bs-preloader__icon
ru kz

ONE Coach – «адамға арналған телематика» қызметі әзірленді

Ол сақтандыру компанияларының клиенттері үшін олардың өмір сүру жағдайларының нақты көрсеткіштері негізінде жеке тәуекелдерді есептеуге мүмкіндік береді.
ONE Coach – «адамға арналған телематика» қызметі әзірленді

Munich Re аса ірі қайта сақтандыру компаниясымен және Axon Vibe геолокация жөніндегі маманмен серіктестікте Лихтенштейннен шыққан ONE Insurance компаниясы «адамға арналған телематика» деп аталатын ONE Coach қызметін әзірледі.

 

УкрСтрахование интернет ресурсына ONE Insurance-тен келген хабарламасынан шифрлау технологиясымен қызмет анонимді түрде пайдаланушылардың деректеріне: жұмыс уақытына, ұйқы мен қозғалыстың ұзақтығына талдау жасайтыны белгілі болды.

ONE-ға сәйкес деректердің көзі болып ұялы телефонындағы қозғалыс құрылғылары мен GPS табылады, бұл қосымшаның пайдаланушыларына олардың өмір салтына байланысты тәуекел бағалауы қалай өзгеретіндігін бақылап отыруға мүмкіндік береді.

«Төменгі тәуекелді бағалаудың болуы бонустық балдарды береді, олар сақтандыру мөлшерлемесін төмендетілуіне айырбасталуы мүмкін», – ONE Insurance өкілі түсіндірді. Ортақ құрылтайшы және маркетинг жөніндегі бас маманы Александр Хубер: «Бүгінге дейін клиенттер үшін сақтандыру тарифтері статистикалық есептеулерден құрылған еді. Жеке тәуекел осылай есептелетін. Алайда бұл клиенттің өмір жағдайларынан ерекшелінеді».

Дереккөзі: https://www.ukrstrahovanie.com.ua/news/munich-re-uchastnik-insurtech-proekta-dlya-otsenki-riskov-v-individualnom-strahovanii

Фотосурет twitter.com, slovami.net сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Infineo өмірді сақтандыру полистерін 125 миллион доллардан асады
Infineo өмірді сақтандыру полистерін 125 миллион доллардан асады

Blockchain негізіндегі стартап Infineo өмірді сақтанд...

First Internet Bank American General-ден $1,4 млн сақтандыру төлемін талап етуде
First Internet Bank American General-ден $1,4 млн сақтандыру төлемін талап етуде

Жаңа сот ісінің ортасында – $1,4 млн сомасындағ...

Prudential Жапонияда сақтандыру полистерін сатуды уақытша тоқтатты
Prudential Жапонияда сақтандыру полистерін сатуды уақытша тоқтатты

Prudential Life Insurance Co. — америкалық қаржы алыбы Prudenti...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру