Шамамен 100 новосібірліктер болашақ зейнетақылары шотына ( өздері үшін және өздерінің жақындары үшін) сақтандыру жарналарын өздігінен төлеу тілегін көрсетті. Бұнда Зейнетақыларды мемлекеттік ортақ қаржыландыру бағдарламалары туралы айтылады, ондай бұл аймақта ондаған мыңы бар. Бұл жерде ресми жұмысқа орналаспаған, соның ішінде ЖК ретінде де рәсімделмеген, және де олар үшін сәйкесінше ешкім РЗҚ сақтандыру жарналарын төлемейті азаматтар туралы айтылып отыр. Олардың көбі - табысы бар және өздерінің зейнеттік болашағы туралы ойлаған фрилансерлер, деп мәлімдеді аймақтық РЗҚБ пресс-қызметі.
— Сақтандыру зейнетақысына құқық алу үшін (ал оның алушылары Новосібір облысының 92% зейнеткерлері болып табылады) тиісті жұмы өтілі болу керек және белгілі бір зейнетақы коэффициентін табу керек. Мәселен, қартаю бойынша сақтандыру зейнетақыға құқықтың туындауы үшін 2018 жылы 9 жыл сақтандыру өтілі және 13,8 зейнетақы коэффициенті болу керек. Осы талаптар кезеңімен заңмен орнатылған 15 жылға және 30 баллға сәйкесінше 2024-2025 жж біртіндеп жетеді- деп еске салды пресс-қызметте.
Жалпы ереже бойынша сақтандыру өтіліне жұмыс істеу кезеңдері, олар үшін РЗҚ-на сақтандыру жарналары есептеліп және төленген жағдайда ғана қосылатыны белгіленді. Бұл кезеңдер «классикалық» сақтандыру кезеңдері болып табылады, оларды түзу үшін екі шарт орындалу қажет: жұмыс істеу және міндетті зейнетақы сқтандыруға сақтандыру төлемдеріг есептеу (төлеу). Бұндай салымдар өз қызметкерлері үшін жұмыс беруші жасайды (жалақы төлеу қорынан 22%).
-Егер сақтандыру өтілі сақтандыру зейнетақысын орнату үшін қажетті өтілден аз болса немесе адам зейнетақы коэффициенттерін жеткілікті жинамаса, мысалы, ресми жұмысқа тұрмаған және жалақыны конвертте алған болса, ол тек әлеуметтік зейнетақы ала алады, ол 5 жылға кейінірек тағайындалады- ер адамдарға 65 жаста, әйел адамдарға 60 жаста. Лайықты жалақы кезінде сақтандыру зейнетақысының мөлшері, өздеріңіз түсінетіндіктей, біршама көп, - деп атап өтті зейнетақы қорында.
Бірақ әрекеттегі зейнетақы заңында «міндетті зейнетақы сақтандыру бойынша ерікті құқықтық қатынастар орнату» институты бар. Оның мәні жеке азаматтар санаттарынла Ресей Зейнетақы қорына сақтандыру төлемдерін ерікті төлеу құқығының болуына негізделген. Біріншіден, бұны азаматтар осы сәтте ресми жұмысқа орналаспаған және ол үшін міндетті зейнетақылық сақтандыру шегінде сақтандыру жарналар төленбейтін басқа тұлға үшін жасай алады. Мысалы, күйеуі, болашақ зейнетақы есебіне өзінің әйелі- үй шаруасындағы әйелге сақтандыру жарналарын төлей алады. Екіншіден, азамат өзі үшін өздігінен, егер ол үшін жұмыс беруші төлем жүргізбесе, және ол ЖК ретінде рәсімделмеген болса, яғни, ол ресми ешқандай жерде жұмыс істемесе жасай алады.
Ол үшін тұрғылықты жері бойынша Зейнетақы қоры басқармасына өтінішпен бару керек. Новосібір облысының РЗҚ органдарына осындай 96 өтініш түскен. Адам өздігінен төлй алатын осындай жарнаның минималды мөлшері 2018 жылға 2 МЕАМ-нен есептеледі және шамамен жылына 60 мың құрайды. Бұл «ставка» келесі жылы өзгеруі мүмкін: РФ Еңбек министрлігі 2 МЕАМ емес, 1 МЕАМ есептеп өздігінен жарна есептеу ережелерін өзгерту ұсынысын берді, себебі ол ағымды жылы біршама «өскен».
1.01.2015 ж дейін ерікті түрде төленген жарналар сақтандыру өтілін қалыптастыру кезінде емес, зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілген. Заңға өзгерістер енгізуге байланысты сақтандыру жарналарын төлеу кезеңі аталған тұлғаларға енді сақтандыру өтіліне есептелетін болады. Бірақ, бұл ереже бойынша зейнетақыны тағайындау үшін қажетті өтілдің жартысына дейін ғана есептеліне алады. Яғни, егер бүгінгі күні зейнетақыны тағайындау үшін қажетті өтіл 9 жыл болса, онда өздігінен жарна төлеу арқылы осылайша 4 жарым жыл өтіл «жинап алуға» болады.
Бүгін адамдардың көп мөлшері «фрилансерлер» санаты деп аталатын қатарға жатады. PayPal агенттілігінің мәліметтері бойынша Ресейде 2017 жылдың қорытындысы бойынша фрилансерлер нарығы 2016 жылмен салыстырғанда бір жарым есе өсті.
Ақпарат көзі: http://infopro54.ru/news/frilanser-ili-domoxozyajka-tozhe-poluchat-pensiyu/