bs-preloader__icon
ru kz en

Дін қызметкерлері екі жүз жылдан астам жұмыс істейтін тиімді сақтандыру және зейнетақы қорларын қалай құрды

Юваль Ной Хараридің «Sapiens» кітабында тарихшы Еуропада алғашқы сақтандыру және зейнетақы қорларын кім және қалай құрастырғаны туралы әңгімелейді деп enpi.kz. хабарлайды.
Дін қызметкерлері екі жүз жылдан астам жұмыс істейтін тиімді сақтандыру және зейнетақы қорларын қалай құрды

1744 жылы 2 шотландық дін қызметшісі-пресвитері Александр Вебстер және Роберт Уоллес дін қызметкерлерінің жесірлері мен жетімдерін зейнетақымен қамтамасыз ету үшін сақтандыру қорын құруға бел буды.

Барлық дін қызметшілері өзінің табысының кішкентай бөлігін қорға салу керек болатын, ақша бағалы қағаздарға салынатын, егер салымшылардың біреуі қайтыс болса, оның жесірі өмірінің соңына дейін мұқтажсыз өмір сүру үшін қордан дивидендтерді алатын еді. Әрине, дін қызметшілері алдында орынды сұрақ туындайды: әрбір дін қызметшісі жыл сайын қандай соманы салу керек? Сондай-ақ оларға жыл сайын қанша дін қызметшісі өлетіндігін, қанша жесір мен жетімдердің қалатындығын және де жесірлер өз жұбайынан қанша уақыт артық өмір сүретіндігін білу немесе алдын ала болжау керек болды.

Қордың негізін қалаушылары Эдинбург университетінің математика профессоры Коллин Малориннен осының бәрін есептету үшін көмек сұрады. Олар үшеуі қайтыс болған дін қызметшілері туралы, олар қанша жаста қайтыс болған туралы ақпаратты жинап, жыл сайын шамамен қанша дін қызметші қайтыс болатынын есептеді.

Бұл еңбек статистика мен ықтималдылық теориясына сүйенген. Ең маңызды жаңалықтың бірі Якоб Бернуллидің үлкен сандар заңы болды. Бернулли бір қағиданы белгіледі. Бұл қағида бойынша – нақты адамның өлімін болжамдау қиын, бірақ осыған ұқсас оқиғалардың нәтижесін алдын ала нақты болжауға болады.

Басқа сөзбен айтқанда қандай да бір адам қай уақытта қайтыс болатындығын болжау мүмкін емес, алайда шіркеу қанша дін қызметшісінен айырылып қалатындығын нақты болжауға болады.

Уоллес және Вебстер есептеу үшін осыдан жарты ғасыр бұрын Галлей құрастырған өлім кестесін пайдаланды. Галлей неміс Бреслау қаласының архивынан 1238 туу және 1174 өлім туралы жазбаларды талдап, кестені құрастырды. Бұл кестелерден ағымдағы жылда өлім ықтималдылығы 20 жастағы адамда 1:100, ал 50 жастағы адамда – 1:39 құрайтындығын көруге болады.

Осы өлім кестесіне сүйене отырып, дін қызметшілері Шотландияда жыл сайын бар 930 дін қызметшісінен орташа есеппен 12 ай ішінде 27 қайтыс болып, оның ішіндегі 18-інің артында жесірлері қалатындығын есептеп шықты.  Жесірі қалмағандардың 5-інде жас балалары қалады. Сонымен қатар екеуінде және некедегі қайтыс болғандарда алдыңғы некеден қалған 16 жастан кіші балалары қалады. Бұл өте нақты және толық болжам.

Кейін олар жесір әйелінің өліміне дейін немесе оның екінші реті күйеуге шыққанға дейін қанша уақыт өтетіндігін есептеді. Осылайша олар өз жақындарын қамтамасыз ету үшін қордың қатысушылары қанша ақша төлеу керектігін анықтай алды. Жылына 2 фунт 12 шиллинг және 2 пенсті төлеп отырып, дін қызметшісі өзінің жесір қалатын әйеліне жылына 10 фунтты – ол кездегі қомақты сома еді – кепілдендіреді. Жесір әйел 25 фунтты да алар еді, бірақ онда жылдық төлем 6 фунт 11 шиллинг және 3 пенс болу керек.

Құрылтайшылар 1765 жылға қарай Шотландиялық шіркеу дін қызметшілерінің жесірлері мен жетімдеріне қамқорлық көрсету қоры 58,3 мың фунтты құрайтын капиталды жинайды деп болжамдаған. Расында да, сол жылы капитал тек бір фунтқа кем соманы құрады. Қазіргі таңда «Шотландиялық жесірлер» деп қысқа атаумен белгілі болған Вебстер және Уоллестің қоры әлемде ең ірі сақтандыру және зейнетақы қорларының бірі болып табылады. Капиталы 100 млрд стерлингті құрайтын қор тек қана шотландиялық жесірлерді емес, сонымен қатар полисті сатып алуға ниет білдірген кез келген тұлғаны сақтандырады.

Шотландиялық шіркеу дін қызметшілерінің жесірлері мен жетімдеріне қамқорлық көрсету қоры сақтандыру мекемелерінің ішіндегі алғашқысы болып «максимум қағидасын» алды: капиталды жарналар да пайыздық түсімдер жыл сайынғы мүмкін болатын төлемдерді және басқа шығындарды барынша өтейтіндей капиталды жинақтады. Шынайылық болжамдарға сәйкес келмей қалса, қор қажетті ақшаны артығымен қамсыздандырып, немесе минуста қалар еді.

Кемінде бес рет Уоллес және Вебстер алғашқы 18 620 фунттан (1748 жылы) 1765-жылы 58 348 фунтқа дейін ұлғаяды деген шешімге келгенше, қордың өсуінің болашақ қарқынын бағаламақ болды. Бір фунт – олар тек қана бір фунтқа ғана қателесті. 1765 жылы кәсіпорынның еркін капиталы 58 347 фунтқа тең деп жарияланды. Уоллес та Вебстер де сол ерекше оқиғаға дейін жетті.

Шотландиялық шіркеу дін қызметшілерінің жесірлері қоры осындай қорлардың ішінде ең алғашқы болды, және оның құрылуын қаржы тарихында маңызды кезеңі ретінде есептеуге болады. Екі адам ендігәрі тек дін қызметшілеріне емес, кенеттен қайтыс болған жағдайда өзінің жақындарын қорғағысы келген кез келген адамға қызмет ете бастады. Қор әлі толық аяққа тұрып үлгірмеген, ал Эдинбургтің, Глазго мен Сент-Эндрюстің университеттері оған қатысуға ниет білдірді. Екі он жылдық ішінде осындай қорлар ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде құрылып үлгерді –Филадельфия пресвитер дін қызметшілерінің қоры (1761), Әділдіктің Ағылшын серіктестігі (1762) немесе шотландиялық кәсіпшілердің жесірлеріне көмектесетін Әулие Мария кіші шіркеу қоғамы (1768). 1815 жылы сақтандыру идеясы таралған соншалықты, Наполеонға қарсы шайқасқа шыққан жауынгерлерге дейін жеткен.

Ватерлоо маңындағы егістерінде әрбір төртінші жауангер қаза болады деп есептелген. Сақтандырылған жауангерге өмір сүру жеңілдеу болатын: ол өзі биік шөпте жата берсе, оның әйелі мен балалары қараңғы түпкірлерден құтылатын (сақтандыру адамдардың «орнын толтырғанда», олар шынымен де онымен «жамылып алатын» - осылайшы жаңа идеялар күнделікті өмірге енді).

1826 жылы Вальтер Скотт мырза өз өмірін сақтандырып, өз кредиторларын үміттендіріп қойды – енді олар кез келген жағдайда өз пайдасын көретін болды. Бірте-бірте екі жүздей дін қызметшінің жесірлеріне көмектесу үшін құрылған шағын қор тұтас бір индустрияға айналды – қазіргі кезде «Шотландиялық жесірлер» сақтандыру полистері мен зейнетақымен айналысып жүр. Иә, бұл енді көптеген қаржы қызметтерін жеткізушілерінің бірі (1999 жылы фирманы Lloyds банкі сатып алды), бірақ қазір де «Шотландиялық жесірлер» адамдарға қызмет ету және «жесірлер мен жетімдердің» мүдделерін қорғау бойынша белгілі бір әлеуметтік саясатты жүргізу идеясын атқарады.

Дереккөзі: https://enpi.kz/mezhdunarodniy-opyt/-shotlandskie-vdovyi-i-sirotyi

Фотосуреттер http://exellence.ucoz.ru сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
АҚШ-тағы ер адам әйелін өлтіріп, төленген сақтандыруды жұмсады
АҚШ-тағы ер адам әйелін өлтіріп, төленген сақтандыруды жұмсады

АҚШ тұрғыны жұбайын өлтіріп, сақтандыру төлем...

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары: бұл қалай жұмыс жасайды?
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары: бұл қалай жұмыс жасайды?

Зиянды өндірісте жұмыс істейтін адамдардың де...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру