bs-preloader__icon
ru kz en

Виталий Любимов: "Online-қызметтері және 24/7 сервисі – өмірді сақтандыруда табысқа жетудің кепілінің бірі"

«Казкоммерц-Life» АҚ Басқарма төрағасы Виталий Любимов халық арасында сақтандыру қызметтерін белсенді түрде алға жылжыту үшін, түрлі іс-шаралар мен кездесулерден басқа сақтандырудың қарапайым және түсінікті бағдарламаларын әзірлеу керек, деп есептейді. Нарыққа тағы не көмектесетіндігі туралы ол Lifeinsurance.kz сайтына берген сұхбатында әңгімелеп берді.
Виталий Любимов: "Online-қызметтері және 24/7 сервисі – өмірді сақтандыруда табысқа жетудің кепілінің бірі"

- Виталий Владимирович, Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығында қандай елеулі оқиғаларды Сіз атап көрсетер едіңіз?

- Сақтандыру нарығында өмірді сақтандыру бойынша отандық компаниялар күтіп отырған едәуір маңызды оқиғалар осы жылдың шілде айында орын алды. Нақты айтатын болсақ, біздің елімізде сақтандыру қызметін реттейтін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді.

Осылайша, енді «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар резидент сақтандыру компаниясы қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыра алмайд. Енді ҚР аумағында сақтандырудың осы сыныбы бойынша сақтандыру шарттарын қайта сақтандыруды өмірді сақтандыру компанияларда және/немесе бейрезидент сақтандырушыларда ғана жүзеге асыруға болады.

Сонымен қатар 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасу кезінде сақтандыру шарттарын жасау бойынша сақтандыру агенттерінің қызметін жүзеге асыруға жол берілмейді. Клиент үшін бұл сақтандыру сыйлықақысының мөлшері аздау болатындығын білдіреді, өйткені шартты осындай тәсілмен жасауда сақтандыру агентінің қызметі есептелмейді, сондықтан комиссиялық сыйақы төленбейді және ол сақтандыру тарифінің құрамына кірмейді.

Сонымен қатар агенттердің делдалдық қызметіне тыйым салынған сақтандырудың түрлері анықталды, нақты айтқанда: зейнетақы аннуитеті бойынша, жұмыс берушінің жауапкершілігінің аннуитеті бойынша, туристерді міндетті сақтандыру кезінде, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сақтандыру шартын жасау кезінде, сонымен қатар егер клиент ретінде ұлттық компаниялар немесе мемлекеттік органдар болса.

Оған қоса жеке тұлғаға «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір ғана сақтандыру ұйымының және (немесе) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шектеулер енгізілді. Бұл талап сақтандыру агенті сақтандырудың бір саласында қызмет ететін бірнеше компанияның қызметтерін ұсына алмайтындығын білдіреді.

«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңына да өзгерістер енгізілді.
 

Біріншіден, сақтандыру шартында агенттер бойынша мәліметтер көрсетіліп, сақтандыру агентінің комиссиялық сыйақысының болуы/жоқтығы туралы ақпарат көрсетілуі тиіс. Бұл сақтандыру агентінің сәйкестендірілуін және оның комиссиялық сыйақысының мөлшерін едәуір айқын етіп көрсетеді. Бұл орайда клиент әрқашан сақтандыру агентін таба алатын болады, өйткені сақтандыру шартында оның байланыс мәліметтері көрсетіледі.

Екіншіден, максималды комиссиялық сыйақының мөлшері алынып тасталды, бұл сақтандыру компаниясына табыстылықтың көрсеткішіне әсер ететін өз параметрлеріне байланысты комиссиялық сыйақының шамасын анықтауға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, сақтандыру шартын жасау күнінің алдындағы соңғы бес жыл ішінде сақтандыру жағдайлары болмаған жағдайда, сақтандыру компаниясы жаңа сақтандыру шартын жасау кезінде түзеті коэффициенттерін өз бетінше анықтауға құқылы. Мұндай жағдайларда сақтандыру жарналарының мөлшері осындай коэффициентті қолдану есебінен төмен болуы мүмкін.

Бұл өзгерістер клиенттердің бес жыл ішінде зиянсыздығыының тарихына негізделген оларға деген дара жолын табуға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар өмірді сақтандыру компанияларында зейнетақы аннуитет шарттары бар клиенттер үшін зейнетақы аннуитет шартын толықтыру үшін БЖЗҚ-дан өз зейнетақы қорланымды пайдалану мүмкіндігі кеңейтіліп, соның нәтижесінде аннуитеттік төлемнің мөлшерін арттыруға болады.

Біздің ойымызша, мұндай өзгерістер біздің азаматтарымыздың сақтандыру қызметтеріне сенімділіктің артуына мүмкіндік береді, өйткені мемлекет сақтандыру агенттерінің қызметін реттеп, сақтандыру компаниялары клиенттерінің мүдделерін де назардан тыс қалдырмайды.

- Сіздің ойыңызша, Қазақстанда өмірді сақтандыруға халықты белсенді түрде тарту үшін не қажет?

- Жалпы, халық арасында өмірді ерікті сақтандыру қызметтеріне сұранысты арттыру үшін азаматтардың сақтандыру мәдениетін көтеруге бағытталған семинарлар, оқыту шебер-сыныптары түріндегі арнайы іс-шаралардың өткізілуі талап етіледі. Сақтандыру компанияларынан, бірінші кезекте, сақтандырудың қарапайым және түсінікті бағдарламаларын жасау талап етіледі.

Бұл орайда сақтандыру полистерін on-line режимінде сатуды жүзеге асыру маңызды болады. Елімізде интернетті пайдаланатын адамдар санының статистикасының оң динамикасы бар, жыл сайын интернет арқылы сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің көлемі артуда. Сондықтан сақтандыру компаниялары әлеуетті клиенттерге сақтандыру қызметтеріне интернет арқылы сатып алуға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет.

Сонымен қатар бар клиенттерге «24/7» режимінде қолжетімді болуы мүмкін клиенттік сервисті жетілдіру де маңызды. Бұл үшін клиенттердің әр түрлі мобильдік қосымшалар, жеке кабинеттер арқылы дербес ақпаратқа қолжетімділігіне жол беріп, төлем терминалдары, электронды әмияндар және өзге де мобильдік қосымшалар арқылы сақтандыру жарналарын төлеу үшін кең мүмкіндіктерді ұсыну қажет.

- Өмірді жинақтаушы сақтандыруға халықтың сұранысын көтеру үшін қазақстандық сақтандыру нарығы нені ұсына алады?

- Бірнеше жыл бойы өмірді сақтандыру бойынша отандық компаниялар қолпаштаған кейбір өзгерістер 2018 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілген ҚР салық кодексінің түзетулерінде ескерілді.

Осылайша, егер сақтандыру шарты бойынша клиенттің өзі сақтандырылған тұлға және пайда алушы болып, сақтандыру сыйлықақылары төленген болса, онда клиент өмірді жинақтаушы сақтандыру шартының мерзімі аяқталған кезде алатын сақтандыру төлемдері табыс салығынан босатылады. Осы арқылы клиенттердің бөлігі өмірді жинақтаушы сақтандыру шартының мерзімі аяқталған кезде алатын сақтандыру төлемдері табыс салығынан босатылады. Салыстыратын болсақ, бұрын мұндай салық төлемнің мөлшерінен 10% мөлшерінде ұсталатын. Ал бұл қомақты сома.

Сондай-ақ, жинақтаушы сақтандыру әлеуетті клиенттермен қосымша инвестициялық құрал ретінде бағаланғаны да маңызды. Атап айтқанда, Қазақстанның Ұлттық Банкі сақтанушы өз қорының unit-linked деп аталатын инвестициялық стратегиясын басқаруға қатысатын өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтандыру өнімдерін жасау мүмкіндігін қарастырады. Бұл өнім нарықта талап етіліп, кейбір ТМД елдерінің және Еуропа елдерінің тәжірибесін дәлелдейді деп күтілуде.

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Жеке тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары бір жылда 14 ға өсті%
Жеке тұлғалардың шетел валютасындағы салымдары бір жылда 14 ға өсті%

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жеке тұлға...

Бал тіс өңезінің пайда болуы мен аурулар қаупін азайтады
Бал тіс өңезінің пайда болуы мен аурулар қаупін азайтады

Манука балы ауыз қуысының денсаулығын жақсарт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру