Ұйқының әр-түрлі бұзылуын емдеумен айналысатын сомнолог-дәрігерлер «ұйқы гигиенасын» сақтауды шақырады. Яғни, «төсек мида тек қана ұйқымен және секспен ассоциациялану үшін», төсек орнында жұмыс істемеу және тамақтанбау керек. Бұл туралы Huffington Post басылымы хабарлайды.
Одан басқа, ұйықтар алдында физикалық жаттығуларды жасамаған жөн. Кейбірі бұдан ағза одан да тез «шаршайды» деп есептейді, алайда дәрігерлер бұл пікірді жоққа шығарады. Сонымен қатар, мамандар түнге энергетиктерді және құрамында кофеин бар сусындарды ішпеуге кеңес береді.
Сарапшылар ұйықтар алдында «негативті» эмоциялардан аулақ болуды: теледидар қарамауды, телефонда жаңалықтарды қарамауды, телефонмен сөйлеспеуді және ешкіммен ұрыспауды ұсынады. Сомнологтар сонымен бірге, ағзаның ұйқыға кетерге дайындалу кезінде жарықтың негативті әсері туралы да еске салды. Егер жарықты қосып ұйықтаса немесе ұйқы алдында компьютерде ұзақ жұмыс істесе, ұйқы гормоны мелатониннің бөлінуі бұзылады.
Бұрындары ғалымдар ұйқысыздықпен күресудің жолдары туралы айтқан болатын. Мысалы, олар ағзада эндорфин мөлшері нормаға келіп үлгеру үшін, кешкі астан кейін серуендеуді немесе ұйықтар алдында бірнеше сағат бұрын физикалық жаттығуларды жасауды ұсынады. Сарапшылар, сонымен қатар, егер сіз 20-30 минуттан артық ұйықтай алмасаңыз төсекте қалмауға кеңес береді.
Дереккөзі: https://profile.ru/news/society/health/vrachi-predupredili-o-glavnyx-vragax-zdorovogo-sna-428606/
Сурет ашық дереккөздерден