Байқау вокалдық өнер саласында жаңа таланттарды шығару, олардың шығармашылық потенциалы мен орындаушылық шеберлігін дамытуға көмектесу мақсатында, сондай-ақ біртуар композитордың бай шығармашылық мұрасын насихаттау мен дәріптеу мақсатында өткізілуде.
Әрбір қазақстандыққа бала кезден таныс Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен», «Сағындым сені», «Әдемі-ау», «Айналайын», «Асыл арман» және т.б. әндері қазақ музыкалық мұрасының алтын қорына кіреді. Сонымен қатар, талантты қазақстандық композитор басқа музыкалық жанр – романс жанрының жарқын, тартымды шығармалар: «Айлы түн», «Алтын құмдағы тебіреніс», «Асыл жар», «Жаса Қазақстан», «Жігерімді жұмсадым», «Край тюльпанов» және т.б.-ның авторы ретінде танымал.
Марапаттау рәсімі мен лауреаттардың гала-концерті ертең Алматыда Ермек Серкебаев атындағы концерт залында өтеді.
«Меценаттық және қайырымдылық қызмет – қоғамның рухани дамуына ықпал ететін маңызды әлеуметтік институт. Жаңа ұрпақ өткеннің музыканттары, әртістері және басқа тарихи тұлғалары туралы аз біледі, еліміздің мәдениетіне кем қызығушылық танытады. Сондықтан, Nomad Life компаниясы түрлі мәдени жобаларды қолдайды. Біз үшін ұрпақтың сабақтастығы маңызды, өз өткенімізді есте сақтап және құрметтеу арқылы ғана біз тыныш және сенімді түрде болашағымызды жасай аламыз. Көптеген жылдар бойы Nomad Life-тің қолдауымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің қызметкерлері ертедегі көшпенділердің, орта ғасыр мен жаңа уақыттың бірегей жәдігерлерін ұсынған көрмелерді жасап отырды. Осы жылы, біз I Халықаралық опера орындаушыларының байқауын қолдауды шештік. Қазақ халқының мәдениетінде музыка мен кәсіби әнші-орындаушылардың рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Себебі олар қазақ мәдениетінің жауһарларын ұрпақтан ұрпаққа жеткізе отырып, поэзияның өшпес өрнегін сақтап қалу мен таратуға ықпал етті», - дейді Nomad Life басқарма төрайымы Аида Камысова.
Еске салайық, Nomad Life сондай-ақ Көшпенділер әуені жас орындаушылар байқауына қолдау көрсетеді.
Сурет ашық дереккөздерден