bs-preloader__icon
ru kz en

Балалық шақтан бастап темекі шегуді жүрек ауруынан қайтыс болу мүмкіндігінің жоғарылауымен байланыстырды

Ерте жастан бастап темекі шегу адамның инфаркт, инсульт және қан айналым жүйесінің басқа ауруларынан мезгілсіз қайтыс болу ықтималдығын арттырады. Осындай қорытындыға британдық эпидемиологтар келді, деп Journal of the American Heart Association (JAHA) мақаласына сілтеме жасап, ТАСС жазуда.
Балалық шақтан бастап темекі шегуді жүрек ауруынан қайтыс болу мүмкіндігінің жоғарылауымен байланыстырды

«Адам темекі тарта бастайтын уақыт, – өте маңызды фактор, бірақ оны жиі түрде елемей қалдырады. Темекі шегуді өте ерте бастаған адамдар жүрек және қан тамырлары ауруларына өте осал екенін білдік. Екінші жағынан, темекі шегуден мүмкіндігінше жылдам бас тарту бұл қауіпті айтарлықтай төмендетеді. Бұл әсіресе жастарға қатысты келгенде тиімді болады», – - деп жұмыс авторларының бірі Оксфорд университетінің (Ұлыбритания) эпидемиологы Блейк Томсон айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) статистикалық мәліметтері бойынша, жүрек және қан тамырлары аурулары, соның ішінде инфаркт, инсульт және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі планетада өлімнің негізгі себептерінің бірі болып қалуда. Олардан жыл сайын 17 миллионға жуық адам қайтыс болады. Сонымен қатар, бұл мәселелердің басым көпшілігі гипертония – қан тамырларындағы тұрақты жоғары қан қысымы салдарынан туындайды.

Ұйым сарапшылары инфаркт пен инсульттің айтарлықтай көп бөлігі қан қысымының жоғарылауымен және жаман әдеттермен байланысты деп жорамалдауда. Теориялық тұрғыдан алғанда, осыны білудің арқасында оларды тәуекел тобындағы адамдардың мінез-құлқы мен тамақтану әдеттерін түзету арқылы болдырмауға болады. Сондықтан биологтар мен медицина мамандары соңғы жиырма жыл ішінде диета мен тамақ түрлерінің күретамырлар мен тамырлардағы қысымның типтік деңгейіне және оларда холестерин түйіншектерінің өсу жылдамдығына қалай әсер ететіндігін белсенді түрде зерттеуде.

Томсон және оның әріптестері алғаш рет адамның темекі шеге бастаған кезі осы мәселелердің кардиологиялық аурулардан туындау ықтималдылығына, сондай-ақ, мезгілсіз өлімнің қалай әсер ететіндігін зерттеді. Ол үшін ғалымдар 1997-2014 жылдар аралығында жүргізілген АҚШ тұрғындары арасында денсаулық күйі туралы жалпы ұлттық сауалнамасы (NHIS) шеңберінде жиналған деректерді талдады.

Оларға барлығы 25 пен 74 жас аралығындағы 400 мыңнан астам американдықтар қатысты. Зерттеу барысында олар денсаулықтары, зиянды әдеттері мен аурулары туралы сұрақтарға жауап берді. Осы сауалнамалардың деректерін талдағаннан кейін, Томсон және оның әріптестері оларды NHIS қатысушыларының өмір сүру ұзақтығымен және өлім себептерімен салыстырды. Осының арқасында мамандар темекі шегудің жүрек пен қан тамырларының денсаулығына қалай әсер еткенін бағалады.

Бұл талдау шылым шегетін адамдардың кардиологиялық аурулар алдында бірнеше есе шалдыққыш болып келетіндігін растады. Сондай-ақ, ғалымдар темекіні бастау уақытын инфаркт, инсульт және қан айналымы жүйесінің бұзылуының басқа ауыр зардаптарынан болатын өлім ықтималдығымен байланыстыратын қызықты тенденцияны тапты.

Мысалға, темекі шегуді 10 жасында немесе одан ертерек бастаған американдықтар осыған ұқсас мәселелерден темекі шекпейтін отандастарымен салыстырғанда 4,8 бастап 5 дейінгі есе жиілікпен қайтыс болды. 10-14 жас аралығында темекіге құмар болған темекі шегушілер үшін жүрек пен қан тамырлары ауруларынан өлім қаупі әдеттегіден үш есе, ал темекіні 15-20 жасында немесе одан кейінгі жаста бастағандар үшін –2,5-2,8 есе жоғары болды.

Ақпарат көзі: https://nauka.tass.ru/nauka/9838845

Ашық ақпарат көздерінен алынған фотосуреттер

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандырушылар қандай клиенттерге несие бере алады?
Сақтандырушылар қандай клиенттерге несие бере алады?

Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығы үнемі д...

Қазақстандықтардың көбіне-көбі өмірдегі қиын күнге ақша жинауда
Қазақстандықтардың көбіне-көбі өмірдегі қиын күнге ақша жинауда

Банкте депозитте ақша жинау барлығының қолына...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру