Ұйымдастырушылар – П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі (Алматы), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры, сонымен қатар «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ.
«Көшпенділер әуені» байқауының құрылуы бастапқыдан бір байқаудың ішінде қазақ халық орындаушылық өнерінің– домбыра, қобыз, дәстүрлі ән негізгі бағыттарын біріктіру міндетін қойған, – дейді Алматы музыкалық колледжінің директоры Біржан Хасанғалиев. – Әрбір номинация халық музыкасының әйгілі қайраткерлерінің – Құрманғазы, Қорқыт, Мұхит есімдерімен аталды. Басқа байқауларға қарағанда біздің байқауымызда педагогтың рөліне баса назар аударылады. Конкурстың ережесінде жүлделі ақшаның 50% лауареатты дайындаған педагог алуы керек деп жазылған. Сондай-ақ биылғы жылы «Көшпенділер әуені» ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ұйымдастырған «ЖасStar» шығармашылық жастардың Халықаралық фестивальінің толық құқықты серіктесі болады, бұл жобаның шектері мен аясын кеңейтетіні сөзсіз».
Халық музыка арқылы ұйымдастырушылар жастардың бойына отансүйгіштікті, көркем-эстетикалық талғамды, рухани құндылықтарды дарытуға сенеді. Оның үстіне байқау сазгерлерді жаңа халық әуендері мен олардың қазіргі заманғы аранжирлеушілікті жазуға ынталандырады. Осылайша, қазақ халық музыкасы әр заманда танымал болып қалатынына үміт бар.
2017 жылдан бері өткізіліп жатқан бұл байқауға республиканың музыкалық колледждерінің студенттері қатысады.
«Мен байқауға қатысушыларын бақыладым – жасқаншақ, нәзік қыздар мен жігіттер, ал сахнаға шыққан соң таланттарын көрсеткенде, тынысым тарылады. Олар сондай қуатты энергетиканы жібереді, олардың бойында керемет ерекше дарындылығы бар. Келешекте ауқымды халықаралық шараларда еліміздің даңқын асыратын, республиканың игілігіне айналатын он шақты қатысушылардың ішінен бөліп шығару үшін осындай байқаулардың рөлі маңызды», – дейді «Номад LIFE» компаниясының Басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.
Байқаудың үш номинациясы бар: «Құрманғазы» (домбырашылар арасында), «Қорқыт» (қобызшылар арасында) және «Мұхит» (халық әнінің орындаушылары арасында).
Гран-придің иегері 300 000 теңге мөлшерінде ақшалай жүлдеге ие болады, бірінші орынға – 250 мың теңге, екінші орынға – 150 000 теңге, үшінші орынға – 100 000 теңге берілсе, дипломанттарға – 50 000 теңге беріледі. Бұл сома орындаушы мен оны дайындаған педагог арасында бөлінеді.
Байқаудың қазылар алқасының құрамына Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткерлер, ЖОО профессорлары мен республиканың музыкалық колледждерінің оқытушылары кірді. Мысалы, былтырғы жылы І Республикалық байқаудың қазылар алқасының құрамына дәстүрлі өнердің танымал майталмандары – Елмұрат Үсенов, Раушан Мұсаходжаева, Шолпан Заданқызы және т.б. болды. Ол кезде байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен музыкалық оқу орындарының шамамен 100 студент қатысты.
Фото: aikyn.kz