bs-preloader__icon
ru kz

Ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар қазақстандықтар 20%-ға көбейді

2020 жылдың төртінші тоқсанында ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар үй қожалықтарының саны 140,6 мыңға дейін бір жылда 12%-ға өсті. Бұл үй қожалықтарында 858,5 мың адам тұрған – бір жыл бұрынға қарағанда бірден 20,1%-ға көп, деп жазады Finprom.kz.
Ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар қазақстандықтар 20%-ға көбейді

Салыстырма үшін: бір жыл бұрын ұқсас кезеңде елде осындай төмен табыстармен 125,5 мың үй қожалықтары болған (бір жылда плюс 10,2%). Соңғы жылдары пессимистік көрсеткіш тек өсіп келе жатқанын айта кету керек.

Сонымен бірге, елдің ең кедей үй қожалықтарының арасынан 4,6 мыңында (бір жылда плюс 49,5%) азық-түлік себеті құнынан тіпті төмен табыстары бар. Бұл үй қожалықтарында 28 мыңнан астам адам тұрады (бір жылда бірден плюс 84,2%)

Өңірлік бөлікте ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар 19,9% үй қожалықтары Түркістан облысына түсті: 27,9 мың үй қожалықтары, бір жылда минус 12,2%. Бұл жерде сонымен қатар кедейлік шегінде өмір сүретін халықтың ең үлкен үлесі тіркелген - 10,3%. Бұл ретте ел бойынша орташа көрсеткіш 4,6%-ды (бір жыл бұрын – 3,8%) құрады. Аутсайдерлер үштігіне сондай-ақ Алматы (15,5 мың үй қожалықтары, 2019 жылға қарағанда бірден 2,8 есеге көп) және Шығыс Қазақстан облысы (11,6 мың үй қожалықтары, минус 2,2%) кірді.

Қаралып отқан кезеңде бір айда халықтың жан басына ең төмен күнкөріс деңгейінің орташа көлемі 34 мың теңгені құраған – бір жыл бұрынға қарағанда 11,8%-ға көбірек. Сол уақытта, тұтынуға пайдаланған табыс бір жылда 8,4%-ға ұлғайып, 65,6 мың теңгені құраған. Ең төмен күнкөріс деңгейінің көлемімен тұтынуға пайдаланған табыстың ара қатынасы 193%-ды құрады.

Дереккөзі: http://finprom.kz/ru/article/kazahstancy-bedneyut-zhitelej-s-dohodami-nizhe-prozhitochnogo-minimuma-stalo-na-20-bolshe

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
100 жасқа дейін қалай өмір сүруге болады: биохакерлердің рецептілері
100 жасқа дейін қалай өмір сүруге болады: биохакерлердің рецептілері

Жаңа бастаған биохакерлердің арсеналында қан...

Өмірді сақтандыру полисін қалай таңдауға болады
Өмірді сақтандыру полисін қалай таңдауға болады

Өмірді болжау мүмкін емес, бірақ бұл біз тосын ...

ДДСҰ: жыл сайын шылым шегудің зиянды әсерінен 6 млн адам қайтыс болады
ДДСҰ: жыл сайын шылым шегудің зиянды әсерінен 6 млн адам қайтыс болады

1 наурыз күні Бүкіләлемдік иммунитет күні атал...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру