Конкурстың жеңімпаздары бірінші базалық актуарлық курстан тегін өту және тегін емтихан тапсыру мүмкіндігіне ие болатындарын естеріңізге саламыз. Емтиханды табысты тапсырған жағдайда, олар сондай-ақ ҚР-да актуарийлерді оқытудың минималды бағдарламасының екінші базалық курсына грант негізінде қатыса алады. Конкурсқа 1994 ж. бұрын емес туылған ҚР азаматтары, жоғары оқу орындарының бакалавриатында соңғы курста оқып жүрген білім алушылар, немесе ЖОО-ны жақын арада бітірген, немесе GPA (орташа балл) жоғары көрсеткіші бар магистратурада, аспирантурада, докторантурада білім алушылар қатыса алады. Басымдық берілетін пәндер математика және физика. Сондай-ақ іріктеу барысында математика, физика пәндері бойынша олимпиадалар мен жобаларда алған жүлделі орындар және курстың толық бағдарламасына қатысу үшін бос уақыттың болуы ескеріледі. Конкурс туралы толық ақпаратты www.actuary-grant.kz сайтынан оқи аласыздар.
- Мирбулат Бахытжанович, Сіз актуарлық математиканы студенттерге оқытасыз. Бұл қандай пән, сондай-ақ актуарийдің жұмысында неліктен экономика емес, математика пәні маңызды туралы айтып беріңізші.
- Қазақстанда 2000-шы жылдардың басында алғашқы рет актуарлық курстарға іріктеу жарияланғанда, онда негізінен экономистерді, қаржыгерлерді, ал математиктерді ең соңында қабылдаған еді. Сол кезде курстардың тағы бір шарты ағылшын тілінің білуі болатын, өйткені дәрістер сол тілде өткізілген еді. Курстарды ҚР Ұлттық банкі АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттілігімен (USAID) бірге ұйымдастырылған. Нәтижесінде курстардың 50 тыңдаушысының ішінен тек 12-13 адам ғана емтиханды тапсыра алды, және олардың барлығы математиктер немесе жақсы базалық математикалық білімі бар болғандар. Кейінірек біз өзіміз актуарлық курстарды өткізе бастағанда, біз қазіргідей, негізінен математиктерді таңдайтын болдық. Бұның қарапайым себебі бар. Экономикалық мамандарды даярлайтын барлық біздің оқу орындарымыздың әлсіз жағы: олар, өкінішке орай, математиканы: ықтималдылық теориясын, матстатистиканы, матанализді оқытуды қойды. Сондықтан олардың түлектері біздің курстарымызға қатыса алмайды. Ал жақсы актуарий болуы үшін жақсы математик пен зерттеуші болуы керек. Мысалы үшін, мен осында ҚазҰУ-де бірге жұмыс істеген біздің математигіміз, физика-математика ғылымдарының кандидаты Махмұд Сағындық өзінің жұбайымен бірге АҚШ Үкіметінде актуарий болып жұмыс істеп жүр. Ал ол өзі АҚШ актуарийлері қоғамының мүшесі болып табылады.
Қазір сақтандыру нарығында лицензияланған актуарийлердің көбісі – математикалық факультеттердің түлектері болып табылады.
2000-шы жылдардың басында қабылданған ҚР Ұлттық Банкінің актуарийлерді даярлаудың минималды бағдарламасы 6 курстан және 10 емтиханнан тұрады. Оның ішінде алғашқы 5 курс математика бойынша жақсы білімді қажет етеді. Барлық актуарлық есептер есептеулермен байланысты болады, ал олар таза математикалық білімге – ықтималдылық теориясы және матстатистика және т.б. бойынша білімге негізделген.
- Актуарлық курстар неден құралады? Болашақ мамандар базалық курстарда нені және қандай кезеңде үйренуі тиіс?
- Осы 6 курстың ішіндегі алғашқы екі курсы – базалық болып табылады. Тәжірибеміз көрсеткендей, осы екі курсты тәмамдап, емтиханды тапсырғандардың қалған 4 курсты сәтті аяқтап, лицензияланған актуарий болуға мүмкіндіктері көп. Сондықтан біздің қазіргі міндетіміз екі базалық курстан өте алатын адамдарды іріктеп алу.
Бұрын Қазақстанда алғашқы актуарийлер осы екі алғашқы курс негізінде өзінің лицензияларын алды, сондықтан олар актуарийдің жұмысын бастау үшін барлық қажетті материалдарды қамтиды. Мысалы, бірінші курс қаржы матаматиканың негіздерін, ал бұл пайыздардың теориясы, қаржылық аннуитеттері, қарызды, облигацияларды өтеуді қамтиды. Бұдан әрі өмірді сақтандырудың негізгі теорияларының негіздері оқытылады: өлімнің кестелері және оларды құру әдістері, сақтандыру аннуитеттері, өмірді сақтандыру, бірлескен сақтандыру аннуитеттері, аннуитеттердің деректерін зейнетақы жоспарларына қатысты қолданылуы.
Сақтандыру, барлығына мәлім болғандай, екі салаға бөлінеді: жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру. Екінші базалық курс сақтандырудың осы салаларының негізгі мәселелері мен міндеттері бойынша, нақты айтқанда: сақтандыру өнімдерінің баға белгілеуі, қорлар, шығын қорларын бағалау әдістері, қайта сақтандыру, инвестициялар теориясы, сақтандыру аннуитеттері (тереңдетілген) бойынша базалық білімді береді.
Осы екі базалық курсты тәмамдаған тыңдаушылар сақтандыру компанияларында жаңа бастап келе жатқан актуарий, стажер болып жұмысқа кірісе алады. Әдетте осылай болып жатады. Біздегі сақтандыру компаниялары өздерінің компанияларына базалық курсты бітірген түлектерді жұмысқа қабылдайды, ал содан кейін бұл маман қалған 4 актуарлық курсты өзі төлей алады, немесе бұл шығындарды компания өзі өтейді, өйткені білікті кадрларды даярлау ісіне мүдделі болады.
Сондай-ақ мұндай мамандар, мысалы үшін, қайта сақтандыру бөлімінде тәуекел-менеджері, андеррайтері болып та қызмет атқара алады.
- Демеуші үміткерге неліктен осындай қатал / жоғары талапты қойған?
- Бұл өте дұрыс. Мен актуарийлердің ең алғашқы курстарға іріктеудің көрсеткіштері дұрыс берілмегенін, оқытуға қомақты сома жұмсалғанын, бірақ аз ғана түлектер емтиханды тапсыра алғанын айтып, жоғарыда мысал келтіргенмін. Мұндай жағдай қайталанбас үшін іріктеу кезеңінде үміткерлерге жоғары талапты қою маңызды.
- Осы курстан өткен білім алушылардың пайыздық көрсеткіші қандай? Бұл немен байланысты екен?
- Бұл курсқа және тыңдаушылардың дайындық деңгейіне байланысты. Статистика бірінші базалық курстың нәтижелері бойынша тыңдаушылардың 15-20% ғана, одан көп емес бірінші реттен-ақ емтиханды сәтті тапсыратындығын көрсетеді. Ал екінші курс бойынша үлгерім – 50%-дан артық. Бірақ бұл курстарда емтиханды қайтадан тапсыруға мүмкіндігі бар.
- Курстан сәтті өтуі үшін не қажет?
- Әрине, математика бойынша жақсы базалық білімнің болуы, әрине, емтиханды сәтті отуінің кепілі бола бермейді. Бұның себебі – осы курстардың қарқындылығының жоғары деңгейі. Актуарлық курстардың жалпы мөлшері 114 аудиториялық сағатты құрайды, оларды 3 аптаның ішінде өту қажет. Сондай-ақ бір апта біліктілік емтиханына дайындалу үшін қажет. Бұл осы күндердің барлығы, бір ай бойы оқумен өтетін болатындығын білдіреді. Яғни күніне 8 сағаттан, оған қоса үй тапсырмаларын орындау, жалпы алғанда күніне 12-16 сағат оқу керек. Өкінішке орай, біздің жастар мұндай қатаң оқу кестесіне дайын емес.
Егер біз курстарды мерзім бойынша ұзартатын болсақ, бұл жүктеменің қарқындылығын қысқартуға мүмкіндік береді, бірақ оқыту құны өсетін болады. Өйткені оқытушылардың жалақысын төлеу үшін қосымша шығындар туындайды.
- Конкурстың ұйымдастырушысы іріктеуден өткен 50 тыңдаушыға базалық курстан өтуін өзі төлейді. Бүгінгі таңда осы салада кадрлардың жетіспеушілігі расында да сезіледі ме? Бұл немен байланысты екен?
- Біздің нарығымызда соңғы 5-6 жылда актуарийлерді даярлауды мүлдем қойды. Нәтижесінде қазіргі таңда бүкіл сақтандыру нарығында кадрлардың жетіспеушілігі сезілуде. Өкінішке орай, актуарийлерді – сақтандыру компаниялары үшін мамандарды Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орны оқытпайды. Жоғары оқу орындарына мұндай пәнді енгізуге дайындық жұмыстары біраз уақытты алады – тиісті теориялық базаны, оқытушыларды, ал олар қазір өте аз, дайындау қажет, келісудің ұзақ кезеңінен өту керек. Бұл бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. Сондықтан қазіргі кезде болашақ актуарийлер жоғары оқу орындарында жақсы математикалық білімді алғаны маңызды, ал қалғанына актуарлық курстарда үйреніп шығады.
Кадрлар бәрін шешетіні бәріне мәлім, бұл сақтандыру компанияларына тікелей қатысты. Қазіргі кезде тәуекелдердің деңгейі (мүліктен айырылу, денсаулыққазиян келтіру, ипотека бойынша дефолт және т.б.) өсіп келеді. Олардың салдарын азайту үшін тәуекелдерді болжамдай алу қажет, ал ең бастысы оларды қиын, сыни жағдайларда басқара білу қажет. Бұл үшін сауатты мамандар қажет.
- Болашақ мамандарға бұл курстар не бере алады? Қандай перспективаларды ашады?
- Өз білімін және деңгейін жетілдіруден қорықпау керек. Егер қазір жастарда жұмысқа орналасумен қиындықтар туындап жатса, онда бұған, біріншіден, өздері кінәлі. Жақсы жалақы алғын келсе, оқу керек, бір диплом өмір бойына жетпейді, өз біліктілігін үнемі жетілдіру қажет, өйткені қазіргі заманғы әлем, сондай-ақ оның талаптары мен қажеттіліктері тұрақты түрде өзгеріп тұрады. Мысалы, мен сертификатталған қаржылық аналитикке (СFA) халықаралық емтиханды тапсыруға өз бетінше дайындалып отырған көптеген жастарды танимын, бұл емтиханды сәтті тапсыратын болса, олар халықаралық қаржы ұйымдарына жұмісқа орналаса алады.
Ал актуарий мамандығының перспективасына келетін болсақ, АҚШ-та, мысалы, рейтинг бойынша бұл мамандық жұмысты таңдау кезінде әр түрлі артықшылықтарды есепке ала отырып, елдегі жетекші мамандықтардың шыңында орналасқан. Әрине, актуарийлердің жалақысы өте жоғары. Қазақстанда, мысалы, еңбек өтілі 15-20 жыл құрайтын ұлттық жоғары оқу орнының жоғары білікті қызметкері орташа есеппен 150 мың теңге мөлшерінде жалақы алады. Актуарлық курстарды бітірген сақтандыру компаниясының актуарийдің көмекшісінің жалақысы да дәл осындай, ал лицензияланған актуарийдің жалақысының перспективалары жайында айтпасақ та болады. Айтпақшы, «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы лицензияланған актуарий, ҚазҰУ математикалық факультетінің түлегі К.С.Чегебаев болып табылады.
- «НОМАД LIFE» компаниясының оқуға гранттарды бөлу бойынша қадамын қалай бағалайсыз?
- Бұл өте жақсы бастама. Бүгінгі таңда актуарийлерді даярлау ісіне ақша салып, компания 2-3 жылдан кейін-ақ өз инвестицияларын жақсы кадрларға қол жеткізу арқылы қайтара алады. Өзге сақтандыру компаниялары осындай нәтижелерді көріп, бұл бастаманы қолдайтынына сенеміз. Бүгінгі күнмен ғана өмір сүруге болмайды. Әлсіз мамандардың болуы ерте ме, кеш пе компанияның қаржылық көрсеткіштеріне әсер ететіндігін түсіну керек. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, адами капиталға салынған инвестициялар әрдайым қайтады.
- Сіз математик мамандығына қалай келгеніңізді және қандай қиындықтарға тап болғаныңызды айтып бересіз бе?
- Мен ҚазМУ-дың мехмат факультетін 1982 жылы қызыл дипломмен бітіріп шықтым, менің орташа баллым 5,0 құрады, яғни бұл ең жоғары көрсеткіш болды. Тағылымдамадан өтіп, аспирантураны тәмамдап, 6 жылдан кейін кандидаттық диссертацияны қорғап, 300 сом шамасында айлығымен КСРО физика-математика ғылымдарының кандидаты атандым. Қарапайым инженердің орташа айлығы ол кезде 150 сомды құрағаны естеріңізге саламын. Кеңестік одақтың құлдырауынан кейін, біздің дипломдарымыз ешкімге қажетсіз болғаннан кейін, отбасымды асырау үшін саудамен айналыстым. 6 жылдан кейін отбасымды қажетті материалдық деңгеймен қамтамасыз еткеннен кейін, мен қайтадан ғылымға оралу туралы ойландым. Сол кезеңде маған ЖООдан оқытушылық қызметке ұсыныстар келіп түсетін. Мен студентерді оқытатынмын, бірақ тұрақты негізде емес. Бірақ мен материалдық жағымды дұрыстап алғаннан кейін, өмірімді ғылымға арнауға мүмкіндік туды, әйтпесе өзімнің адал еңбегіммен тапқан қызыл дипломым үшін қынжылатынмын, және жалпы кеңестік кезеңдегі тәрбие алған мен сияқты адамдар Отанына қызмет етуді қаладым (күліп). Әлемнің бүкіл ақшсаын табу сияқты мақсатым болған емес (күліп).
Мен туған кафедрама оралып, акутарлық математика туралы естігеннен кейін тиісті курстарға қатысып, содан кейін өзім де осындай курстарды Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Қырғыз Республикасында, Әзірбайжанда да ұйымдастыруға атсалыстым. Қазіргі кезде ЖОО-да математика бойынша болашақ мамандарды даярлау ісіне қатысып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да мехмат факультетінің негізінде актуарий пәнен енгізу бойынша жұмыстарды қоса атқарып жүрмін. Екі базалық актуарлық курсты біз студент-математиктерге «актуарлық математика» траекториясы бойынша бакалавриатта оқытып жүрміз. Магистратураны да аштық, оның аясында актуарлық ғылымды тереңдетіп оқытамыз, жоспарда Phd-докторантураны ашу бар. Қазір мехматтың көптеген студенттері актуарлық мамандықтың болашағын түсіне бастады, сондықтан жақын арада мехмат факультетінде актуарий мамандығын ашамыз, деп ойлаймыз.