bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру тарихынан

Тәуекелді материалдық өтеу туралы ой бірінші болып кімнің басына келгенін ешкім білмейді. Бірақ ежелгі Финикияда теңіз кемелері иелерінің шығынын өтеуге негіз болған арнайы қарыз жүйесі болғаны нақты белгілі. Бүгінде бүкіл әлемде сақтандыру ретінде кеңінен танымал болған қызметтің осы бір түрі сол кездері пайда болса керек.
Өмірді сақтандыру тарихынан
Өмірді сақтандыру тарихынан
Өмірді сақтандыру тарихынан
Өмірді сақтандыру тарихынан
Өмірді сақтандыру тарихынан
Өмірді сақтандыру тарихынан
Өмірді сақтандыру тарихынан
Өмірді сақтандыру тарихынан

Өмірді сақтандыру көне заманда ежелгі римдіктерде жақсы дамыған. Олардың қоғамдық құрылысы әскери, қолөнер және діни алқалардан құралған. Және алқа мүшелерінің бірі қандай да жағдайға тап болып жатса,  ол және оның отбасы материалдық көмек алған. Бұл үшін арнайы кассалар жасақталған.

Б.э.д. 2700 жылдары Ежелгі Египетте египеттік пирамидалардың құрылысымен айналысқан жұмыскерлер жазатайым оқиға нәтижесінде мертіккен немесе қайтыс болған жұмыстастарының немесе олардың отбасыларының пайдасына өзара көмек кассаларын ұйымдастырған. Б.э.д. IV ғасырда Афинада Солон гетерия мүшелеріне өзара көмек көрсету ережелерін белгілейді.

Ежелгі Қытайда да сақтандыру қағидатымен таныс болған. Орта ғасырларда өнеркәсіптік гильдиялар да өз мүшелерін қаржылық қолдаумен қамтамасыз еткен. Тек оларда тұрақты кассалары болмаған, ақшаны қажетіне қарай жинап отырған.

1653 жылы Францияда неаполитан дәрігері Лоренцо Тонти предложил кардинал Мазариниге «тонтина» деп аталып кеткен өзіндік бір ойын ұйымдастыруды ұсынады. Оның барлық қатысушылары ойын ұйымдастырушыларына жарна салған, ал салымның жалпы сомасынан банк пайызы қатысушылар арасында өмір бойы табыс түрінде үлестірілген. Жеті жылда бір рет ойыншылар қатарынан қайтыс болғандар шығарылып отырған, осының нәтижесінде тірі қалғандардың табыстары артқан. Тонти ойлап тапқан ойынның соңғы қатысушысы ойын басынан 70 жылдан аса уақыт өткен соң қайтыс болған.  Көп жасаған осы ойыншының жыл сайынғы табысы сол кездері астрономиялық болып көрінген 73,5 мың ливрды құраған. Әрине, тонтина – бұл сақтандыру емес, ол ойын, әйтсе де соның арқасында сақтандыру қорын құрудың жинақтау қағидаты алғаш рет сынақтан өткізілген.

1650 жылы Лондон айлағында Эдвард Ллойдтың кофеханасы пайда болған, онда бір шыныаяқ кофе ішіп қана қоймай, теңізге шығып бара жатқан кемелерді де сақтандыруға болатын. Тарихнамада ллойд кофесінің қаншалықты дәмді болғаны жөнінде мәлімет сақталмаса да, Ллойд пайдаланған сақтандыру жүйесі осындай іспен айналысқысы келетіндер үшін үлгіге айналған. Кейін сақтандыру ісіне математиктер де қосылған (олардың қатарында Г. Лейбниц және Ж. Лагранж сияқты мэтрлер болған), олар орташа өмір сүру ұзақтығын және қандай да сақтандыру оқиғасының орын алу мүмкіндігін есептеумен айналысқан.

Қазіргі ұғымға сәйкес, ғылыми және статистикалық тәсілге негізделген өмір сақтандыру Англияда пайда болған. Ең алдымен кемелер мен жүктерді сақтандыру дамыған, кейін капитандардың өмірін де сақтандыра бастаған.   

1693 жылы Эдмунд Галлей алғашқы өлім-жітім кестесін құрастырады. Осы кестенің көмегімен ол өмір сақтандырудағы тарифтерді реттеу әдістемесін тұжырымдап, ғылымға алдағы өмірдің орташа ұзақтығы деген ұғымды енгізеді.

1714 ж. Бернулли үлкен сандар заңын тұжырымдайды. XVIII ғ. бірінші жартысында Гюйгенс, Эйлердің ықтималдық теориясы бойынша жұмыстар пайда болады. 

1706 ж. AmicableSociety – алғашқы өзара өмір сақтандыру компаниясының негізі қаланады. 1755 ж. ағылшын математигі Джеймс Додсон ғылымның соңғы жетістіктері негізінде өмір сақтандыру полистерінің құнын анықтады — адамдар бүкіл өмір бойы жарна салып тұрған жағдайда, белгілі бір жасқа келгенде жинай алатын капитал сомасын есептеді.

1762 ж. Ричард Прайс - Додсонның досы Equitable — әлемдегі осы күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан ең ескі өмір сақтандыру компаниясын құрған.

1819 ж. Францияда өмірді сақтандыру жөніндегі алғашқы қоғам пайда болады. 1824 ж. – Бельгия мен Австрияда, 1828 ж. - Германияда. XIX ғ. аяғына қарай өмірді сақтандыру компаниялары клиенттерінің саны миллиондап есептеледі.

Ресейде алғашқы орыс сақтандыру компаниясы 1835 жылдары пайда болған, ол «Жизнь» деп аталған. Бірақ сақтандыру ісі кейінгі кезеңдерде баяу дамыған, себебі «Жизнь» осы қызмет түріне 20 жылдық монополия құқығына ие болып келген. Монополия аяқталған кезде, басқа да отандық компаниялар ашыла бастаған. Бірінші революция кезіне қарай олардың саны он бірге жеткен.

 «Оттан сақтандырудың пайдасын мойындап, өмірді сақтандырудың пайдасын жоққа шығаратындар үйдің тек өртеніп кетуі ғана мүмкін екендігін, ал адам ерте ме, кеш пе өледі және асыраушысының өлімімен бірге жетім қалған отбасының едәуір капиталы да келмеске кететінін есте сақтау керек», - «Якорь» сақтандыру қоғамының жарнамалық проспектінде осылай жазылған екен (XIX ғасырдың соңы).

1885 жылдан кейін, шетелдік компаниялар ресейлік сақтандыру нарығына да ене бастаған. ХХ ғасырдың басында олардың саны үшеу болған. Патша заманында өмірді сақтандыру халық арасында кеңінен таралмаған. Оның бағасы қымбат болып, көбіне төлемдерді бірнеше жылдап күту керек болған. Сондықтан қызметті тек қоғамның ауқатты мүшелері пайдалана алған. Сақтандырылған халық пайызы небары 0,25% құраған.

Революциядан кейін, барлық бұрынғы сақтандыру қоғамдары жабылған, бірақ олардың орнына 1921 жылы Госстрах басқармасы ұымдастырылған. Бұл мемлекеттік ұйым КСРО-дағы сақтандыруды толығымен бақылауда ұстаған. Сақтандыру ерікті болған, және бірте-бірте ұзақ мерзімді жинақтау шарттары кеңінен тарала бастаған. 1990 жылы сақтандыру полисі жұмыс істейтін халықтың 70%-да болған. Өкінішке орай, дағдарыс кезінде бұл жинақтаулар Сбербанктегі шоттармен бірге жоғалып кеткен.

1992 жылы сақтандыру туралы заң қабылданғаннан кейін, бұл сала мемлекеттік монополия болуын қойған. Жекеше сақтандыру компаниялары пайда бола бастаған, бірақ тек міндетті сақтандыру ғана кеңінен таралған. Қазір Ресейде өмірді ерікті сақтандыру қызметін халықтың тек 5% ғана пайдаланады. Еуропада бұл көрсеткіш 10 есеге артық. Бірақ соңғы жылдары нарық қарқынды дами бастады және мемлекеттің қолдауына ие болды. 

Өмірді сақтандыру бүкіл әлемде әлеуметтік мәселелерді шешудің неғұрлым тиімді құралы ретінде қарастырылады және азаматтардың стратегиялық жинақтауларын шоғырландыру құралы болып табылады. Дамыған елдерде халықтың шамамен 90%-да өмірді сақтандыру полистері бар. Өмірді сақтандыру – өзін және өзінің жақындарын қорғаудың керемет қаржылық құралы болып табылатынына көз жеткізу үшін, небары оның шарттарын ұғынып алу керек. 

Дерекнама: http://lifenofear.com/lichnoe-strahovanie/zhizni, http://www.lider-in-life.com/services/history.php, http://docplayer.ru/35395462-Istoriya-strahovaniya-zhizni.html

Фотосуреттер http://insuranceprograms.blogspot.com/2012/08/blog-post_28.html сайтынан алынған.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Ақшаны қай валютада жинаған пайдалы
Ақшаны қай валютада жинаған пайдалы

Ақша жинақталғанмен, оны тұрақты инфляциядан ...

Қазақстанда инфляция үдеді
Қазақстанда инфляция үдеді

2022 жылғы мамыр айының қорытындылары бойынша Қ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру