bs-preloader__icon
ru kz en

Freedom Finance Life кредиттік рейтингі «В» деңгейінде расталды

S&P Global Ratings өмірді сақтандыру компаниясы Freedom Finance Life қаржылық тұрақтылығының ұзақ мерзімді несиелік рейтингін халықаралық шкала бойынша «В» және ұлттық шкала бойынша «kzBBB-» деңгейінде растады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
Freedom Finance Life кредиттік рейтингі «В» деңгейінде расталды

Бұл рейтингтік әрекет ағымдағы жылдың 17 мамырында Freedom Finance Life компаниясының иесі Тимур Турловтың сақтандыру компаниясын бақылауды өз бизнесінің брокерлік бөлімшесі – қазақстандық «Фридом Финанс» АҚ-на беруінен кейін жасалды.

Меншік құрылымының өзгеруінен кейін ӨСК-нің ағымдағы рейтингтері және олардың оң болжамы сақталды, өйткені рейтингтік агенттік бас құрылымның әсерінен компанияның капиталына, табыстылығына немесе инвестициялық портфеліне қандай да бір қысымды күтпейді. Рейтинг агенттігі Freedom Finance Life-тың дербес несиелік профилі тұрақты болып қалады деп есептейді.

«Біздің ойымызша, холдинг құрамындағы сақтандыру компаниясы топ ішінде бизнесті әртараптандыруды көздейтін брокерлік компанияның бизнесті дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Дегенмен, біз екі компанияның қол жеткізген интеграция деңгейін әлі бағалай алмай отырмыз. Холдингпен тығыз қарым-қатынас сақтандыру компаниясының жұмысына оң әсер етуі мүмкін, өйткені брокерлік компанияның меншікті несие қабілеттілігінің сипаттамалары жақсарады» - деп хабарлайды S&P Global Ratings.

Рейтингтік агенттіктің Freedom Finance Life (FFL) тұрақты кірістілігіне оң көзқарасы бар. 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша компанияның активтерінің табыстылығы 9,6%, меншікті капиталдың кірістілігі 66%, инвестицияның кірістілігі 8,7% құрады.

Агенттік компанияның таза табысы орташа есеппен жылына 5-6 млрд теңге шамасында болады деп күтеді, бұл ретте меншікті капиталдың кірістілігі 32% және активтердің кірістілігі 5%. Агенттіктің болжамы бойынша, FFL инвестициялық кірісі шамамен 8-10% құрайды, бұл компанияға инвестициялық құрамдас бөлігі бар сақтандыру шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.

«Freedom Finance Life рейтингтерін растау және олар бойынша оң болжамның жалғасуы біздің компанияның 2021-2022 жылдардағы жұмысына жоғары баға берілгенін көрсетеді. Ағымдағы жыл бізге Қазақстанның сақтандыру нарығының өсуі мен дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Сапалы, технологиялық қызмет пен қолайлы жағдайлардың арқасында біздің компанияға сенім артушылардың қатары қарқынды өсуде. Бүгінгі күні біз 390 мыңнан астам қазақстандықты сақтандырумен қамтамасыз еттік. Біз сенімді және қауіпсіз болашақ үшін адамдар үшін ең жақсы шешімдерді әзірлеуді және жасауды жалғастыруды жоспарлап отырмыз» - деп пікір білдірді Freedom Finance Life-тің басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру – өтіп бара жатқан жылдың тренді

Бүгінгі күні өмірді ұзақ мерзімді сақтандыру ...

Актуарийлерге бізде әрдайым жол ашық
Актуарийлерге бізде әрдайым жол ашық

Қазақстанда алғаш рет «Қазақстан актуарийлер...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру