Wellness Creative Co деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың соңына қарай әлемдік спортзалдар нарығының көлемі 102,2 млрд долларға жетпек, ал фитнес-клуб индустриясының орташа жылдық өсімі шамамен 7,5%-ды құрайды.
Health & Fitness Association (HFA) есебіне сәйкес, әлемде 200 мыңға жуық спортзал мен фитнес-клуб бар. Көшбасшы – АҚШ (55 294 спортклуб), екінші орында – Бразилия (29 525 спортклуб). Бұл көрсеткіш спорт пен дене белсенділігінің миллиондаған адамдар үшін күнделікті әдетке айналып келе жатқанын, ал фитнеске инвестицияның жеке шығындардың негізгі бабының біріне айналғанын дәлелдейді.
Жүгіру қозғалысының орны
RunRepeat зерттеуіне сай, әлемде жыл сайын 2,5 мыңнан 4 мыңға дейін марафон өтеді, оған 11 млн-ға жуық адам қатысады. Жүгірушілердің жартысынан астамы (52–55%) алғаш рет марафондық қашықтыққа шығады. Бұл марафонды тек спорттық емес, ондаған елді біріктіретін әлеуметтік құбылысқа айналдырады.
Фитнес жабдықтары мен цифрлық трендтер
Қазақстандағы фитнес-жабдықтар нарығы да тұрақты өсім көрсетіп отыр. Соңғы 5 жылдағы орташа жылдық өсім шамамен 5,5%-ды құрады, ал 2025–2026 жылдары өсімнің шарықтау шегі 10,25–10,51% деңгейінде күтілуде.
Сонымен қатар фитнес-қосымшалар мен цифрлық сервистер сегменті дамып келеді. Қазақстандықтардың көбі онлайн-жаттығу бағдарламаларын, жеке жоспарларды және нәтижені қадағалау қосымшаларын қолдана бастады. Осылайша, спорт біртіндеп цифрлық өмір салтының бөлігіне айналып келеді.
Қазақстанда қай спорт түрлері танымал
ҚР Туризм және спорт министрлігінің деректеріне сәйкес, елдегі ең бұқаралық спорт түрлері – командалық ойындар. Футболмен 1,1 млн-нан астам адам айналысады, волейболмен – шамамен 768 мың, баскетболмен – 540 мыңнан астам. Ұлттық спорт түрі – қазақ күресімен 160 мыңнан астам адам шұғылданады.
Бұл статистика еліміздегі спорттық өмірдің түрлі бағыттарды қамтитынын көрсетеді, ал бұл өз кезегінде жабдықтар, сервистер және сақтандыру өнімдері сияқты қатарлас нарықтардың дамуына негіз қалайды.
Қазақстанда жүгіру қозғалысы да белсенді дамып келеді. Елде Qazaq Marathon, Almaty Marathon, қысқы «Дорога жизни» марафоны, Astana Marathon және басқа да тұрақты марафондар өткізіледі. Бұл шараларға жыл сайын шамамен 40 мың қатысушы жиналады.
Спорт – инвестиция, ал сақтандырудың рөлі
Әр марафон мен фитнес-залға барудың артында тек жаттығу ғана емес, сонымен қатар қаржылық салымдар да бар. Жарна төлемдері, абонементтер, спорттық жабдықтар, сапарлар – мұның бәрі спортты елеулі шығын бабына айналдырады. Көптеген қатысушылар үшін бұл – бюджет жоспарлауды қажет ететін жоба.
Сондықтан сақтандырудың маңызы артып келеді. Кәсіби спортшылар үшін ол әлдеқашан міндетті талапқа айналған, енді әуесқойлар да өз шығындарын қорғауды ойлай бастады.
Қазақстанда спортпен белсенді айналысатындар, халықаралық жарыстарға қатысатындар немесе жай ғана спортзалға баратындар үшін Freedom Sport бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл – жазатайым жағдайлардан сақтандыру, оны жылға да, қысқа мерзімге де (бір күнге, аптаға немесе айға) рәсімдеуге болады.
«Сақтандыру сомасы 1 млн теңгені құрайтын жылдық полис бағасы бар болғаны 6 125 теңге. Егер бір күнге, мысалы, жарыс уақытына сақтандыру қажет болса, бағасы 306 теңге (1 млн теңге), 508 теңге (2 млн теңге) немесе 709 теңге (3 млн теңге) болады. Қолданылу аумағы – бүкіл әлем. Бұл өнімді халықаралық жарыстарға шығу үшін ыңғайлы етеді. Осылайша, сақтандыру спортшылар өмір ырғағына бейімделген қолжетімді қаржылық қорғау құралына айналады», – деп атап өтті Freedom Life ӨСК аналитиктері.
Бүгінде Қазақстанда 7,5 млн-нан астам адам немесе халықтың шамамен 38%-ы дене белсенділігімен қамтылған. Бұқаралық марафондар мен фитнес индустриясы жаңа қауымдастық қалыптастырып, сонымен бірге денсаулық пен қаржыға саналы көзқарас мәдениетін дамытып келеді.
Спортқа салынған инвестициялар жеке қауіпсіздікке салынған инвестицияларды толықтыратын табиғи элементке айналды. Сақтандыру нарығы үшін бұл – жаңа бағыт, ал спортшылар үшін – инфрақұрылымның үйреншікті бөлігі.