bs-preloader__icon
ru kz en

Оксана Радченко: «Өмірді сақтандыру компаниялар мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесінің қатысушысы болуы әбден мүмкін».

"Халык-Life" АҚ Басқарма төрағасы Радченко Оксана Станиславовна LifeInsurance.kz порталымызға берген сұхбатында төмендегідей сұрақтар бойынша мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесін дамыту тақырыбы бойынша өз ойын білдірді.
Оксана Радченко: «Өмірді сақтандыру компаниялар мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесінің қатысушысы болуы әбден мүмкін».

- Оксана Станиславовна, біздің редакциямызға белгілі болғандай, сіздің «Халык-Life» АҚ компанияңыз Ұлттық Банкпен өмірді сақтандыру компанияларының МББЖЖ – Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесіне қатысу мүмкіндігі туралы келіссөздерге қатысқан екенсіз. МББЖЖ-дың ӨСК дамуына қандай үлес қоса алатынын айтып берсеңіз? Олардың мұнда қандай айртықшылықтары бар?

- Иә, расымен де. «Халык-Life» АҚ "Nomad Life" ӨСК» АҚ-мен бірлесе отырып, Ұлттық Банкпен МББЖЖ жүйесіне өмірді сақтандыру компанияларын тарту мүмкіндігі мәселесі бойынша келіссөздердің жүргізілуін бастады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі туралы» заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесінің қатысушысы болып салымшы, қатысушы-банк, енгізуші, оператор, білім беру ұйымы және білім беру саласындағы уәкілетті орган табылады. өз тарапымыздан біз өмірді сақтандыру компаниялары төмендегідей себептермен МББЖЖ қатысушысы бола алады деп есептейміз.

Біріншіден, қолданыстағы МББЖЖ мәні білім беру депозиттерінің 5% -7%-ға мемлекетпен субсидиялануында. Сондай-ақ өмірді сақтандырудың ұзақ мерзімді жинақтаушы бағдарламалары өмірді сақтандыру компанияларының (бұдан әрі – ӨСК) классикалық өнімі бола тұра, сақтанушының немесе пайда алушының әлеуметтік маңызы зор оқиғаларға: баланың кәмелеттік жасқа толуы, ЖОО-ға түсуі, неке қиюы және т.б. оқиғаларға орайластырылған сақтандыру шартымен белгіленген күніне сақтандыру төлемдерінің жүзеге асырылуын қарастырады.

Екіншіден, сақтандыру шартында асыраушысынан айырылу, жазатайым оқиғаның басталу жағдайында қосымша сақтандыру арқылы қорғау қарастырылған.

Бұл талаптар айтарлықтай дәрежеде баланың біліміне жинақтардың тиімділігін арттырады, өйткені ата-ананың өмірін жинақтау кезеңінде баланың пайдасына сақтандыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар жинақтардың қосымша дереккөзін құрайды. Осылайша, жинақтардың мерзімі аяқталуына дейін салымшының (ата-ананың) аман-есен өмір сүру кезінде бала МББЖЖ бойынша жинақталған сомаға, сондай-ақ сақтандыру шартының талаптарына байланысты өмірді жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша да төлемдерге қол жеткізе алады. Салымшының (баланың ата-анасы) өмірінде күтпеген жағдайлар орын алған жағдайда, бала кез келген жағдайда сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін ата-анася сақтандыру жағдайы басталған сәтіне дейін қанша сақтандыру жарнасын салып үлгергеніне қарамастан  ата-анасы сақтандырылған соманы ала алады. ӨСК-ның МББЖЖ жүйесіне енген жағдайда, орын алатын осындай синергетикалық әсердің басты құндылығы осында қамтылған.

- Сіздің ойыңызша, еліміздегі МББЖЖ жүйесінің дамуында ӨСК әлеуеті қандай? Нарықтағы ең ірі компания ретінде «Halyk Life» болашақта осы жағдайда компаниялар мен клиенттер үшін қандай мүмкіндіктерді көріп отыр?

- Қазақстанның азаматтарын МББЖЖ-ға қатысуын арттыру бойынша мемлекет тарапынан өткізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде біз өмірдегі белгілі бір оқиғаға қатысты сақтандыру сияқты жинақтаушы сақтандырудың түрін дамыту үшін жақсы перспективаларын көріп отырмыз. Сонымен қатар қазірдің өзінде нарық өз клиенттеріне сақтандыру компаниясының пайдасына қатысу мүмкіндігін ұсынатын пайдаға қатысуы бар бағдарламаларды пайдалануды ұсынып отыр. осылайша, МББЖЖ жүйесіне ӨСК тарта отырып, мемлекет сақтандыру компаниялары үшін әлеуетті нарықты кеңейте отырып, Қазақстандағы өмірді жинақтаушы сақтандырудың әрі қарай дамуын ынталандыратын болады. МББЖЖ салымшылары үшін мұндай бағдарламаның енгізілуі банкте мақсатты жинақтарды жасау ғана емес, жинақтардың мерзіміне сақтандыру арқылы қорғауға мүмкіндік береді, яғни баланың ата-анасының өміріне немесе денсаулығына зиян келтіруімен байланысты күтпеген жағдай орын алған жағдайда оның оқуына сақтандыру сомасының қалыптастыруына кепілдік береді.

- Сіздердің Ұлттық Банкпен МББЖЖ жүйесі бойынша жүргізіліп отырған келіссөздеріңіз қандай кезеңде? Осы келіссөздердің қорытындысы бойынша өзгерістерді күтуге болады ма? Қандай өзгерістер болуы мүмкін?

- Бұл кезеңде біз Ұлттық Банктің алдында, ал кейін Үкіметтің алдында заңнамалық деңгейде ӨСК-ның МББЖЖ жүйесінің толыққанды қатысушысы болу мүмкіндігін қамтамасыз етуін бастамасын жоспарлап отырмыз. ӨСК-ның алдыңғы бастамаларының алдыңғы тәжірибесі көрсетіп отырғандай, оптимистік сценарийін іске асыру кезінде ӨСК-ның МББЖЖ жүйесіне қатысуын іске асырылуына 3 жылдай кетеді.

- Сіздің ойыңызша, МББЖЖ жүйеден басқа өмірді сақтандырудың қандай бағыттарының Қазақстанда алдағы жылдарда перспективасы бар?

- Былтырғы жылы сақтандыру нарығында заңнамалық өзгерістердің нәтижесінде біз 2019 жылда өмірді сақтандыру компанияларының клиенттеріне сақтандыру шарты бойынша қосымша инвестициялық кірісті алуға АИҚ (ПИФ) арқылы қатысу мүмкіндігін беретін сақтанушының инвестицияларға (unit-linked деп аталатын) қатысуын қарастыратын өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары пайда болады деп жоспарлаған болатынбыз. Біз ағымдағы жылда бұл өнімдерге сұраныстың күрт өсуін күтіп отырған жоқпыз, өйткені клиенттер үшін де, сақтандыру компаниялары үшін де, инвестициялық басқарушы компаниялар үшін де бұл өнім жаңа болып табылады. оны байқап көру керек, түрлі нұсқаларын татып көру керек. Бірақ дәл осы сақтандыру өнімімен біз Қазақстандағы жинақтаушы сақтандыру нарығының болашағын байланыстырып отырмыз.

Сонымен қатар еліміздегі сақтандыру нарығын сандық жүйеге көшіру стратегиясының дамуы шеңберінде клиенттің шығындарын азайту және сақтандыру шартын жасасуға уақытын үнемдеу мақсатында сақтандыру шарттарын жасасудың электрондық нысаны кеңінен пайдаланатын болады. Біздің саламыздың ерекшелігін ескере отырып, нарықта сақтандыру шартын жасау алдында арнайы бағалауды талап етпейтін арнайы қораптық немесе «андеррайтингсіз» өнімдердің пайда болуы ықтималдығы жоғары болмақ.

О.С. Радченконың суреті компанияның баспасөз-қызметімен ұсынылды.

Бастапқы беттегі сурет – ашық дереккөздерінен алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру