Кейс 1. «Минималды»
Сіз минималды рұқсат етілген жарна салсыз. Клиент- 30 жастағы ер адам, шылым шекпейді. Жылына 8,820 доллар салады.
Сіз жыл сайын минималды рұқсат етілген жарналарды саласыз, егер 15 жылдан кейін (өмірді жинақтаушы сақтандыру келісім шартының әрекетінің минималды мерзімі) сіз келісім шартты жабуды шешсеңіз, онда сізді сақтандырушы компания сіздің жинақтарыңыздың толық сомасын төлей алады (немесе сәл жоғары – сіз полис ашқан табыстылығына және жасқа байланысты). Және осы кезең бойы Сіздің ақшаларыңыз сақтандыру полисі шарттарымен сенімді қорғалады.
Алғашқы 5 жылда барлық комиссиялар мен жарналарды ескергенде, теңгерімдегі сома 32.810 доллар құрайды, ал тағыда бес жылдан кейін, яғни клиентке 40 жас толғанда бұл 77.898 жоллар құрайды, 50 жаста сақтанған клиент 229,673 жоллар капиталы болады.
Капиталдың кепілді сақталуы 1%, ал табыстылығы орта есеппен 6-7% жылдық болатынын ескерсек шетелде өмірді жинақтаушы сақтандыру келісім шарты кез-келген депозиттен артық.
Сақтандырушы Сіздің капиталдың барлық сомасына төтенше жағдайда – дағдарыс барысында нарықтың құлауы жағдайында +1% табыс есептелетініне кепілдік береді, Бұл ретте орташа табыстылық соңғы 25 жылда статистика бойынша 6-7% болады. Жазатайым оқиға немесе қайтыс болу жағдайында Сізде өмірді сақтандыру түрінде қауіпсіздіктің қуатты қаржылық негіз барын айтпаса да болады.
Қайтыс болу жағдайында төлем үшін сақтандыру сомасы (өмірді сақтандыру сомасы) келісім шарттың әрекет ету ерзімінің бірінші жылынан бастап өзгеріссіз қалады және жинақталған капиталға қосымша бекітілген бір миллион доллар құрайды, яғни клиенттің 50 жаста, шотында 229,673 доллар болған кезде қайтыс болуы жағдайында компания мұрагерлеріне 1,229,673 доллар төлейді
Кейс 2. «Оңтайлы»
Сіз жинақтарға ерекше көңіл бөліп, минималды рұқсат етілген сомадан 3-4 есе көп сала аласыз. Бұл жағдайда сізге өз капиталыңызды біршама ұлғайтып, 20-30 жыл өткен соң салмақты табыс алуыңызға болады.
30 жастағы, шылым шекпейтін ер адас жылына 26,500 доллар салады. 30 жылда жарналардың жалпы сомасы 795,000 доллар құрайды. Бұл кезеңде инвестициялық табыс есебінен өсетін капитал 2,522,578 доллар құрайды да, клиент бұл соманы өз қалауымен қолдана алады.
Егер адам осы 30 жылдан кейін дүниеден өтсе, онда сақтандыру жағдайы басталған жағдайда оның отбасысы (бенефициарлары) қолына 3,522,578 доллар (жинақталған капитал плюс миллион доллар (өмірді сақтандыру сомасы) сақтандыру компаниясынан төлем) алады.
Бұл қаншалықты тиімді?
Өміоді жинақтаушы сақтандыру жоспарын банк депозитімен салыстыруға болады. Егер ақшаны отыз жылға 6%-ға ақша салса, сіздің жинақталған капиталыңыз 2,229,000 доллар құрайды. Ал, жинақтаушы сақтандыру келісім шарты 2,5 миллион береді, яғни, табыстылығы жоғарырақ болады. 30 жылда өмірді сақтандыру үшін комиссиялар мен тарифтерді ескергенде, Капиталлдың таза өсімі жылына 6,3% құрайды.
Сөзсіз, сіз банктен сенімді банк депозиттерінде валютада 6% таппайсыз. Бұл жоспардың тағы да бір басты артықшылығы – кепілді 1% табыс; орта есеппен табыстылық жылына 6-8% тең, капиталдың ықтимал өсімі жылына 30-40% жетуі мүмкін. Ең болмағанда Сіз минималды табыс +1% аласыз, және бұл сома нарықтағы ауытқулар салдарынан төмендемейді.
Кейс 3, оны «Біржолата төле» деп атаса да болады
Егер Сізде бірнеше оннан (30-40 мың доллар) бірнеше жүз мың жолларға дейін және одан көп болса, және Сіз бұл соманың бір бөлігін немесе барлық соманы сақтандыру полисіне сала алсаңыз қолдануға болады
Сақтанушы: ер адам, 30 жас, шылым шекпейді. Бір рет бірінші жылы 126,091 доллар салды.
Полис жылы |
Капитал |
Қайтыс болуы жағдайында төлем |
1 |
126,091 |
1,000,000 |
5 |
154,857 |
1,000,000 |
10 |
203,374 |
1,000,000 |
15 |
277,159 |
1,000,000 |
20 |
381,136 |
1,000,000 |
25 |
542,390 |
1,000,000 |
30 |
766,231 |
1,026,750 |
35 |
1,114,230 |
1,359,360 |
Бұл кейсте жоғарыда аталған мысалдардан маңызды айырмашылығы бар. Қайтыс болуы жағдайында төлем25 жыл бойы қатаң бекітілген және 1,000,000 доллар құрайтын болады. Ал сонымен қатар он жылдан кейін, яғни келісім шарттың әрекет ету мерзімінің 3 жылынан кейін, қайтыс болуы жағдайында төлем сомасы 1,359,000 доллар құрайтын болады, бұл жинақталған капиталдан 250,000 долларға артық.
Бұнда табыстылық ставасы жылына 7,06 пайыз, және комиссия мен өмірді сақтандыру құны төлемін алып тастағанда салынған ақшаға капиталдың таза жылдық өсімі 6,1% құрайды. Бқл өтте жаман емес көрсеткіш.
Бұл кейске тән ерекшелік жинақталған капитал мен сақтандыру төлемі сомасының қатынасы болып табылады. Келісім шарттың әрекет ету мерзімінің отыз жылына дейін сақтандыру төлемі мөлшері өзгеріссіз қалады және 1 миллион доллар құрайды, ал капитал бұл уақытта тұрақты жарна салу және табысты инвестициялау есебінен өсіп отырады.
Келісім шарттың 30 жыл әрекет ету мерзімінен кейін сақтандыру төлемі (қайтыс болуы шартында жүргізілетін төлем) ұлғая бастайды. Бұл Техас штаты мен АҚШ заңдары талаптарына негізделген, ол бойынша клиенттің жинақталған капиталы сақтандыру төлемінен артық болмау керек.
Кейс 4. «Максималды»
Сіз үлкен бір рет жарна саласыз, содан соң 5-6 жылдан кейін жыл сайын 26500 доллар салып тұрасыз.
30 жастағы шылым шекпейтін ер адам бір реттік жарна салып, келісім шарттың 5-6 жыл ірекет ету мерзімінен кейін жыл сайын шотын толықтырады.
Полис жылы |
Капитал |
Қайтыс болу жағдайында жүргізілетін төлем |
1 |
126,066 |
1,126,066 |
5 |
160,735 |
1,160,735 |
10 |
365,582 |
1,365,582 |
15 |
672,543 |
1,672,543 |
20 |
1,116,952 |
2,116,952 |
25 |
1,773,934 |
2,773,934 |
30 |
2,718,016 |
3,718,016 |
35 |
4,108,483 |
5,108,483 |
Бір реттік жарна келісім шартты жасасқаннан кейін бірінші жылы 126,066 доллар құрайды. Себебі АҚШ-та өмірді сақтандыру полисін толтыру сомасы бойынша қатаң шектеулер әрекет етеді, екінші жылдан бесінші жылға дейін өз шотыңызға жаңа салым сала алмайсыз – бұл салықтан бас тартуды болдырмау тәсілі (себебі, шетелде өмірді сақтандысу полистеріндегі сомаға көбею барысында салық салынбайды және клиенттің қайтыс болуы жағдайында сақтандыру төлеміне де салық салынбайды).
Ары қарай жарналардың жалпы сомасы өмірді сақтандыру құнына байланысты есептеледі, және оған пропорционал болады. Бірінші жылы 126,066 доллар сомасында жарна енгізілген. Келісім шарттың әрекет ету мерзімінің алтыншы жылынан бастап клиент жылына 26,500$ салады. 30 жылдан кейін оның пайдаланылымында 2,718,000 доллар болады –табыстылық жылына 7,47% немесе комиссияларды алып тастағаннан кейін, салынған ақшаға 6,77%.
Жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары индекстің өсімі негізінде ақша табуға және оның құлауы кезінде ешнәрсе жоғалтқысы келмейтін көптеген адамдардың бұрынғы арманының көрінісіне айналды – сақтандыру кепілдіктері мен инвестициялау мүмкіндігінің бірегей үйлесімі соңғы 15-20 жылда аса танымал болды.
Ақпарат көзі: https://ilyafinance.ru/blog/prakticheskoe-primenenie-straxovaniya-zhizni-za-granitsej-kejsy-i-primery-raboty-polisa-szh-za-rubezhom/