bs-preloader__icon
ru kz en

Әлемдік нарықтық капиталдандырудың қырық бір пайызы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларына тиесілі

Институционалдық инвесторлар (пайлық және зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары) әлемдегі нарықтық капиталдандырудың 41% тиесілі акцияларға ие, деп хабарлайды «Коммерсантъ» газеті ЭДЫҰ есебіне сілтеме жасай отырып.
Әлемдік нарықтық капиталдандырудың қырық бір пайызы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларына тиесілі

АҚШ-та мұндай құрылымдарға барлық салымдардың 60% тиесілі, олар сондай-ақ Ұлыбритания мен Канада нарықтарында басым. 

2017 жылдың соңында әлемде барлығы 41 мың жария сатылатын компания болды ,олардың жиынтық құны $ 84 трлн. ЭДЫҰ есебінде 54 нарықтағы 10 мың компания бойынша деректер пайдаланылды (әлемдік капиталдандырудың шамамен 90%-ы). Ең ірі нарық — американдық (капиталдандырудың 36%), одан кейін Қытай (12%). Бұдан әрі – Гонконг, Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания. Ресей Бразилия мен Сингапур арасында бұл тізімде 20-шы орынға ие болды.

Институционалдық инвесторлардан кейінгі көлемі бойынша екінші санат – бұл мемлекеттік құрылымдар (капиталдандырудың 14%). Бірінші кезекте бұл орталық және аймақтық үкімет, содан кейін – егемен және зейнетақы қорлары, мемлекеттік компаниялар. Нарықта орналастырылған барлық компаниялардың 8%-да акциялардың кемінде жартысын дәл осындай құрылымдар ұстайды – олардың жиынтық салымдары $10 трлн құрайды. Бұл ретте осы сектордың Қытайдағы салымдары мемлекеттік құрылымдардың иелігіндегі капиталдандырудың әлемдік көлемінің 57%-ын құрайды. Мемлекет Сауд Арабиясы, Малайзия және Норвегия нарығында да маңызды ойыншы болып табылады – онда оның үлесі 34%-дан 46%-ға дейін (РФ-да ол 32%-ға бағаланған). Инвесторлардың қалған ірі санаттарына-жеке корпорациялар (холдингтерді қоса алғанда), стратегиялық жеке инвесторлар (отбасылар) – капиталдандырудың 18%-ы жиынтығымен келеді.

Дереккөзі: https://www.kommersant.ru/doc/4135471
Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ҚЖОМС қызметкерлерін сақтандыру қандай болады
ҚЖОМС қызметкерлерін сақтандыру қандай болады

"Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқ...

Мерзімдік аштықтар іштегі майға қарсы тиімсіз болып шықты
Мерзімдік аштықтар іштегі майға қарсы тиімсіз болып шықты

Мерзімдік аштықты қолданатын адамдар өз уақыт...

«Росгосстрах» жаңа өмір сақтандырушысын қалыптастырғысы келеді
«Росгосстрах» жаңа өмір сақтандырушысын қалыптастырғысы келеді

Онымен топқа енетін «РГС өмір» компаниясы мем...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру