bs-preloader__icon
ru kz en

Петербор миллиардерінен өмірді ұзартудың 10 жолы

«Фокус на жизнь» ғылыми-көпшілік кітаптың авторы жастықты ұзарту және денсаулықты сақтауға ғылыми тәсілді ұсынады. Андрей Фоменко – белгілі бизнесмен, оның есімін «Миллиардерлер рейтингісінде» табуға болады: 2021 жылы ол 53,1 млрд рубль дәулетпен 16-ыншы орында болған. Ол коммерциялық жылжымайтын мүлік девелопментінің петербор нарығында ірі компаниялардың бірі, «Империя» холдингінің иесі болып табылады.
Петербор миллиардерінен өмірді ұзартудың 10 жолы

1996 жылы кәсіпкер «Вечная молодость» қорын құрды, оның басты мақсаты – белсенді өмірді ұзарту тәсілдерін әзірлеу және енгізу.

Андрей Фоменконың кітабында 70 жас межеден асқысы келетін және сергек алдыға жүруге ниетті адамға қажет болатын көп ақпарат жинақталған. Олардың кейбірі бәрімізге белгілі: спорт, дұрыс тамақтану, алкогольден бас тарту.

Саяхаттау

Үйден алыстағы жайлы демалыс жүрек жұмысына жақсы әсер етеді, тамырдың соғуын бәсеңдетеді, күйзеліс деңгейін төмендетеді. Басқа мәдениеті мен тілі бар елге уақытша көшу ойлау мен шығармашылық қабілеттерді жақсартады, адамды неғұрлым ашық және эмоционалды тұрақты етеді.

Күндіз ұйықтау

Күндіз ұйықтау әдеті жүрек ауруларының қаупін төмендете алады, бірақ мұндай тынығу бір сағаттан артық болмауы керек.

Терең демалу

Арнайы жаттығулар көңіл-күйді жақсартуға және жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының, қатерлі ісіктің, артриттің, күйзелістің туындау ықтималдығын жоғарылататын, психологиялық күйзеліс деңгейін төмендетуге қабілетті.

Көбірек әңгімелесу

Зерттеулер сапалы әлеуметтік байланыстар мерзімнен бұрын қайтыс болу қаупін төмендететінін, ал жалғыздық пен оқшаулану – оны жоғарылататынын көрсетеді. Қарым-қатынастың жетіспеушілігі жүрек ауруымен, иммунитеттің төмендеуімен, ми функцияларының нашарлауымен байланысты болуы мүмкін.

Жоғары білім алу

Бұл лайф-хак медициналықтан гөрі, әлеуметтік. Диплом неғұрлым тартымды және жоғары айлығы бар жұмыс табуға көмектеседі, ол нәтижесінде денсаулық жағдайына және өмір ұзақтығына оң әсер етеді.

Табиғатқа сүйсіну

Әдемі табиғат көрінісіне пайымдап қарау тыныштануға және релаксацияға мүмкіндік туғызады. Адамға табиғи фракталдар да – бүтін өз пішінінің түріне ие объектілер: гүлдер, ағаштардың түстері, жағалық сызықтар, тау қырқасы, бұлттар әсер ететін сияқты.

Ұзақ өмір сүрушілердің мамандығын таңдау

Шығармашылық пен зияткерлік еңбектің кейбір түрлері физикалық пайда әкелетіні анықталды. Мысалы, шахмат гроссмейстерлердің болжалды өмір ұзақтығы орташадан 7,7 жылға көбірек екенін көрсететін зерттеу бар.

Еңбекқор болмау, бірақ зейнетке ерте шықпау

Қызу жұмыстан күйзеліс және демалыс күндерінің тапшылығы физикалық және психикалық денсаулыққа кері әсер етеді. Алайда, егер сіз сүйікті ісіңізбен айналыссаңыз және өзіңізді жақсы сезінсеңіз, демалуға кетудің қажеті жоқ. Бұл өмірдегі мақсаттың жоғалуына алып келуі мүмкін, ал нәтижесі – ойлау қабілеттерінің, атап айтқанда, эпизодтық жадының күрт нашарлауы.

Бинауральдық ырғақтарды тыңдаңыз

Сол және оң жақ құлақ әр түрлі жиіліктегі дыбыстарды еститін елес осы терминмен аталады. Ми мұндай жағдайда беймазалық деңгейін төмендететін үшінші сигналды береді. Бұл толқу табиғи болатын жағдайларда да жұмыс істейді: операция алдында немесе жедел жәрдем бөлімшесінде.

Үйлену, тұрмысқа шығу керек

Кейбір деректер бойынша, қарым-қатынасты ресми рәсімдеудің мәні бар. Мұндай жұптардың кәріліктен кем ақылдылықдың даму қаупі жалғыздармен ғана емес, сондай-ақ ажырасқандармен немесе жұбайы қайтыс болған адамдармен, және «төлқұжатта штампсыз» бірге жүрген адамдармен салыстырғанда - айтарлықтай төмен.

Дереккөзі: https://qazlive.kz/glyboko-dyshat-i-spat-dnem-10-sposobov-prodlit-jizn-ot-peterbyrgskogo-milliardera/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қарақұмықты немен мүлде жеуге болмайды
Қарақұмықты немен мүлде жеуге болмайды

Дәрігер -токсиколог, профессор Михаил Кутушов ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру