bs-preloader__icon
ru kz en

ДДСҰ: жыл сайын шылым шегудің зиянды әсерінен 6 млн адам қайтыс болады

1 наурыз күні Бүкіләлемдік иммунитет күні аталады. Иммундық жүйенің ағзаның ішкі ортасының тұтастығын сақтау қабілеті 50%-ға адам өмірінің салтына байланысты болады. Шылым шегу сияқты зиянды әдеттер иммунитетті әлсіретеді және көптеген аурулардың себебіне айналады. Егер шылым шегумен күресу бойынша мерзімді шаралар қолданлмаса, 2030 жылға қарай бүкіл әлемде жыл сайынғы өлімдердің саны 8 млн жағдайдан асып кетуі мүмкін, деп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ескертеді, бұл туралы forinsurer.com хабарлайды.
ДДСҰ: жыл сайын шылым шегудің зиянды әсерінен 6 млн адам қайтыс болады

Шылым шегуден жағымсыз әсері жинақтала береді, адам неғрылым ұзақ шылым шексе, соғұрылым оның иммундық жүйесі әлсірей түседі. ДДСҰ мәліметтері бойынша темекінің адам ағзасына зиянды әсерінен жыл сайын 6 млн адам қайтыс болады, оның ішінде 12% - екінші темекі түтінінің әсеріне ұшыраған шылым шекпейтін адамдар болады. Жүректің ишемиялық ауруынан және инсульттан қайтыс болған адамдардың ішінде 70% жағдайда – шылым шеккен және алкогольді суындарды ішетін адамдар болды. Темекінің түтіні күрделі жүрек-тамырлы және респираторлық ауруларды, жүректің ишемиялық ауруы мен өкпе қатерлі ісігін де тудырады. Шылым шегумен күрес бойынша мерзімді шаралар қолданылмаған жағдайда 2030 жылға дейін бұл зиянды әдеттің салдарынан өлімнің саны бүкіл әлемде жыл сайын 8 млн жағдайдан асып кетуі мүмкін.

Темекінің түтінінде 4 мыңнан астам химиялық заттар бар, оның ішінде кемінде 250 зат зиянды зат ретінде, ал 50-ден астам канцероген ретінде танылған. Екінші темекі түтінінің әсер етуінің қауіпсіз деңгейі жоқ. Әлемде балалардың тең жартысы темекі түтінімен ластанған ауамен демалады, ал 40% астам балалардың бір темекі тартатын ата-анасы бар, – дейді сақтандырушылар. 

Kelly Service халықаралық әлеуметтанушылық компаниясымен жүргізілген зерттеулер шылым шегетін адамдар көбінесе коммуналдық қызметтер саласында (34%) жұмыс істейтіндігін көрсетті, екінші орынға – өндірістер (24%), үшінші орынды туристік бизнес, IT-технологиялары және ивент-сауық саласы – 19% бөліп алды.

Сағатына бір темекіні шегіп, қызметкер өзінің зиянды әдетіне жыл сайын 330 жұмыс сағатын, яғни екі жұмыс айын жұмсайды. Алайда жұмыс уақытын есепке алу бойынша БҚ (ПО) әзірлемесімен айналысатын Kickidler ресейлік компаниясы кенеттен мынадай қорытынды жасады: кеңселік темекі тартатын адамдар кейде шылым шекпейтін қызметкерлеріне қарағанда екі есе тиімдірек жұмыс істейді. Бұл шылым шегетін қызметкерлердің жұмыс орнын тастап, кейіннен жұмысты қуып жету үшін көп жұмыс жасауға мәжбүр болатынымен байланысты. Дегенмен денсаулықпен туындайтын мәселелер ерте ме кеш пе өзі туралы ескертеді, ал шылым шекпейтін әріптестермен салыстырғанда тиімділік еселеніп төменде түсетінін ұмытпаған жөн.

Өкпе қатерлі ісігі диагнозы қойылған 10 науқастан 9-ы – темекі тартады. Егер сіздер бұл зиянды әдетті жеңіп шыға алмасаңыз, онда болашақ емі туралы қамдану керек.

Дереккөзі: https://forinsurer.com/news/19/02/21/36608

Фотосурет http://nekuru.com, vladtime.ru сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру