Соңғы мәліметтерге сәйкес, АҚШ-та әйелдер ерлерден жиі зейнетке шыққан кезде, көбінесе олардың жалақысы төмен болғандықтан жинақтардың жетіспеушілігін бастан кешіруде. Сонымен қатар олар зейнеткерлікке шыққан кезде, тек әлеуметтік қамсыздануға сене алатын болады.
Зейнеткерлік жаста өмір деңгейін арттыру үшін не істеуге болады?
Америкалық экономистер есеп шоттардағы уайымсыз қарттық үшін $1 млн сома жиналуы тиіс деп есептейді. Егер адам зейнеткерлікке шыққанға дейін 35 жыл бұрын сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасатын болса, бұл сома аса қомақты болмайды. Ерте сақтандыру аннуитеті салық жеңілдіктерімен де тиімді.
Қазір АҚШ-та зейнетке шығу жасы – 67 жас. Бұл ретте зейнеткерлікке ертерек шығуға болады, алайда сол кезде төлем аз болады. Зейнеткерлікке мерзімінен бұрын 62 жаста шығуға болады. Ол үшін өтініш жазу және өз шешімінің себебін көрсету қажет. Бұл ретте әеуметтік зейнетақы жасына және қызмет орнына байланысты есептелген ай сайынғы төлемдердің тек 70-80% құрайтын болады.
Егер сіз 60 жасқа жақындаған болсаңыз, онда сізге осы сұрақтарды естен шығармау қажет:
Сіздің сақтандыру өтеміңіз қандай?
Сіз бенефициарды белгіледіңіз бе?
Сіздің аннуитетіңіз ұзақ мерзімді күтім кезінде медициналық мекемелерге төлемдерді қарастыра ма?
Дереккөзі: https://www.govexec.com/pay-benefits/2020/03/retirement-considerations-women/163736/
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды