bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру кімге керек?

Өмірді сақтандыру кімге керек?

Бірінші кезекте балалы отбасы,  өмірді сақтандыру қажеттілігі туралы әңгіме болған кезде ақылға ең алдымен өсіру, лайықты білім беру, өмір сүрудің қолайлы жағдайларымен қамтамасыз ету керек, әрине, балалар келеді. Екеуі де жұмыс істейтін отбасы.

Балалы отбасы

Бірінші кезекте балалы отбасы,  өмірді сақтандыру қажеттілігі туралы әңгіме болған кезде ақылға ең алдымен өсіру, лайықты білім беру, өмір сүрудің қолайлы жағдайларымен қамтамасыз ету керек, әрине, балалар келеді. Ерлі-зайыптылардың екеуі де жұмыс істейтін отбасында өзінің еңбекақыларымен барлық шығыстарды әбден өтей алады. Бірақ, егер кенеттен ерлі-зайыптылардың біреуі сырқаттанып қалған жағдайда немесе жазатайым оқиға нәтижесінде өмірден кеткен жағдайда не болады? Отбасы бұрынғы молшылыққа ие бола алама? Болашақта өз жоспарларын жүзеге асыра ала ма? Өмірді сақтандыру тіпті өмірлік мән-жайлар өзгерсе де, ойлағанды іске асыруға және отбасы мақсаттарын қорғауға мүмкіндік береді.

 

Жас отбасы

Көптеген адамдар  отбасында бала болмай, өз өмірлерін сақтандыру қажеттілігі жоқ деген қате пікірде болады. Бірақ ерлі-зайыптыларда кірістерден басқа, сондай-ақ міндеттемелер де ортақ болып саналады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі жазатайым оқиға нәтижесінде зақымданған жағдайда және жұмыс істей алмаған жағдайда жұбайының иығына науқас жұбайының күтімі және емделуіне кеткен шығыстар ғана емес, ағымдағы шығыстар мен несиелер бойынша төлемдер де жүк болады. Өмірді сақтандыру денсаулықтың жоғалуымен байланысты, оңай емес өмірлік жағдайда қаржылық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

 

Толық емес отбасы

Егер отбасында тек бір ата-ана болған жағдайда балалардың өмірі және болашақтары үшін барлық жауапкершілік жүгі толығымен сақтандыруға тартылады. Ал бұл дегеніміз, денсаулықпен күрделі жағдайлар туындаған жағдайда қаржылық қауіпсіздік кепілін міндетті түрде қарастыру керек. Қандай жағдай болмасын өмірді сақтандыру полисі отбасының болашағына қамқор болу және асыраушысының денсаулығын жоғалту жағдайында отбасының амандығын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

 

Үй шаруасындағы әйел

Үй шаруасындағы әйел жалақы алмаған соң, отбасы табысына қаржылық үлесін қоспайды деген сөз емес. Балаларға қарау, тағам әзірлеу, үй тазалау және басқа да үй шаруалары көбінесе жақындармен жете бағаланбайды және маңызды емес болып көрінеді. Әйелдердің жай-күйімен зерттеумен айналысатын Alljoinon халықаралық ұйымы есептеуі бойынша үй шаруасындағы әйелдерге, егер бұл жұмыс төленетін болған кезде, жылына шамамен 40 мың доллар төленетін еді. Ал егер оның денсаулығымен қатысты жағдайлар туындаған кезде, оның емделуін ғана емес, тұрмысты ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді жұбайы төлеуге қабілетті бола ала ма? Өмірді сақтандырумен отбасы кез-келген жағдайда өмір сүру сапасын сақтай алады.

 

Балалары өсіп кеткен және тәуелсіз болған отбасы

Балалар өсіп, бірнеше жылдар өткен соң, несиелер төленулі, өмірді сақтандыру қажетті емес болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, ойлануға  себеп бар - бұрынғы өмір сүру деңгейін сақтауға зейнетақы жинақтары және басқа жинақтаулары жете ме, жақындардың көмегі қажет емес пе? Өмірді сақтандыру  күтпеген мән-жайлар жағдайында денсаулықты қалпына келтіруге, қосымша зейнетақыны өз бетімен жинауға және балалардың иығынан жауапкершілік жүгін алып тастауға мүмкіндік береді.

 

Бойдақ

Е гер қаржы жағынан оларға тәуелді жақындары болмаған кезде жалғыз басты адамдар өмірді сақтандыру бағдарламасын ашуға қажет емес деп жиі ойлайды. Дегенмен, жазатайым оқиға немесе ауруға шалдығу кез-келген адамға тап болуы мүмкін, және біраз уақыт еңбек ету қабілетін қалпына келтіру және емдеу қажет болады. Осындай жағдайда кімнің көмегін күтуге болады? Сақтандыру компаниясы еңбекке қабілетті емес кезеңінде лайықты өмір сүру деңгейін ұстап тұруға және сапалы ем алуға мүмкіндік беретін қаражат төлейді.

Сонымен, біз өмірді сақтандыру барлығына қажет екенін көрдік. Өйткені, бұл өмір қауіпсіз және жайлы болуы үшін бәрін істеп, жақындарына және өзіне қамқорлық жасауға мүмкіндік болып табылады. Сақтандырудың болуы өмірде бірде-бір оқиға туындаған жағдайда болашақта барлығынан қаржылық қорғауда сенімділік береді.

 

Дереккөз:

http://forinsurer.com/news/15/08/05/32765?hl=%EA%EE%EC%F3 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
БЖЗҚ қаражаты қандай бағалы қағаздарға салады
БЖЗҚ қаражаты қандай бағалы қағаздарға салады

2020 жылғы наурыз айының соңындағы жағдай бойын...

Дәрігерлер «Лондон пациентінің» АИТВ-тан толық емделгенін растады
Дәрігерлер «Лондон пациентінің» АИТВ-тан толық емделгенін растады

Британдық дәрігерлер 3,5 жыл бұрын жілік майын ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру