bs-preloader__icon
ru kz

Шетелде жүрек ауруларын емдеу қанша тұрады: қазақстандықтар үшін бағдар

Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясының мамандары зерттеу жүргізіп, жүрек-қан тамырлары ауруларын әр елде емдеудің шамамен қаншаға түсетінін, сондай-ақ соңғы баға мен ем алу мүмкіндігіне әсер ететін факторларды анықтады.
Шетелде жүрек ауруларын емдеу қанша тұрады: қазақстандықтар үшін бағдар

Жүрек-қан тамырлары аурулары әлі де әлемдік денсаулық сақтау жүйесінің басты сын-қатерлерінің бірі болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мен Денсаулық көрсеткіштерін бағалау институтының (IHME) деректеріне сәйкес, 2023 жылы жүрек және қан тамырлары аурулары әлемдегі өлім-жітімнің шамамен үштен біріне себеп болған — бұл шамамен 19 миллион адам.

Сонымен қатар, ауруға шалдығушылар саны үздіксіз өсіп келеді: ишемиялық жүрек ауруымен 240 миллионнан астам адам ауырады, ал инсульт пен шеткі артерия ауруларымен – жүздеген миллион адам әлем бойынша күресіп жүр. Бұл дерттер әлі де мүгедектік пен мерзімінен бұрын қайтыс болудың басты себептерінің қатарында.

Кардиохирургияның дамуына және емнің қолжетімді болуына қарамастан, жүрек-қан тамырлары ауруларының таралуы артып келеді, әсіресе орта табысты елдерде. Мұнда халықтың қартаюы, күйзеліс деңгейінің өсуі және белсенді өмір салтының азаюы бұл үрдісті күшейтеді.

Қазақстан үшін бұл тақырып кем емес өзекті: қан айналымы жүйесінің аурулары жыл сайын өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Соңғы жылдары медицина айтарлықтай алға жылжыды — инсульт орталықтары ашылды, заманауи кардиологиялық бөлімдер жұмыс істей бастады, жоғары технологиялы операциялардың саны артты.

Дегенмен, нәтижеге көп жағдайда адамның қаншалықты жылдам көмек алуына байланысты. Шұғыл жағдайларда әрбір минут шешуші рөл атқарады, ал күрделі операциялар кезінде тек жабдық қана емес, тар бейінді мамандардан құралған команданың тәжірибесі де аса маңызды.

Шетелде емделу: бағдары мен шындығы

Болжамды әрі жоғары технологиялы ем іздеген қазақстандықтар жиі шетел клиникаларына жүгінеді. Негізгі бағыттар – Түркия, Оңтүстік Корея, Германия, Израиль және БАӘ.

Бұл елдерде жүрекке жасалатын хирургиялық операцияның орташа құны (апталық госпитализация және ұшақпен бару шығындарын қоса алғанда) шамамен 14 500–37 500 АҚШ доллары аралығында өзгереді.

Қазақстанда кардиохирургия белсенді дамып келеді: бүгінде шунттау, стент қою және жүрек қақпақшасын алмастыру сияқты операциялар қолжетімді, өңірлік оңалту орталықтары жұмыс істейді. Шұғыл жағдайларда шешуші рөлді уақыт атқарады — науқас қаншалықты ерте көмек алса, ауыр салдардан аман қалу мүмкіндігі соғұрлым жоғары.

Сондықтан инфаркт немесе инсульт кезінде шетелге барудан гөрі, Қазақстанда дереу ем алу тиімдірек, себебі жолға кеткен қымбат уақыт ем нәтижесіне әсер етуі мүмкін.

Жоспарлы операциялар кезінде барлық шығындарды алдын ала нақтылап алған жөн. Пациенттерге клиникадан операция, анестезия, шығыс материалдары мен оңалтудың құнын қамтитын толық сметаны сұрату ұсынылады. Бұл соңғы есеп күткеннен 20–30% жоғары болып шығатын жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

Қаржылық қауіпсіздік жастығы: сыни аурулардан сақтандыру

Ондаған мың доллар туралы сөз болғанда, сақтандыру – сән емес, қажеттілік. Сыни (ауыр) аурулардан сақтандыру бағдарламалары, соның ішінде Freedom Health, отбасының қаржылық мүмкіндігі мен нақты емдеу құны арасындағы айырмашылықты жабуға мүмкіндік береді.

«Freedom Health бағдарламасы аясында бір адамға дейін 1 миллион АҚШ долларына дейін сақтандыру қарастырылған. Бағдарлама кардиохирургияны, трансплантацияны, толық оңалту курсын және жетекші халықаралық пен отандық клиникалардың дәрігерлерінен екінші медициналық пікір алу мүмкіндігін қамтиды.

Сақтандыру жарнасы айына 9,27 АҚШ долларынан (1–17 жас аралығындағы сақтандырылғандар үшін) және 44,57 АҚШ долларынан (18–64 жас аралығындағы ересектер үшін) басталады. Бұл қарапайым фитнес-абонементтің бағасымен шамалас, бірақ сақтандыру жағдайында қаржылық қауіпсіздік береді», – деп атап өтті Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясының сарапшылары.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру