Алмада еритін жасұнық көп. Ол қандағы холестерин деңгейін төмендетеді және қан тамырларының бітелуінің алдын алады. Сонымен қатар, жемісте полифенол, оның ішінде қан қысымын төмендетін флавоноид эпикатехин көп. Жемістерде сонымен қатар С дәрумені мен калий бар. С дәрумені иммундық жүйені нығайтып, жүрекке асқынулар беретін жұқпалардан ағзаны қорғауға көмектесе алады. Калий жоғары қан қысымының қаупін және жүрек-қан тамырларының асқынуларын төмендете отырып, қан тамырларын босаңсытуға көмектеседі.
Алмадағы кверцетин миды қышқылдану күйзелуінен туындаған зақымданулардан қорғауға көмектеседі. Ол сонымен қатар қышқылдану және қабыну күйзелістерінің маркерлерін реттей отырып, жүйкенің зақымдануының алдын алады. Зертханалық зерттеулердің бірі кверцетин жас келе олардың жоғалуын төмендете отырып, нейрондарға тірі қалуға және қызмет етуді жалғастыруға көмектесетінін көрсетті.
Алманың зияны
Алманы тым көп жеу асқазан-ішек жолының тарапынан теріс әсерге ұрындыруы мүмкін.
Егер оларды шамадан көп жемесе, олар денсаулыққа қауіпсіз. Бірақ кейбір жағдайларда жағымсыз әсерді туындатуы мүмкін.
Жеміс дәндерінде цианид бар. Оларды жұтып қойса зиян тигізбейді, алайда үлкен көлемде шайнап жесе – улануға алып келуі мүмкін.
Аллергияға бейім адамдарда алманы жегеннен кейін әсер туындау қаупі бар. Ал олардың құрамындағы қышқыл тіс өңезінің пайда болуына ықпал етеді. Сондықтан алмадан кейін ауызды сумен шайып, тісті тазалаған жөн.
Тамақты жұтуға қиындығы бар, кішкентай балалар мен қарт адамдар піспеген алманың бөліктеріне шашалып қалуы мүмкін.
Дереккөзі: https://style.rbc.ru/health/62839ee49a794700b1d09fb9
Сурет ашық дереккөздерден