bs-preloader__icon
ru kz

Сақтандыру секторы Қазақстан экономикасы үшін аса маңызды болуда

Сақтандыру нарығының оң үрдістері сақтандыру сыйлықақыларын жинауды ұлғайтуда да, сақтандыру компанияларының қаржылық көрсеткіштерін жақсартуда да көрініс тапты, деп жазады Ranking.kz. Соңғы бес жылда сақтандырушылар активтерінің сомасы жылына орта есеппен 14,9%-ға өсуде.
Сақтандыру секторы Қазақстан экономикасы үшін аса маңызды болуда

Сақтандыру компанияларының активтері қазан айының соңына қарай 1,2 трлн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18%-ға артты. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасындағы сақтандыру секторының рөлі де артты. Сақтандыру активтерінің ЖІӨ-ге қатынасы ағымдағы жылғы қазан айының соңына 1,9% құрады (бір жыл бұрын – 1,6%).

Жоғары өтімді активтердің айтарлықтай өсуі байқалады. 2019 жылғы қазан айының соңында сома 897,6 млрд теңгеге жетті немесе жиынтық активтердің 76,8%, жыл басынан бері өсім 16,5%-ға жетті. Қазір елдің сақтандыру нарығында 27 сақтандыру компаниясы жұмыс істейді, оның ішінде 7 – өмірді сақтандыру бойынша. Жиынтық активтердегі ТОП-10 сақтандыру компанияларының үлесі 83,9 % құрады.
Сақтандыру сыйлықақылары сегментіндегі динамикасы да оң нәтижелерін көрсетуде. Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында сақтандыру сыйақыларының түсімі 416,2 млрд теңгеге жетті – өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда, 31%-ға артық.

Қаржы секторын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасына сәйкес нарық бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2-2,5 есеге ұлғаяды. Көбінесе сыйлықақылардың сомасы халықты бөлшек ерікті сақтандырумен, оның ішінде өмірді жинақтаушы сақтандырумен қамтылуын кеңейту есебінен артылатын болады.  Ағымдағы жылдың он айының қорытындысы бойынша ерікті жеке сақтандыру бойынша сыйлықақы түсімі 64%-ға, 170,5 млрд теңгеге дейін өсті, бұл жалпы сыйлықақы сомасының 41% құрайды.

Жалпы бүгінгі күні Қазақстанда ұлттық сақтандыру нарығының толыққанды инфрақұрылымы қалыптасты. Үздік халықаралық тәжірибе мен реттеу стандарттарын белсенді енгізу жүріп жатыр. Заңнамалық базаны жақсарту мен жетілдіру және сақтандырудың жаңа түрлерін дамыту бәсекелі сақтандыру нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасайды.

Сақтандыру секторында тәуекелдерді азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Заңымен қаржы ұйымдарын тәуекелге бағытталған қадағалау ұғымы енгізілді. Бұл сақтандыру саласындағы ұйымдардың қызметіндегі тәуекелдер мен кемшіліктерді уақтылы анықтауға және болдырмауға мүмкіндік береді және олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ерте араласу және уақтылы қадағалау іс-қимылдарын қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл нарықты одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасайды.

Дереккөзі: http://www.ranking.kz/ru/a/infopovody/strahovoj-sektor-stanovitsya-vsyo-bolee-znachimym-dlya-ekonomiki-strany-aktivy-strahovyh-kompanij-uvelichilis-na-18-za-god-i-sostavili-19-ot-vvp

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру