bs-preloader__icon
ru kz en

Назар аударыңыз! Сақтандыру агенттері үшін хабарлама

«Казкоммерц-Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ-ның еншілес ұйымы) (бұдан әрі – Компания) агенттердің назарын келесі маңызды ақпаратқа аудартады.
Назар аударыңыз! Сақтандыру агенттері үшін хабарлама

ДЕЛДАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

2018 жылғы 2 шілдедегі № 166-VI ЗРК ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен 15.07.2018 ж. бастап қолданысқа енгізілетін ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына (бұдан әрі мәтін бойынша – Заң) төмендегідей өзгерістер және толықтырулар енгізілді:  

  • ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы 18-2-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына (бұдан әрі мәтін бойынша – Заң) өзгеріс енгізілді, бұл өзгеріске сәйкес жеке тұлға болып табылатын сақтандыру агенті осы Заңның 18 және 18-1-баптарымен қарастырылған шектеулерді ескере отырып, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымы және (немесе) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымы атынан және оның тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға құқылы.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген өзгерістер Заңға енгізілген күннен бастап біздің сақтандыру агентіміз бола тұра, Сіз «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын тағы бір сақтандыру ұйымында осыған ұқсас қызметтерді көрсету құқығынан айырыласыз. Егер Сіз біздің Компаниямыздан бөлек ұқсас сақтандыру ұйымында сақтандыру агенті болып табылсаңыз, Заңның жоғарыда көрсетілген талаптарын сақтау мақсатында Сізден біздің арамызда бұрын жасалған тапсырма шартын жалғастыру/бұзу туралы шешімді қабылдауыңызды сұраймыз.

Біздің арамызда жасалған тапсырма шартын бұзу туралы жазбаша хабарламаның жоқтығы оның әрекет ету мерзімін жалғастыру және Заңның 18-2-бабы 1-тармағы 1-тармақшасының талабын бұзу негіздемелерінің болмауы үшін негіз болып табылады.

МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫН ТӨЛЕУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕ

Сонымен қатар 2018 жылғы 2 шілдедегі № 165-VI ЗРК ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен 14.07.2018 ж. бастап қолданысқа енгізілетін ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақы қамсыздандыру туралы» Заңына (бұдан әрі мәтін бойынша – Заң) өзгерістер енгізілді, бұл өзгерістерге сәйкес «Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, жеке кәсіпкерлер, сонымен қатар жеке тұлғалар үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуі тиіс әрбір ай үшін есептелінетін өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары алынатын табыстан 10 пайыз мөлшерінде, бірақ жалақысының минималды мөлшерінен 10 пайыздан кем емес және республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген жалақысының 75-есе минималды мөлшерінен 10 пайыздан артық емес мөлшерде белгіленеді».

Біздің арамызда жасалған тапсырма шарты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт болып табылатындығын ескере отырып, осымен Компания Сізге ЗҚ туралы Заңымен Сізге міндетті зейнетақы жарналарын төлеу, нақты айтқанда Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған тәртіпте бірыңғай зейнетақы қорына өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (аудару) және аудару жөніндегі агенттің міндеттері және осы талаптан шығатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша салық органдарына (14-қосымша) жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияда аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді ұсыну бойынша міндеттеме жүктелетіндігін хабарлайды.

Сонымен қатар ЗҚ туралы Заңымен белгіленген жоғарыда аталған талаптарды орындамағаны немесе тиісті емес орындағаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексі 91-бабының 6, 7-тармақтарымен жауапкершілік белгіленгенін хабарлаймыз.

ЗҚ туралы Заңына жоғарыда көрсетілген өзгерістер енгізілгенін назарға ала отырып, Компанияға заңнама тұрғысынан біздің арамызда жасалған тапсырма шарты аясында Сіздің пайдаңызға міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (аудару) және аудару жөніндегі міндеттеме жүктелмейтіндігін Сіздің назарыңызға жеткіземіз. Осыған байланысты уәкілетті органның Сізге қатысты санкциясын қолдануды болдырмау үшін Сізден Қазақстан Республикасы заңнамасының жоғарыда көрсетілген талаптарының орындалуын өз бетімен қамтамасыз етуіңізді сұраймыз.

Дереккөзі: http://www.kklife.kz/about/news/uvedomlenie-ob-izmeneniyah-v-zakonodatelstve-kasatelno-osuschestvleniya-posrednicheskoy-deyatelnosti-i-obyazannosti-po-uplate-obyazatelnyh-pensionnyh-/

Фотосурет bastidaromeroabogados.com, kklife.kz сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
«Жинақтаудың» жаңа дәуірі
«Жинақтаудың» жаңа дәуірі

«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акцион...

Ресейліктер өз өмірінің құнын бағалады
Ресейліктер өз өмірінің құнын бағалады

Ресейліктер өмірді сақтандыру үшін орташа есе...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру