bs-preloader__icon
ru kz en

S&P: ӨСК-нің беделі артуда

Осы жылы өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) заңнамаға өзгерістердің арқасында өздерінің қызметтерінің кешенін айтарлықтай кеңейте алады. Сонымен, атап айтқанда, кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін ықтимал клиенттердің жасы төмендетілді, сондай-ақ кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті жинақтар сомасының мөлшері азайтылды.
S&P: ӨСК-нің беделі артуда

Нақты енгізілген өзгерістер зейнетақы аннуитеті шартын жасағысы келетін азаматтар үшін жас диапазонын кеңейтуге мүмкіндік берді. «Қаржы институттары», S&P Global Ratings тобы директорының орынбасары Екатерина ТОЛСТОВА ДК-ға нарық қаншалықты өзгерістерге дайын екенін айтып берді.

– Екатерина, өмірді сақтандырушылар үшін өткен жыл қандай болды?

– S&P Global Ratings 2021 жылы өмірді сақтандыру секторында өсу болашағын оң бағалауды жалғастыруда, ол реттеуші органның бастамалар қатарымен және соңғы бірнеше жылда төмен базадан сақтандыру сыйлықақыларының өсімімен қолданады.

2020 жылы біз Қазақстанда өмірді сақтандыру компаниялары коронавирустық инфекцияның таралуымен байланысты шектеу шараларына және қаржы нарықтарында құбылмалылыққа қарамастан жақсы қаржы нәтижелер көрсеткенін бақыладық. ӨСК-нің сақтандыру сыйлықақыларының өсімі 16%-ға жуықты құрады, ол S&P Global Ratings-тің базалық сценарийінің аясында және Қазақстанда жалпы сақтандыру бойынша компаниялардың көрсеткіштерінен жоғары.

Шектеу шараларына және жалпы экономикалық жағдайға қарамастан ӨСК көрсеткіштердің тұрақтылығын көрсеттті. Оның ішінде капиталдың табыстылық (ROE) және активтердің табыстылық (ROA) көрсеткіштері 2020 жылы тиісінше 39% және 7%-ға жуықты құрады. Бұл соңғы үш жылға тиісінше 30% және 3,4%-ға өмірді сақтандыру компанияларының ROA және ROE орташа көрсеткіштерінен жоғары.

Біз ӨСК-нің қаржы нәтижелері сақтандыру және инвестициялық қызмет есебінен, оның ішінде шетелдік валютада ұсынылған қаржы құралдарының оң валюталық қайта бағалауы есебінен қүралғанын атап айтамыз.

2021 жылы сыйлықақылардың қос таңбалы өсіміне тенденция (15%-дан артық) реттеушілік өзгерістерге байланысты жалғасатынын күтеміз.  Оның ішінде зейнетақы аннуитеттері туралы заңнамалық түзетулерге, сақтандырушылар үшін енгізіліп қойған салық жеңілдіктеріне, макроэкономикалық жағдайдың жақсаруына, жеке тұлғалардың сатып алушы қабілеттілігінің жоғарылауына және экономикалық белсенділіктің жандануына қатысты.

– Зейнетақы аннуитетіне қатысты түзетулер ҚР өмірді сақтандыру нарығында қалай байқалады?

– Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл түзетулер сақтандыру компанияларына клиенттер базасын кеңейтуге және қол қойылған сақтандыру сыйлықақыларының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2020 жылы олар 9%-ға өскен, зейнетақы аннуитеттері бойынша оң динамиканы көрсетті, ол сектордың одан әрі өсу болашағы туралы айтады.

– Өмірді сақтандыру нарығы қалай өзгереді?

– Біз ірі ойыншылар нарықта өз позицияларын ұстап тұрады деп күтеміз. Ірі компаниялардың үштігінің үлесіне 2019 жылдағы 72%-бен салыстырғанда 2020 жылы нарықтың 70%-ы түсті. Алайда, орташа мерзімдік болашақта ірі ойыншылардың үштігіне шоғырлану төмендейтінін күтеміз. Себебі топ-үштікке кірмейтін компаниялар өз позицияларын нығайту, нарықта танылмалдылық және жаңа клиенттерді тарту себебінен өмірді сақтандыру нарығында үлестерін өсіруді жалғастырады.

Біз өмірді сақтандыру нарығының өсу болашағы бар деп санаймыз. Бұл факторлардың қатарымен байланысты. Біріншіден, сақтандыру қызметтерінің енуі біршама төмен болып қалып отыр (ЖІӨ-ден 1%-дан кем). Екіншіден, сақтандыру компанияларының көбісі халықты сақтандыру өнімдері туралы хабардар болуды жоғарылату бойынша іс-шаралар өткізіп жатыр. Оның ішінде өмірді сақтандыруда, ол сақтандырудың бұл түріне қызығушылықты жоғарылатады.

Өмірді сақтандыру компаниялары үшін қосымша жағымды фактор банктік депозиттерге емес, мұндай құралдардың неғұрлым жоғары инвестициялық табыстылығына байланысты, халықтың активтерінің 2020 жылы басталған өмірді сақтандыру өнімдеріне аударуы болды. Әсіресе бұл АҚШ долларында ұсынылған сақтандыру өнімдеріне қатысты.

Қазақстанда ішкі нарықтың капиталының жеткіліксіз дамуына байланысты, активтердің жеткілікті әртараптандыруын және тұтас – инвестициялық портфельдің консервативтік профилін қамтамасыз ету үшін, сақтандыру компаниялары әсіресе квазимемлекеттік және тәуелсіз облигацияларға инвестициялайды. Дәл осы кезде Еуропаға қарағанда кемірек дамыған Қазақстандағы қаржы нарықтары валюта типі бойынша активтердің және міндеттемелердің сәйкес келмеуін басқаруға, капиталды тиімді үлестіру және мемлекеттік қарыз міндеттемелерін және депозиттерді қоспағанда, инвестициялардың ұзақ мерзімді көздеріне қолжетімділікті беруге қатысты өмірді сақтандыру секторында мүмкіншіліктерді шектейді. Нәтижесінде, бұл фактор нарықтың болашақ дамуы үшін негізгі мүмкіншіліктердің бірі болып қалады.

Өмірді сақтандыру секторының компаниялары үшін жағдай жалпы сақтандыру бойынша компанияларға қарағанда анағұрлым қолайлы болып қалуда. S&P Global Ratings агенттіктің рейтингісі бар қазақстандық сақтандыру компанияларының көбісі капиталдың қоры және өтімділіктің арқасында, COVID-19 індетінің салдарына төзіп шығу үшін жақсы мүмкіншіліктерге ие деп санайды.

Дереккөзі: https://www.dknews.kz/inner-news.php?id_cat=27&&id=164591

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
БАҚ қызметкерлерін қалай сақтандырады
БАҚ қызметкерлерін қалай сақтандырады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бри...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру