bs-preloader__icon
ru kz
✕

Шайыртас қышқылы қалай вирустардан қорғайды

Қыста ағза энергияның қосымша көздеріне мұқтаж. Дәрігер-диетолог Елена Соломатина Sputnik радиосына сұхбатта шайыртас қышқылының қасиеттері туралы айтып берді.
Шайыртас қышқылы қалай вирустардан қорғайды

Шайыртас қышқылын медина мен косметологияда қолданады, бірақ оны ағзаға биологиялық белсенді қоспа құрамында немесе тері мен шашқа күтімге арналған құрал ретінде де алуға болады.

«Шайыртас қышқылы жасушада болатын көптеген реакциялар үшін энергияны жеткізетін әмбебап «аккумуляторды» білдіреді. Шайыртас қышқылы жетіспеген кезде барлық метаболизмдік үдерістер баяулайды, адам денсаулығының нашарлағанын, шаршаңқылықты сезінеді, артық салмақ пайда болады, шаш түсе бастайды және тырнақтар нашар өседі. Яғни, егер ағзада энергия болмаса, барлығы төмен деңгейде болатын жылтылдақ өшпелі Ильичтің шамы іспетті», - деп түсіндірді диетолог Елена Соломатина.

Оның сөзінше, шайыртас қышқылы бас миының, жүректің жұмысына оң әсерін тигізеді, иммунитеттің нығаюына және сабырлылықтың жоғарылауына ықпал етеді.

«Біздің ағзамызға түсетін кез-келген вирусқа жасуша жарғағына жабысу, жасушаға еніп, көбеюді бастау маңызды. Шайыртас қышқылы өзінің антиоксидант қасиеттері есебінен жасуша жарғанын қорғай отырып, бұл міндетті айтарлықтай қиындатады. Еркін радикалдар ең бірінші кезекте дәл жасуша жарғағын жоюды бастайды және вирустарға бұзылған шектер кезінде жасушаға ену айтарлықтай оңай. Алайда шайыртас қышқылының антиоксидант қасиеттері бірінші берік қорғанысты кұрады», - деп нақтылады Елена Соломатина.

Дереккөзі: https://radiosputnik.ria.ru/20220125/kislota-1769278467.html

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Covid-19 өмірді сақтандыру сатуларын кеңейтуде
Covid-19 өмірді сақтандыру сатуларын кеңейтуде

Табыстың әр түрлі деңгейімен америкалық үй қо...

Әзірбайжанның сақтандыру нарығында жаңалық күтілуде
Әзірбайжанның сақтандыру нарығында жаңалық күтілуде

Әзірбайжан сақтандырушылары қауымдастығы (ӘС...

Максат Альжанов «Standard Life» ӨСК» АҚ-ң ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды
Максат Альжанов «Standard Life» ӨСК» АҚ-ң ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды

Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкі өзінің ресми сайтын...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру