bs-preloader__icon
ru kz en

Болашақ - өмірді сақтандыру компанияларының өнімдерінде - Бахмутова

Бірнеше жыл Казақстан қор биржасы бейресми түрде қаржыгерлермен сұхбаттарды өткізіп жүр. Бұл жолы Kase Talks-тің қонағы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрайымы Елена Бахмутова болды. Спикер өмірді сақтандыру компанияларының жинақтаушы және аннуитеттік бағдарламаларының артықшылықтары жөнінде айтты.
Болашақ - өмірді сақтандыру компанияларының өнімдерінде - Бахмутова

Қазақстанда өмірді сақтандыру компанияларының өнімдеріне сұраныс өсуде. Осылайша, 2021 жылдың он айында ӨСК сыйлықақыларының динамикасы жылдық көріністе 75,4%-ды құрады. Сонымен, қаңтар-қазанда жиналған жиынтық брутто-сыйлықақылар 314,6 млрд теңгеге жетті. «Сақтандыру өнімдерінде болашақ бар. Әзірге нарықтың дамуына төмен сақтандыру мәдениеті кедергі болып отыр. Батыста ӨСК өнімдері кең таралған және сұраныста, оларсыз қадам жасауға болмайды. Біртіндеп бұл біздің елімізде де болады. Адамдар ӨСК қисынды бағада өнімдерді ұсынатынын түсіне бастайды, төлемдерді уақытылы ала бастайды және өмірді сақтандырушылар ауыздан ауызға ақпарат таратудың көмегімен жақсы жарнама алады», - деді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының басшысы.

Сақтандыру инвестиция ретінде

АҚШ-та ӨСК-ге ақша салатын адамдардың саны депозит ашатындарға қарағанда шамамен екі есе артық. Бұл елде сақтандырушылардың инвестициялық жоспарлары үлкен танымалдылыққа ие. Қазақстанда да өмірді үлестік сақтандыру немесе Unit-Linked бар, мұнда адам өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру полисін сатып алады және бұл ақша көбінесе инвестициялық қорлар арқылы түрлі активтерге салынады. Полистің иеленушісі өздігінен активтерді таңдай алады, портфель құрамын ауыстырып, полистің қолданылу мерзімін таңдай алады және инвестициялардың мөлшерін ұлғайта алады.

«Сонымен қатар, біздің елімізде өте жақсы жинақтаушы сақтандыру өнімдері бар. Табысты талқылайтын полистер бар, бірақ өмірді сақтандыру компанияларының кірісіне қатысумен өнімдер де бар. Сіз өмірді сақтандыруды аласыз және сақтандыру ұйымы табысының бір бөлігін, яғни инвестициялық табысты аласыз. Бұл өнімдер инвестициялаудың біркелкі тәуекелімен», - деп түсіндірді спикер.

Дәл нарық экономикасының жүйесінде дағдарыс және банкрот механизмдері орналасқан. Олар нарықты бизнестің жұмыс істемейтін модельдерінен, ескірген жүйелерден тазартады. «ӨСК реттеледі, бірақ реттеу оны барлығынан қауіпсіздендіре алмайды. Егер, кенет ӨСК лицензиясын кері қайтару орын алса (нарықтық экономикада барлығы мүмкін), бұл жағдайда Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры бар, ол клиенттерге төлемдерді өзіне алады, кейін активтерді басқа сақтандырушыға тапсырады. Көп деңгейлі жүйе адамдарды тәуекелдерден қорғауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Елена Бахмутова. 

Сақтандыру қартаюды қамтамасыз ету ретінде

Ерікті зейнетақы сақтандыру бағдарламалары адамдарға қартайған кезде өздерін өмір сүруге қаражатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бере отырып, әлемнің әр түрлі елдерінде сәтті іске асырылып жатыр. Болашақ зейнетақының мөлшері әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесінің мүмкіндіктерінен емес, тек қана әрбір адамның қалауына және мүмкіншіліктеріне тәуелді. Біздің елімізде зейнетақыны төрт көзден алуға болады, олардың біреуі – өмірді сақтандыру компанияары. «Сақтандыру компаниялары – бұл зейнетақы жүйесінің бөлігі. Зейнетақы аннуитеті – адамдарға өмір бойылық қорғауды беретін, абсолютті қалыпты қаржы құралы. БЖЗҚ-дан төлемдер мұраға калады, бірақ бұл төлемдер адам барлық ақшаны тауысқанға дейін жүргізіледі. Аннуитет болса сақтандырушыны сізге зейнетақыны жүз жасқа дейін және одан да көп төлеуге міндеттейді. Аннуитеттік сақтандыру – егде жаста өте жақсы құрал», - деп санайды Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының басшысы.

Сақтандырушылар қосымша зейнетақымен қамсыздандырудың түрлі бағдарламаларын ұсынады, және клиенттің құқығы – өзі неғұрлым тиімді деп санайтынды таңдау. Ерікті зейнетақымен қамсыздандыру бағдарламалары бойынша жарналар біржолғы немесе жинақтаушы болуы мүмкін. «Зейнетақы аннуитетін алдын ала алуға болады, кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетін алуға болады, ерлі-зайыптылар үшін бірлескен зейнетақы аннуитетін алу мүмкіншілігі бар. Зейнетақы аннуитеттер нарығы қарқынды дамып жатыр, және БЖЗҚ-ға да, жылжымайтын мүлікке инвестицияларға да баламаны білдіреді. Егер сіз қартайған шақты ойлағыңыз келсе, онда зейнетақы аннуитетін сатып алу – өте жақсы ұсыныс. Осылайша, біз болашақта өмірді сақтандыру компаниялары ұсынатын жаңа құралдарды көреміз», - деп қорытындылады спикер.

Еске салсақ, аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК жиынтық сыйлықақылары абсолюттік көріністе 112,4 млрд теңгені, зейнетақы аннуитеттері бойынша – 106,4 млрд теңгені құрады.

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Максималды қорғау және жоғары табыс
Максималды қорғау және жоғары табыс

«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы тұрғын ү...

Moody's еуропалық сақтандырушылардың мәселелерін көрсетті
Moody's еуропалық сақтандырушылардың мәселелерін көрсетті

Еуропалық сақтандырушылардың төлем қабілетті...

Инвестициялық сақтандыру – тәжірибесіз инвесторлар үшін жақсы нұсқа.
Инвестициялық сақтандыру – тәжірибесіз инвесторлар үшін жақсы нұсқа.

Инвестициялардың ең жақсы жолын іздеу күрделі...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру