Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру механизмі қандай?
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру Қазақстан Республикасы заңына сәйкес сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасасатын оның еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде өміріне және денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін қызметкер пайдасына қарай келісім шарт негізінде жүзеге асырылады. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру келісім шарты жазбаша түрде сақтанушы өтініші негізінде жасалады.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру келісім шарты күшіне енген күнінен бастап он екі ай мерзімге құрылады. Жұмыс берушінің өөызметін он екі айдан ахз мерзім атқарған жағдайда келісім шарт осы қызметті атқаоу мерзіміне құрылады.
Ескерту: Жұмыс берушінің өөызметін он екі айдан ахз мерзім атқарған жағдайда келісім шарты аннуитеттің сақтандыру сыныбы бойынша және осы міндетті сақтандыру түрі бойынша сақтандыру іс-әрекетін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалу керек.
Қандай кәсіпорындан өз қызметкерлерін өндірісте жазатайым оқиғадан сақтандыруға міндетті?
Бұл сақтандыру түрі мемлекеттік мекемелерден басқа барлық жұмыс берушілер үшін міндетті сақтандыру түрі болып табыладыү
Қазақстан Республикасыіндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті тұлға міндетті сақтандыру келісім шартын жасасудан бас тартса, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 175 бабының 2 тармағына сәйкес айыппұл төлейді:
· физикалық тұлғаларға 20 АЕК мөлшерде,
· лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот атқарушыларына – 100 АЕК мөлшерде,
· шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – 400 АЕК мөлшерде,
· ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – 1 000 АЕК мөлшерде.
Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру келісім шарты қандай сомаға жасалады? Оны өзгертуге бола ма?
Сақтандыру сомасы қызметерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру келісім шартымен анықталады, бірақ ол қызметерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру келісім шартын жасасу сәтінде барлық жұмысшылардың жылдық еңбек ақы қорынан аз болмау керек.
Сақтандыру сомасы қызметкерлердің жылдық еңбек ақы қоры өзгерген жағдайда өзгереді.
Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру келісім шарты бойынша сақтандыру сыйақысының мөлшері қандай?
Қызметерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру келісім шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы Заңның 17 бабының осы баптың 2-тармағында белгіленген, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасына көбейтілген сақтандыру тарифінің негізінде тараптардың келісімімен айқындалады. Алынған соманың қосындысын табу керек.
Егер компания әртүрлі кәсіптік тәуекелдерге жататын бірнеше іс-әрекеттер жүзеге асырса, бұл жағдайда сыйақы қалай есептеледі?
Сақтанушы бірнеше экономикалық іс-әреккет түрлерін жүзеге асырса, онда ол оның негізгі іс-әрекеті түріне сәйкес келетін кәсіптік тәуекел сыныбына жатқызылу керек.
Сақтанушы өндiрiстiң жалпы көлемiнде тең бөлінген экономикалық қызметтің бірнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда, ол кәсiптiк тәуекелдiң неғұрлым жоғары сыныбы сәйкес келетiн экономикалық қызмет түрiне жатқызылуға тиiс.
Егер компанияда бас компанияның іс-әрекетінен ерекшеленетін іс –әрекет жүргізетін филиалдары болған ағдайда сыйақы қалай есептеледі?
Сақтанушыдан өзгеше қызметті жүзеге асыратын филиал (филиалдар) сақтанушыда болған жағдайда, ол өзінің кәсіптік тәуекел сыныбы сәйкес келетін экономикалық қызмет түріне жатқызылуға тиіс
Бұл ретте, филиалда (филиалдарда) өзі (өздері) жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі туралы растауы болуға тиіс.
Қызметкерлер саны ұлғайғанда немесе еңбекақы қоры өзгерген жағдайда сақтандыру келісім шартын қайта жасасу керек пе?
Егер сақтандыру келісім шартының әрекет ету мерзімі ішінде еңбек ақы қоры және (немесе) қызметкерлердің штаттық саны өзгерген жағдайда, онда тарптардың келісімі бойынша сақтандыру келісім шартына өзгерістер (сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйақысы мөлшеріне қатысты) негізгі келісім шарттың әрекет ету мерзіміне қосымша келісім жаса арқылы енгізіледі.
Сақтандыру сыйақысы еңбек ақы қорын өзгерту сомасынан және негізгі келісім шарттың аяқталуына дейін қалған мерзімгенегізделіп есептеледі. Сақтандыру тарифі сқтандыру келісім шарты (негізгі келісім шарт) жасасқан тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне пропорционал есептеледі.
Сақтандыру ағдайы не болып табылады?
Осы сақтандыру түрінде сақтандыру жағдайы қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде өндірістік жарақан, кенет денсаулығының нашарлауы немесе қызметкердің улануы, кәәсіптік еңбек қабілеттілігінің айырылу дәрежесін орнатуға, кәсіптік ауруға немесе қайтыс болуына алып келген жазатайым оқиға болып табылады.
Сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру төлемінің мөлшері қандай?
Бір жылға дейін кәсіптік еңбек қабілеттілігінен айырылу дәрежесі орнатумен байланыссты қызметкердің табысы (кірісі) айырылумен байланысты зиянды өтеу есебінде төленетін сақтандыру төлемі Сақтандырушымен өздігінен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен анықталатын мөлшерде жүзеге асырылады.
Бір жыл және одан жоғары мерзімгекәсіптік еңбек қабілеттілігінен айырылу дәрежесі орнатумен байланыссты қызметкердің табысы (кірісі) айырылумен байланысты зиянды өтеу есебінде төленетін сақтандыру төлемі Сақтандырушымен жасасқан аннуитет келісім шартына сәйкес қызметкердің кәсіптік еңбек қабілеттілігінен айырылу дәрежесін орнату немесе создыру (қайта куәландыру) мерзіміне тең мерзім бойы қызметкердің пайдасына аннуитеттік төлем түрінде жүргізіледі.
Жазатайым оқиға болған кезде қызметкердiң қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ орын алған жазатайым оқиғаның салдарынан оның денсаулығының нашарлау себебi бойынша зиянды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтету құқығы бар тұлғалардың пайдасына аннуитеттiк төлемдер түрiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген мерзiм бойы жүзеге асырылады Сақтандырушы қызметкерге кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген жағдайда оның денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеуді осы шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар сақтандырушының өтеуіне жатпайды.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған қосымша шығыстарды өтеу жөніндегі сақтандыру төлемдерінің жиынтық мөлшері мынадай мөлшерлерден (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштерде) аспауға тиіс:
- 1) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi отыздан елу тоғыз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 500;
- 2) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi алпыстан сексен тоғыз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 750;
- 3) кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi тоқсаннан бір жүз пайызды қоса алғанға дейiн белгiленген кезде – 1000.