Американдық зерттеушілердің жұмысына сәйкес, SARS-CoV-2 жаңа коронавирус ауада бірнеше сағат, ал кейбір беттерінде – күн тұрады. Атап айтқанда, мыста – төрт сағатқа жуық, картонда – бір тәулік, пластикада және тот баспайтын болаттан – екі күннен үш күнге дейін. Сондықтан инфекцияны жұқтыру ықтималдығы жеткілікті жоғары, белгілі бір затқа қол тигізсе жеткені, әсіресе, егер сол қолмен көзді, мұрынды немесе ауызды қолымен ұстаса.
Адамның бетін қолмен ұстамауға барлық мамандандырылған ресурстар кеңес береді: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Денсаулық сақтау министрлігінің, Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (АҚШ) сайттары. Алайда бұны жасау қиынға соғуда. Америкалық Washington Post газеті ресми тұлғалар бұл ұсынысты тікелей ерні, мұрын және көзді ұстамауға шақырған кезінде бұзған шамамен он жағдайды көрсетті.
Австралиялық ғалымдардың мәліметтері бойынша, тіпті осындай қимылдардың қауіптілігін білетін студент-медиктер сағатына шамамен 23 рет өз бетін ұстады. Аузын, бетін және иегін – сағатына төрт рет, мұрын мен көзін – үш рет, құлағы мен иегін – бір рет ұстайды. Бір тиіп кетудің орташа ұзақтығы – үш секунд. Басқа мәліметтер бойынша, адамдар өзіне сағатына 15,7 рет ұстайды екен. Қалай болса да, бұның өзі коронавирус ағзаға еніп кетуі үшін жеткілікті.
Австралиялық зерттеушілердің жұмыстарының мәліметтеріне сәйкес, адам орта есеппен сағатына 23 рет немесе екі жарым минут ішінде бір рет ұстады. Көбінесе ауызды, бетін және иекті ұстайды.
Неміс ғалымдарының пікірінше, өздігінен бетіне қол тигізу адамдарға эмоцияны жеңуге және зейін қоюға көмектеседі. Ал күйзеліс көп болған сайын (ал вирусты инфекцияның пандемиясы туралы хабарламалар үлкен күйзеліс), адам ауызға және мұрынға жиірек қол тигізіп, көзін ұзағырақ ұқалайды.
Зерттеушілер 14 сау еріктілерден олардың жадын тексеруге бірнеше жазбаша тапсырма орындауды сұрады. Тест барысында әрбір бес минут сайын қатысушыларға ыңғайсыздық тудырған жоғары жағымсыз дыбыстар қосылды. Энцефалография көмегімен ғалымдар еріктілердің ми белсенділігіне бақылау жасады. Бетіне қол тигізудің саны электроэнцефаллограммаларда тіркелген күйзелістің деңгейімен өзара қатынаста болған екен.
Адамдар жағымсыз уайымдар кезінде өздерін осылайша қозғалуды анасының құрсағында бастаған екенін Британияда анықтаған болатын. Жүктіліктің 24-36 аптасындағы 15 әйелді ультрадыбыстық зерттеу нәтижелерін зерттей отырып, ғалымдар анасы күйзеліске ұшыраған кезде бала өз бетін ұстап жатқанын анықтады. Сонымен қатар жүктілік кезінде темекі шегетін әйелдердің балалары темекіні шекпейтін аналардың балаларына қарағанда, аузы мен көзіне жиірек қол тигізген екен. Алайда бұл мәліметтерді статистикалық маңызды деп есептеуге болмайды.
Түйсік деңгейінде
Маймылдардың мінез-құлқына қарағанда, кез-келген түсініксіз жағдайда өзінің бетіне қол тигізу барлық приматтарға тән қозғалыс. Гориллалар, орангутантар және шимпанзе бұл тұрғыдан адамдарға ұқсас келеді. Біз сияқты бұл жануарлар да өз тұмсығын көбінесе сол табанымен ұстайды.
Израиль ғалымдары бұл жерде тек эмоциялар ғана емес, айналадағылар туралы қосымша мәліметтер де бар деп болжайды. Еріктілерге дем алатын ауаның көлемін өлшейтін құралдар берілді, одан кейін басқа адамдармен кездесу кезінде оларды бақылады.
Зерттеудің қатысушысы өзінің бір жыныстас әңгімелесушінің қолын алғаннан кейін, ол өз мұрнын ұстағаны анықталды. Бұл кезде ол дем алатын ауаның мөлшері екі есе ұлғаятын. Бұл қол алысқаннан кейін өз бетін ұстағанда, ол басқа адамның иісін тексереді дегенді білдіреді. Дегенмен, ауызға, мұрынға және көзге қол тигізу қол алысу сияқты қазір заңнан тыс — бұл да қауіпті екенін растайтын ғылыми деректер бар.
Сонымен, студенттер арасында А тұмауының таралуын зерттеген қытайлық ғалымдардың жұмысына сәйкес вирустардың 60 пайызы адамдар арасында қол арқылы беріледі.
Адамның түйсік деңгейіндегі бетіне қол тигізуге келетін болсақ, мамандар латекс қолғаптарын пайдалануды ұсынады.
«Коронавирус ауруымен ауыратын адам мұрнын қасыған кезде, содан кейін есіктің тұтқасын ұстағанда, біз одан кейін сол тұтқаны ұстап қалып, ауызға немесе мұрынға қол тигіземіз, вирустық бөлшектер бізге бетімізге түседі. Егер біз көзімізді ұқалайтын болсақ, онда бұл бөлшектер көздің шырышты қабығында қалып қалады. Сондықтан қоғамдық көлікті пайдалансаңыз, латексті қолғап кигеніңіз абзал. Бұл осы қолғапты күн сайын пайдаланбайтын адам үшін өте ерекше сезім. Сіз соған мән беріп, бетіңізді қолмен ұстамайтын боласыз. Метродан шығып, қолғабыңызды шешесіз де лақтырып жібересіз», — одеп РИА Новости сайтына берге сұхбатында Сеченов университеті Е.В.Боровский атындағы Стоматология институтының директоры профессор Ирина Макеева атап өтті.
Сонымен қатар адам өз бетін қолымен ұстағысы келген кезде жағымсыз дыбысты білдіретін компьютер мен смартфон үшін қосымшалар пайда болды. Балалар үшін аузына, мұрны мен көзіне қол тигізуге болмайтынын түсіндіретін жеке сайт бар.
Дереккөзі: https://ria.ru/20200318/1568748474.html
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды