдік тәжірибеде бірге general insurance немесе non-life insurance аталып кеткен) – сақтандырудың мүліктік түрлерімен айналысуға рұқсат берілмейді.

Дереккөзі: https://www.financialexpress.com/money/protect-your-childs-present-and-future-with-life-insurance/2128483/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандырушылар дағдарыс соққысын қабылдауда
Сақтандырушылар дағдарыс соққысын қабылдауда

Әлемнің сақтандыру компаниялары коронавирус ...

Өмірді сақтандыру туралы ең танымал сұрақтарға жауаптар
Өмірді сақтандыру туралы ең танымал сұрақтарға жауаптар

Қалыптасқан жағдайда өзіңе және жақындарыңны...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру