«Заң кепілдік берілетін сақтандыру сыныптарының тізбесін кеңейтеді. Енді Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (СТКҚ) кепілдігі Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде сақтандырудың барлық міндетті сыныптарына, зейнетақы аннуитеттеріне және өмірді сақтандыруға қатысты қолданылатын болады», - делінген ҚНРДА релизінде.
Осылайша, сақтандырушы банкрот болған жағдайда оның өмірді сақтандыру шарты бойынша жеке тұлға алдындағы міндеттемелері сақтандырушылардың жарналарынан қалыптасатын, кепілдік беру қоры есебінен орындалатын болады.
Қазақстанда өмірді сақтандыру сұранысқа ие өнім болып табылады. Сонымен, 2022 жылғы қыркүйектің қорытындылары бойынша өмірді сақтандыру компанияларының (ӨСК) жиынтық брутто-сыйлықақылары 273,1 млрд теңге сыйлықақыларды, ал Unit-linked өнімі бойынша сақтандыру сыйлықақысының жинақтаушы бөлігін ескеріп - 277,2 млрд теңге жинады.
Қаулы СТКҚ-ның сақтандырудың кепілдік берілетін жаңа сыныптары бойынша кепілдік төлемдерін жүзеге асыру рәсімдерін жетілдіруді көздейді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары-қатысушылардың СТКҚ-ға жарналарының мөлшерлемелерін есептеу және төлеу тәртібін айқындайды.
Бұдан басқа, Қаулымен СТКҚ-ның меншікті активтерін және СТКҚ резервтерінің қаражатын инвестициялау тәртібі, сондай-ақ СТКҚ-ның резерв қаражатын инвестициялаудан комиссиялық сыйақы ұстап қалу және сақтандыру ұйымдары-қатысушылардың СТКҚ-ға жиынтық жарналар төлеу тәртібін айқындайды.
«Қаулыны қабылдау сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарының сенімді қорғалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді», - деп қорытындылады агенттікте.
Сурет ашық дереккөздерден