Бұл модель сізді қаржылық еркіндікке жетелейтін үш капитал – «китке» негізделген.
Бірінші «кит» – сіздің ағымдағы капиталыңыз. Сізде ай сайынғы шығындар үшін қолыңызда және қолжетімді жерде ақша болуы керек. Мысалы, сіз өзіңізге немесе жақындарыңызға жаңа киім сатып алуды, кафеге/мейрамханаға баруды, туыстарыңыз бен достарыңыздың туған күніне сыйлықтар сатып алуды, егер бар болса, кредит бойынша төлем жасауды жоспарлап отырсыз. Сонымен қатар, сіз күнделікті жолақы мен түскі асқа жұмсайсыз.
Барлық шығындарды алдын-ала есептеңіз, бөлінген соманы конвертке, банктік шотқа салыңыз және жоспарланған бюджеттен асып кетпеңіз. Бұл сізге импульсивті және бір сәттік шығындардан аулақ болуға көмектеседі.
Екінші «кит» – бұл резервтік капитал, қаржылық қауіпсіздік жастықшасы, яғни жұмсауға болмайтын қор, ол сіздің ресми жалақыңыздың кем дегенде 6-ындай болуы тиіс. Қаржылық жастықша сізге ертеңгі күнге деген сенімділік береді.
Мысалды алыстан іздеудің керегі жоқ, пандемия кезінде кейбір адамдар ақшадан қиналды, өйткені олар жұмысынан айырылды немесе олардың қызметіне уақытша тыйым салынды.
Үшінші « кит » – пассив капитал. Пассив кіріс «бір рет жасалды – сіз әрқашан аласыз» қағидаты бойынша әр түрлі құралдардан қалыптасады. Ол жұмсау үшін қосымша табыс көзін табу мақсатында ғана қалыптаспайды, оны автокөлік сатып алу, шетелде демалу, өзін-өзі дамыту сияқты қаржылық мақсаттарыңызды жүзеге асыру үшін ақша табудың тәсілі ретінде қарастырыңыз.
Пассив кірісті жоспарлауға байыпты қарау керек. Алдымен оны қалыптастыру үшін қанша қаражат қажет екенін және сізде осындай сома бар-жоғын анықтау керек. Егер жоқ болса, оны негізгі кірістен жинау керек. Қанша уақыт және қандай жиілікпен – бұл нәтижесінде сіздің қандай пассив кіріс алғыңыз келетініне байланысты.
Дереккөзі: https://fingramota.kz/ru/news/post/tri-kita-lichnogo-kapitala
Сурет ашық дереккөздерден