bs-preloader__icon
ru kz

АҚШ зейнеткерлері үшін мемлекеттік бағдарлама

Social Security әрбір отбасын және шамамен барлық америкалықтардың өмірін қамтиды, деп хабарлайды GOBankingRates.
АҚШ зейнеткерлері үшін мемлекеттік бағдарлама

Social Security егде жастағы америкалықтарға, еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жұмыскерлерге және жолдасын/жұбайын немесе ата-анасының біреуін жоғалтқан отбасыларға көмектеседі.

2020 жылы 180 миллионға жуық адам Social Security-ге жұмыс істеді және салық төледі, ал 65 миллионға жуық адам Social Security-ден ай сайынғы жәрдемақы алды.

Social Security бағдарламасы зейнетке шыққаннан кейін табыстың жалғыз көзі болуға арналмаған. Social Security зейнетке шыққанға дейін қызметкердің өмір бойы алған жалақысы негізінде табысының бөлігін алмастырады. Social Security зейнетақы жәрдемақысын алмастыратын жалақының орташа мөлшері әр түрлі және жалақыдан, сіз төлемдерді алуды қашан бастайтыныңызға байланысты.

Көбісі Social Security –  зейнетақы бағдарламасы ғана деп ойлайды. Жәрдемақыларды алушылардың көпшілігі зейнеткерлер болып табылады, алайда жәрдемақыны сондай-ақ:

• Мүгедектер

• Ерлі-зайыптылар немесе жәрдемақыларды алушылардың балалары

• Social Security алушысының немесе алу критерийлеріне сәйкес тұлғаның ажырасқан жолдасы/зайыбы

• Қайтыс болған қызметкерлердің жолдастары немесе балалары

• Қайтыс болған қызметкерлердің ажырасқан жолдастары

• Қайтыс болған қызметкерлердің асырауында болған ата-аналары алады.

Жағдарларға байланысты сіз кез-келген жаста Social Security жәрдемақысын алу критерийлеріне лайық бола аласыз.

Атап айтқанда, Social Security қандай-да бір өзге мемлекеттік бағдарламаға қарағанда, балаларға көбірек жәрдемақы төлейді.

Дереккөзі: https://www.goоbankingrates.com/retirement/planning/7-things-every-woman-needs-to-know-about-retirement/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда жоғары білімді қалай қол жетерлік етуге болады
Қазақстанда жоғары білімді қалай қол жетерлік етуге болады

Freedom Finance Life Басқарма төрағасы Азамат Ердесов к...

Әйел сақтандыру төлемдерін алу үшін жалған құжат жасады деп айыпталуда
Әйел сақтандыру төлемдерін алу үшін жалған құжат жасады деп айыпталуда

Оңтүстік Каролина Тергеу департаментінің (SLED) ...

100 жыл: XXI ғасырда туылған адамдар үшін өмірдің жаңа ұзақтығы?
100 жыл: XXI ғасырда туылған адамдар үшін өмірдің жаңа ұзақтығы?

2150 жылға қарай биомедициналық ғылым мен дәрі-д...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру