bs-preloader__icon
ru kz en

Әр бесінші қызметкердің қызметтестерінің жаман әдеттері кесірінен жұмыс істеу тиімділігі төмендейді. Мұндай қорытындыны «HR Lab. – HR Инновациялары Зертханасы» жобасының сарапшылары жасады.

Зерттеу «АльфаСтрахование» аналитикалық орталығы үшін өткізілді, оның мамандары жылына 100 млн. рубль айналамы бар 100 ресейлік компаниялары қызметкерлерінің сауалнамасын жүргізген.
Әр бесінші қызметкердің қызметтестерінің жаман әдеттері кесірінен жұмыс істеу тиімділігі төмендейді. Мұндай қорытындыны «HR Lab. – HR Инновациялары Зертханасы» жобасының сарапшылары жасады.

 Олардың 20%-ы өз қызметтестерінің кейбір бұрыс әрекеттеріне кейіп, сол себепті жұмыстарының тиімділігі біршама төмендейтіні анықталды. Мысалы, олардың 60%-ы қызметтестері телефонмен немес өзара тым қатты сөйлеген кезде көңілдерін тоқтата алмай қалады, 43%-ы, тіпті түскі үзіліс кезінде ғана емес   кеңседе тамақ иісі аңқыған кезде назарлары ауады, 27%-ы суық сүйгіштермен немесе керісінше үнемі тонып жүретін қызметтестеріне бейімделе алмайды. Сонымен бірге себептер ретінде (21%): қызметтестері дауыстап шайнайды, үнемі пернетақтаны шарикті қаламмен басады немесе аяқтарымен жұлқылап көршілес үстелге тигізеді деген сияқты жаман әдеттерді атайды. Қоздырғыштар арасында тұрпайы қалжың (8%), иіс суды тым көп пайдалану (3%), бөтен мониторға қарау (2,5%), сонымен бірге құлаққаптағы музыка даусының тым қаттылығы және оған қосылып ән айту (по 1%) сияқтылар. 

Ceridian  зерттеу өткізіп, оның барысында қызметтестердің бір-біріндегі қандай қылықтары ашуландыратынын анықтады. Бірінші орында, жұмыстан және кез келген күйзелістерден қашқақтайтын адамдар, олар респонденттердің жартысын ашуландырған. Екінші орында – жанжалқойлар, сауалнамадан өткендердің 11%ы мұндай адамдарды ұнатпайды.  Үшінші орын өсек тасушыларға (9%), төртінші орын – жағымсыз ойларға берілген адамдарға (8%) тиесілі. Сонымен бірге қатты сөйлеген, күлген және пернетақтаны тоқылдатқандар (7%), жиі шай ішу және тамақтану себебімен жұмыс орнында ұзақ уақыт болмағандар (6%). Сегізінші орында дауыстап жеп-ішкен, көбік үрлеп, сағыз шайнаған қызметтестер (5%).  Бұл рейтингті балағаттап сөйлеушілер (5%) және суық тиген, түшкіріп, жөтелген (4%) қызметтестер тұйықтайды.
«Біз жұмыста көп уақымызды өткіземіз, және қызметтестердің қоздырушы мінез-құлықтары жеке адамның өнімділігінде ғана емес, сонымен бірге тұтастай компанияның жұмыс тиімділігінде де көрініс табуы мүмкін. Жағымсыз сезімдерді ішіңізде ұстамай – қызметтесіңізге сыпай түрде оның әрекеттерінің сізге ұнамсыз екенін түсіндіріңіз. Кейбір адамдар өзінің жаман әдеттерін байқамайды, және конструктивті сыныңызды естіп, сіздің ескертуіңізді дұрыс қабылдап, түзелуге тырысады», - деп «АльфаСтрахование» тобының «Медицина» маркетинг департаментінің директоры Егор Сафрыгин айтады.

Дереккөз: http://www.insur-info.ru/pressr/66277/

Фотосурет дереккөзі: http://mln.kz/content/naibolshie-problemy-dlya-sovmestnoi-raboty-sozdayut-shumnye-kollegi

https://www.caravan.kz/news/page-3009/

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру