bs-preloader__icon
ru kz

Қартаюды алыстатудың қарапайым жолдары

Өмір ұзақтығы біркелкі болмаса да, бірақ бүткіл әлемде өсуде. 20 жылда ол орташа есеппен 67 жастан 73 жасқа дейін ұлғайды – бұл ДДСҰ деректері. Ал 2050 жылға қарай, сарапшылардың болжамы бойынша, 60 жастан асқан адамдардың саны әлемде екі есеге артады.
Қартаюды алыстатудың қарапайым жолдары

Бұл ретте өмірдің белсенді кезеңін ұзартуда айрықша табыстарға әзірге қол жеткізілген жоқ. Сондықтан адамдарда өмірдің соңғы жылдары жиі аурумен немесе шектеулі тіршілік жағдайларымен байланысты. Өкінішке орай, «қартаю ауруларын» жиі орта жаста және тіпті жас адамдарда анықтайды.

Белсенді ұзақ өмір сүруге қол жеткізу соңғы жылдардың ең басты трендтерінің бірі болды. Және ол тек 25%-ға ғана генетикамен анықталады. Қалғанының барлығы сіздің өмір салтыңыз бен медицинаның мүмкіншіліктеріне байланысты. Өкінішке орай, күйзеліс, ұйқысыздық, дұрыс емес тамақтану, гиподинамия қазіргі адамның бүгінгі күні тұрақты серігі болды. Мұның барлығы адамды жасартпайды және денсаулығын алады. Бірақ мұнымен күресуге болады және қажет. 

«Басқа ойға ауыса білу керек, бұл түрлі гормондарды іске қосуға мүмкіндік береді, сол арқылы гормондардың араласуы жүреді. Біз ойымызды тек бір нүктеге тоғыстырғанымызда бас миының бір бөлігі ғана жұмыс істейді, ал жағдайдан шеттеген кезде мидың басқа бөлігі іске қосылады. Шеттелу жағдайына жету үшін терең тыныс алу көмектеседі. Бұдан бөлек, «ми фотосуреті» жаттығуы бар. Сізге жақсы болған кезеңдердегі сезімдердің «фотосуреттерін» еске алыңыз, мысалы, демалыс кезінде: хош иістер, дыбыстар, дәмі. Оларға ойды топтастыру қажет және олардың ізін есте сақтау керек. Мысалы, сіз кептелісте келе жатырсыз, күйгелектене бастайсыз, бұл күйзеліс. Өзіңіздің демалысыңызды елестетесіз: фото, дыбыстар, хош иістер. Және мида гормоналды араласу жүреді: күйзеліс гормондары кетіп, қуаныш гормондары келеді. Егер мұндай жаттығуларды 1, 2, 10 рет қайталаса, олар дағдыға айналады және сіз оларды әп-сәтте орындай алатын боласыз. Және лезде назарды ауыстыра аласыз. Жұмыста сағат сайын 5 минуттық үзіліс жасаңыз: бұл кезде шәй ішесіз, құстардың сайрауын тыңдайсыз, аромалампаны қосасыз, тыныс алу жаттығуын жасайсыз. Жұмыс күнінің аяғына дейін энергияның 50%-ын сақтау үшін, физиологиялық түрде бұл жеткілікті», - дейді дәрігер психиатр, когнитивтік нейрореабилитолог Игорь Долгушин.

Соңғы жылдардың ғылыми зерттеулері мынаны көрсетті: қартаюды басқаруға болады. Тәжірибелерде тышқандардың өмір ұзақтығын 2 есеге, ал қарапайым ағзалардікін – 10 есеге ұлғайтуға болған. Адамға келетін болсақ барлығы қиынырақ. Оның өмірін ұзарту оның денсаулық кезеңін ұзарту есебінен қол жеткізіледі. Адам бұл ретте міндетті түрде ұзағырақ өмір сүрмейді, бірақ ауру кезеңін қысқартуға болады, мысалы, 20 жылдан 5 жылға дейін.

Дереккөзі: https://www.mk.ru/social/2022/06/07/gormony-stressa-ukhodyat-gormony-radosti-prikhodyat-prostye-sposoby-otdalit-starenie.html

Сурет ашық дереккөздерден

 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Бөліп сатып алу неге қауіпті
Бөліп сатып алу неге қауіпті

Табысы 400 мың теңгеге дейінгі қазақстандықтар...

Қалай бай болуға болады
Қалай бай болуға болады

Бернадетт Джой-Crush Your Money Goals Жеке Қаржы оқыту к...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру