ӨЖС полистері – бұл өз иеленушілеріне долларлық эквивалентте жылдық 4,5%-ға дейін әкелетін, тиімді жинақ өнімдер. Клиент полистің мерзімі аяқталғаннан кейін міндетті түрде сақтандыру төлемін алады, сонымен қатар, сақтандырушылар басталуын алдын-ала болжау мүмкін емес: жазатайым оқиға, еңбекке қабілеттіліктен айырылу, ауыру және қайтыс болу секілді жағдайлардан клиенттерді қорғайды.
Сақтандырудың қандай мерзімдері неғұрлым тиімді екенін анықтау үшін, полис құны мен оның табыстылығын қалыптастыруға қандай факторлар әсер ететінін түсіну маңызды. «Өмірді сақтандыру – дербес сақтандыру қызметі, себебі сақтандыру шартын жасасу кезінде клиент төлейтін сақтандыру сыйлықақысының мөлшері көптеген факторларға, оның ішінде сақтандырылған клиенттің өзіне қатысты факторларға байланысты. Мысалы, клиенттің жынысы, жасы, кәсіптік қызмет түрі, оның денсаулығының жағдайы және өмір салты. Әдетте, клиент жас болған сайын соғұрлым сақтандыру жағдайының басталу тәуекелі төмен, және тиісінше тарифтер де төмен, сол үшін сақтандыру полисі үшін жарна сомасы төмен болады», - деп түсіндіреді Халык-Life Басқарма төрағасының м.а. Андрей Джексембаев.
Сақтандыру мерзімінің де маңызы бар, ол ұзақ болған сайын соғұрлым сақтандыру сомасы көп және сақтандыру жарнасының мөлшері төмен. Бұл сақтандыру компаниясы оған кірістілікті алуға мүмкіндік беретін, клиенттің қаражатын инвестициялаумен түсіндіріледі. Инвестициялау мерзімі ұзағырақ болған сайын, соғұрлым инвестициялық кірістілік мөлшері жоғары. «Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін анықтаған кезде қандай факторлар ескерілетінін біле тұра, адам өмірді сақтандыру полисін сатып алған кезде ол жас болған сайын соғұрлым бүткіл сақтандыру мерзімі ішінде сақтандыру жарналарының мөлшері төмен болатынын түсінуі тиіс, және сақтандыру мерзімі ұзақ болған сайын, соғұрлым жарналар мөлшері төмен. Кеңес: өмірді сақтандыру полисін жас кезде және неғұрлым ұзақ сақтандыру мерзіміне сатып алған тиімді», - дейді сұхбаттасушы.
Өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жиырма жыл мерзімге дейін жасауға болады. Өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасау мерзімі сақтанушы өз қажеттіліктеріне сүйене отырып, қандай мақсат қоятынына байланысты. «Мысалы, егер сіз баланың жоғары білім алуына жинағыңыз келсе, онда үш жылдан алты жылға дейін мерзім қажет. Сонымен қатар, жинақтаушы сақтандырудың валюталық бағдарламаларының жоғары табыстылығын айта кету керек. Және мерзім жоғары болған сайын, мөлшерлеме де жоғары. Мысалы, «Халык-Life» АҚ-ның сұраныстағы өнімдерінің бірі - «Халық-Қазына». Бұл валюта бағамына индекстеумен өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы, бұл дегеніміз, сақтандыру жарнасын төлегеннен кейін клиенттің өмірі төлем күніне Ұлттық Банктің бағамы бойынша валютада есептелген кірістілікті ескеріп жинақтар сомасына сақтандырылған. Сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін клиент кепілдендірілген кірістілікті қосқанда, осы жинақталған соманы кері алады, төлем сондай-ақ шарттың аяқталу күніне шыққан бағам бойынша теңгеде болады», - деп қорытындылады Андрей Джексембаев.
Өмірді жинақтаушы сақтандырудың тағы бір үлкен артықшылығы – салық жеңілдігі. Сонымен, сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезде үш жыл және одан да көп мерзімге жасалған жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша АЕК-тің 320 еселенген мөлшері шегіндегі жеке табыс салығы үшін есептелетін кірісті түзетуді жүргізуге болады.
Сурет ашық дереккөздерден